СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Әдемі дала гүлі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Әдемі дала гүлі"»

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 28 .02.2020

Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А

Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

Пән / Предмет: Құрастыру

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Тірі және өлі табиғат

Тақырыбы / Тема: "Әдемі дала гүлі "

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная: :Балаларды конструктормен жұмыс жасап щеберліктерін арттыру,қиялдарын жетілдіру.

2.Дамытушылық – развивающая: Әдемі гүл жасай отырып, балалардың қиялдарын дамыту.Әсемдікпен сұлулыққа баулу.Балалардың дала гүлдері жайлы, түсініктерін кеңейту.

3. Оқыту – обучающая : Конструкторларды құрастыра отырып, бала өз қиялын ұшай алады. Гүлдің сабағын, жапырағын, күлшесін жасай білуге үйрету. Балаларға бағыт бағдар беру.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, денсаулық сақтау технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Интербелсенді тақта, конструкторлар,

Көп тілділік полиязычие: гүл-цветок-flower, әдемі-красивый-beautiful

Жеке жұмыс:Николаева Линарамен

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Қонаққа қуыршақ жігіт келеді, балалармен амандасады, Қуыршық жігіт көмек сұрай келгенін айтады. Жақында 8 наурыз аналар мерекесі болады, соған өз қолымнан гүл силағым келеді, бірақ қалай жасау керек екенін білмеймін.Көмектесесіндер ме?

Тәрбиеші: уайымдама қуыршақ біз саған көмектесеміз.Біздің балалар әдемі гүлді қалай жасау керек екенін көрсетеді.

2.Негізгі бөлім

Қолыма даладан жинап алған күзгі (қызыл, сары түсті) жапырақтардан гүл шоғы. Балалардан қолымнан не көріп тұрғанын сұраймын,

Балалар: әдемі гүл шоғын көріп тұрғандарын айтады.

жапырақтардың түсіне қарап жылдың қай мезгілі екенін сұраймын.

Балалар сендер қандай гүлдердің аттарын білесіңдер? (балалардың жауабы: раушан,қызғалдақ,түймедақ)

Балалардың назарын тақтаға аудару.

Балалар тақтаға қарандаршы ненің суретті қандай гүлдер?

Гүлдердің тамыры, сабағы, жапырағы күлтесі болады.

Гүлдер дала гүлдері,бақша гүлдері,бөлме гүлдері болып.

Дала гүлдері өздеріміз білетін бәйшешек, қызғалдақ,сарығалдақ,түймедақ,бақбақ гүлдері.

Бөлме гүлдеріне: фикус,қытай розасы,алоэ және оданда бас гүлдер жатады. Дала гүлдері күтімді қажет етпейді.

Ал, бөлме гүлдері күтімді қажет етеді.оны күнделікті су құйып,топырағын қопсытып,шаңын сүртіп тұрмаса гүл өліп қалуы мүмкін. Гүлдерді жайдан жай өсірмейді.Адам оған қарап шаршағанын басады.Гүлге қарап отырып демаласың.Гүлдердің емдік қасиеттері де бар .олардан түрлі-түсті жақпа майлар,күнделікті сусабын,әтір жасауға болады.гүлдердің хош иісі бар.гүлдердің адамға пайдасы мол.Ол ауаны тазартып тұрады.

Балалар гүл туралы тақпақ айтақық

Гүлдер, гүлдер не түрлі,

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді.

Балаларға Жұмбақ жасырамын.

Құлпырса , қадірлейді, аялайды ,

қураса , сыпырғышқа жарамайды .(гүл)

Балалардың назарын өзіме аударамын.

Ойын: "Не артық?"

 Шарты:Суретпен жұмыс. гүлдерге қарап үй гүлі немесе дала гүлі екенін ажыратып және артығын атап айтамыз.

(балалар ойынды қызыға ойнайды,ойын барысында барлық баланы қатыстырамын)

Тапсырма: "Гүл құрастыру"

Балалар енді осы гүлдерді алдымызда жатқан конструкторлармен құрастырайық.Міндетті түрде гүлдің сабағы жапырағы және күлшесі болу керек.

Балалар алдарында жатқан конструктормен өздеріне ұнайтын түсті тандай отырып, гүл құрастырады.

Жеке жұмыс: Мансұр,Санжар,Диармен жеке жұмыс жүргізілді сөздерді толық айтуға, отырғанда денесін тік, дұрыс отыруға қадағалау.

Сергіту сәті:

Гүл өсірем үйде(жоғары қол көтереді)

Су құямын гүлге(қолмен су құяды)

Гүл күткенді біледі(тербеледі)

Бойын сылап күледі( бойын қолымен сыйпайды)

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады(қолын желпейді)

Көп тілділік полиязычие: гүл-цветок-flower, әдемі-красивый-beautiful

Қуыршақ жігіт саған біздің балалардың жасаған гүлдері саған ұнады ма?

Қуыршақ: балалар гүлдерің ұнады, анамның мерекесіне осындай гүл жасап беремін

3.Қортынды

Балалар қараңдаршы біз не жасадық? Дұрыс айтасыңдар, Гүліміз өте әдемі шықты. Балаларды мақтап- мадақтаймын. Сұрақ жауап арқылы қортындылаймын.




Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»







Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

Пән / Предмет: Құрастыру







Тәрбиеші : Садвокасова В.А.














Костанай қ 2020 оқу жылы