СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дәмді алмалар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка дошкольников по теме "Дәмді алмалар"

Просмотр содержимого документа
«"Дәмді алмалар"»

Мектепке дейінгі ортаңғы топтарына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:02.09.15

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Дәмді алмалар.

Мақсаты: Алманың суретін сала білуді үйрету.Алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу. Жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен сызықтар жүргізе отырып толық ,тегіс бояуға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.жеміс- жидектерге деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: күз мезгілінің суреті, ыдыстағы алманың суреті

Сөздік жұмысы: алуан, әр түсті, әртүрлі.

Іс –әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Қызыл- жасыл, қарасын Қолға кезек аласың. Қарындашпен әртүрлі, Алуан сурет саласың. Қарындаштың көмегі, Міне, қандай көп еді. Ұштай біл де, ұстай біл, Түрлі өрнек төгеді.

( Н. Айтов.)

Өлең жолда-

рын қимылмен көрсетеді. Қылқалам мен қарындашты естеріне түсіріп,ұстап көріп, сұраққа жауап береді.

Ұйымдас-тыру, іздену

(Баяу ойнайтын әуен қоюға болады) -Қылқаламды үш саусақпен ұстап. суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, алманы толық бояп шығамыз .Енді қылқаламды жуып, қоңыр бояуға салып, алманың сабағын саламыз. Алманың ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып жоғарыдан төмен қарай жүргіземізБой сергіту: Қолды үстелге қоямыз, Саусақтарды санаймыз.

1,2,3,4,5 - 1,2,3,4,5

Екі қолды қос.

(Екі рет қайталауға болады).

Балалар педагогтің үйретуі бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды. Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.

Рефлексивті – түзету енгізу

Педагог сұрақтар арқылы оқу іс- әрекетін пысықтайды.- Қараңдаршы, балалар, алмаларымыз әр түсті болып шықты (тақтаға балалардың жасаған жұмыстары ілінеді). Қызыл, сары, жасыл алмалар- бір сөзбен әр түсті, алуан- алуан түсті деп атауға болады. “Алуан” сөзін қайталатып айтқызады. Балалар жұмысын талдап мадақтайды.

Балалар толық жауап береді. Жеке -жеке жауап алынады. Мысалы: Мен алманың суретін салдым. Алма- жеміс, ол ағашта өседі. (Дыбыстарды дұрыс айтпаса, педагог өзі бір рет айтып, балаға қайталатады).

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай біледі.

Игереді: Жоғарыдан төмен қарай сызық сызуды.

Меңгереді: Алманың суретін салуға дағдыланады.