1-тапсырма. Оқылым Мәтінді оқы Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 30 жылдың ішінде тәуелсіз Қазақ еліміздің жетістіктері қаншама. Тарихты еске түсірсек: 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» қабылданды. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 1994 жылы Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезім кернейді. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтуы тиіс. 2-тапсырма Мәтінге тақырып қоямыз Мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтаймыз. Негізгі ақпарат | Қосымша ақпарат | 1. | 1. | 2. | 2. | Дескриптор: Мәтіннің мазмұнын түсінеді Мәтінге тақырып қояды. Мәтіндегі ақпаратты ажыратады. 3-тапсырма Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып кластер жаса. Дескриптор: Сергіту сәті «Иә, жоқ» әдісі арқылы жылдам сұрақтар қою І. Ойлан тап 1 минут ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру. 1. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?( иә) 2. Елтаңбаның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев па?(жоқ) 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков пе?(иә) 4. Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба? (жоқ) 5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында қырын бүркіт, күн, ұлттық ою - өрнек бейнеленген бе? (жоқ) 6. Қайрат Рысқұлбеков жазушы ма?( жоқ) 7. Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев желтоқсанның қарлығаштары ма?(иә) 8.Тәуелсіздікке биыл 30 жыл толады ма? (иә) 9. Қазақ хандығын ең алғаш құрған Керей мен Жәнібек хан ба? (иә) 10. Тіл ұлттық құндылық па? (иә) 4-тапсырма. Мәтіннен бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздерді теріп жазыңыз. Бірге жазылатын сөздер | Бөлек жазылатын сөздер | | | Сабақты бекіту: «Бағалау парақшасы » арқылы оқушылардың тапсырмаларын орындау деңгейін қадағалап, сабақты бекітемін. Үй жұмысы | 2-тапсырма Мәтінге тақырып қою | Негізгі ақпарат | Қосымша ақпарат | 3-тапсырма Кластер жасау | Сергіту сәті | 4-тапсырма. Бірге, бөлек жазылатын сөздер | 1 | | | | | | | Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі. Бас бармақ – неден қиналдыңыз? Балан үйрек – кімге көмектестіңіз? Ортан терек – бүгінгі сабақтан не алдыңыз? Шылдыр шүмек –не үйрендіңіз? Кішкене бөбек –қандай жетістікке жеттіңіз? |