СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Тыңайтқыштар

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың барлығы: Минералды тыңайтқыштардың түрлерін біледі.

Оқушылардың басым көпшілігі: Минералды тыңайтқыштың құрамындағы азот, калий,фосфордың маңызы менн ерекшеліктерін түсінеді.

Оқушылардың кейбірі: Өсімдіктің  мүшелеріне  қарап қандай элемент жетіспей немесе мөлшерден тыс көп екендігін ажырата алады

Просмотр содержимого документа
«Элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Тыңайтқыштар»

Пән: биология

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4.2

Мектеп: «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп МДШО» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абишова Г.М.

Сынып: 7


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

__

__

Сабақ тақырыбы


Элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Тыңайтқыштар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


7.4.1.4 Минералды тыңайтқыштардағы азот, калий, фосфордың өсімдіктер үшін маңызын оқып білу



Сабақ мақсаттары


Оқушылардың барлығы: Минералды тыңайтқыштардың түрлерін біледі.

Оқушылардың басым көпшілігі: Минералды тыңайтқыштың құрамындағы азот, калий,фосфордың маңызы менн ерекшеліктерін түсінеді.

Оқушылардың кейбірі: Өсімдіктің мүшелеріне қарап қандай элемент жетіспей немесе мөлшерден тыс көп екендігін ажырата алады.


Ойлау дағдыларының дең деңгейі

Білу және түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

1. Өсімдіктер үшін минералды тыңайтқыштар құрамындағы азот,калий және фосфордың маңызы түсінеді.

2. Өсімдіктерде қандай өзгеріс болатынына болжам жасай алады.

3. Адам өміріндегі, табиғаттағы маңызының ерекшеліктерін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар


Азот,калий, фосфор, суперфосфат, нитроген

Құндылықтарды дарыту


Тапсырмалармен жұмыс жасау барысында экология маңыздылығын өзіңе сіңіреді, топтық жұмыс арқылы бір-біріне деген құрмет арта түседі.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген эконмикалық өсу.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану, химия, математика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім


Топырақ, тыңайтқыш, химиялық элемент, минералды заттар не екенін білуі керек


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері




Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут




2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу


Ой қозғау: Жекелей жұмыс.

Мына сөздерді ретімен орналастыр:

Көмірсу, азот, нәруыз, оттегі, қант, темір, май, калий, нуклеин қышқылдары, сутек, селитра, фосфор.

Бейорганикалық заттар

Бейорганикалық заттар




Дескриптор:

  • Бейорганикалық заттарды біледі және атайды.

  • Органикалық заттарды біледі және атайды.

Топқа бөлу: 3 топқа топтастыру мақсатында 3 түрлі құттықтау қағаздарын (открытка) оқушы санына қарай қиып, үлестіру. Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды.









Әр оқушы өз бетімен орындайды.

Бірінші орындаған оқушыларға жұлдызша беріледі (ҚБ)*.







Сабақтың ортасы

5 минут
















15 минут






























7 минут













11 минут

















№1 тапсырма.

Мына суреттерден не көріп тұрсындар. Ойларыңды қорытып, дәлелдеңдер:

Жаңа тақырып туралы айтылып, оның мақсаты түсіндіріледі және сабақтың оқу мақсаты айтылады.



№2 тапсырма. Топпен жұмыс.

Міне, балалар! Мына суреттердегі өсімдіктер элементтердің жетіспеуінен қурап қалған.

Демек жапырақтардың қай элементтердің жетіспеуінен осы күйге ұшырауын білу үшін Сіздерге, қосымша деректер ретінде арнайы мәтіндер беремін. Әр топ осы мәтінмен жұмыс жасайды. Алдымен, топ ішінде жұптық жұмыс (бір-біріне түсіндіреді), топта талқылайды. Әр топтан 1 оқушы ДЖИГСО әдісі арқылы өз мәтіндерін басқа топта түсіндіреді, оларға тыңдаушы топ мүшелері смайлик береді.

І топ. Өсімдіктерде элементтердің жетіспеуі

ІІ топ. Бейорганикалық тыңайтқыштар

ІІІ топ. Тыңайтқыштарды себу ережелері



№3 тапсырма. Топпен жұмыс

І топ. Тізімдегі органикалық тыңайтқыштарды бөліп жазыңыздар: азот селитрасы, күл, құс саңғырығы, торф, қарашірік, суперфосфат, қи, көмір, шымтезек, нитраген, сүйек ұны.

ІІ топ. Тізімдегі минералды тыңайтқыштарды бөліп жазыңыздар: азот селитрасы, күл, құс саңғырығы, торф, қарашірік, суперфосфат, қи, көмір, шымтезек, нитраген, сүйек ұны.

ІІІ топ. Тыңайтқыштардың өсімдік үшін рөлі неде? (оқулықпен жұмыс)



№4 тапсырма.

Код арқылы сәйкестендіру жұмысы.

Мына сипаттамаларға тән тыңайтқыш түрлерін тұсына рет санын қою арқылы анықтаңыздар.

  1. Жемістің пісу мерзімін қысқартады. (Р)

  2. Суыққа төзімділігін арттырады. (К)

  3. Қант мөлшерін арттырады. (Р, К)

  4. Сабақ пен жапырақтың өсуін күшейтеді (N)

  5. Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді (К)

  6. 6. Жетіспеуінен жапырақ бозғылт түске айналады (N)

  7. 7. Жетіспеуінен жапырақ астында көк-жасы, көгілдір түс пайда болады (Р)

  8. 8. Жетіспеуінен қою жасыл түс, кеін шеті сарғайып, күреңденеді (К)

  9. 9. Фотосинтез қарқындылығы төмендейді (N)

І.

Азот тыңайтқышы


ІІ.

Фосфор тыңайтқышы


ІІІ.

Калий тыңайтқышы


Дескрипторлар:

1

Минералды тыңайтқыштарды біледі, түрлерін ажыратады.


2

Минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызы неде екенін біледі.


3

Өсімдіктерге қандай элементтердің жетіспейтінін нақты айтады.


Мұғалім сабақты қорытуда дебрифинг жүргізеді, топ мүшелерін бағалайды. Әр топқа кері байланыс береді.











Оқушы жауабына «өте жақсы», «жақсы» деген ауызша сөздермен

кері байланыс беріледі.





















Бұл өсімдік жапырақтарына не болғаны туралы оқушылар өз ойларын айтады.

Оқушы жауабына

смайликтер (ҚБ) беріледі.

өте жақсы ... ...толықтыруды қажет етеді

әлі де іздену керек...













«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісі арқылы бағалау жүргізілді. (ҚБ)





















«Басбармақ» әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. (ҚБ)*



Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс «Нысана»

Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет?»





Оқушылар жаңа сабақ бойынша өз пікірлерін стикерге жазып, жабыстырады.

1 минут

Үйге тапсырма: параграф 15 оқу, соңында берілген тест жұмысын орындау;

Сары түсті шеңберге өз стикерлерін жабыстырған оқушыларға зерттеу жұмысы: «Бөлме өсімдіктерімен жұмыс жүргізу»







































Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы























Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?