СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дүниетану. Ашық сабақ "Жапырақ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары "Жапырақ". Бастауыш сыныптар.

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану. Ашық сабақ "Жапырақ"»

Дүниетану

Сабақ тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты: жапырақтың түрлерімен таныстыра отырып, оның құрылымын, қызметін меңгерту, іс-тәжірибеде қолдану, табиғатты аялауға баулу



Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту

  1. Психологиялық ахуал

  2. Ауа райын бақылау

ІІ Мағынаны тану

  1. Пысықтау: Сұрақтарға жауаптар алу

-Өсімдік қандай организм?

А. Өлі В. Шірінді С. Тірі

-Өсімдік қандай топтарға бөлінеді?

А. Тірі, өлі В. Шөп, бұта, гүл С. Шөп, бұта, ағаш

-Өсімдік мүшелеріне не жатады?

А. Тамыр В. Топырақ С. Су, қант

-Тамыр қандай қызмет атқарады?

А. Өсімдікті топыраққа бекітеді

В. Өсімдік бойын ұстап тұр

С. Су тартады

-Сабақ қандай қызмет атқарады?

А. Өсімдікті топыраққа бекітеді

В. Өсімдік бойын өсіреді

С. Қоректік заттарды өсімдік бойына береді

2. Видео-сюжет тамашалау:- Жапырақ

- Өсімдіктің қандай мүшесімен таныс болдыңдар?

-Жапырақ өсімдіктің қандай мүшесі болып табылады?

-Жапырақтың қандай маңызы бар?

3. Топпен жұмыс: -Ақпаратпен жұмыс істеу- Кластер құру

(әр топқа жаңа тақырып бойынша ақпараттар беріледі, оны түсініп оқып талдайды-кластер құрады)

І топ-Жапырақтың түрлері

ІІ топ- Жапырақтың атқаратын қызметі

ІІІтоп- Жапырақтың құрамы

ІV топ- Фотосинтез

-әр топтан бір оқушы шығып түсіндіріп шығады

4. «Екі жақты күнделік»-бір карточкада ұғым, ал екіншісінде анықтама

Жапырақ арқылы- өсімдік тыныс алады

Крахмал мен қант- жапырақта болатын қоректік заттар

Хлорофилл- жапыраққа жасыл түс беретін зат

Хлорофилл- күннің сәулесінен, жылуынан пайда болады

Крахмал мен қант- ауа, су, күн сәулесінің әсерінен түзіледі

Жапырақ - көмірқышқыл газын жұтады

Жапырақ көмірқышқыл газын жұтып- оттегін бөліп шығарады

Жапырақтағы артық су буланып- өсімдікті қызып кетуден сақтайды

Орманды- ғаламшардың «өкпесі» деп атайды

Жапырақ- сабақ пен бұтақта орналасады

Фотосинтез дегеніміз- көмірқышқыл газы, су, күн сәулесі

әсерлерінен оттегінің түзілуі

5. Сергіту сәті

6. Практикалық тапсырма:-жапырақтың түрлеріне қарап қандай ағаш екенін анықтау

ІІІ Ой*-толғау

«5 жолды өлең»

1.не? Жапырақ

2.өседі, өледі, жұтады, шығарады

3.әртүрлі, түсті, пайдалы т.б

4.таза ауа, тіршілік бастауы, өсімдік мүшесі

5.Жапырақ өсімдіктің негізгі, маңызды мүшесі