Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 7 минут 11 минут | №1 тапсырма. Мына суреттерден не көріп тұрсындар. Ойларыңды қорытып, дәлелдеңдер:  Жаңа тақырып туралы айтылып, оның мақсаты түсіндіріледі және сабақтың оқу мақсаты айтылады.
№2 тапсырма. Топпен жұмыс. Міне, балалар! Мына суреттердегі өсімдіктер элементтердің жетіспеуінен қурап қалған.  Демек жапырақтардың қай элементтердің жетіспеуінен осы күйге ұшырауын білу үшін Сіздерге, қосымша деректер ретінде арнайы мәтіндер беремін. Әр топ осы мәтінмен жұмыс жасайды. Алдымен, топ ішінде жұптық жұмыс (бір-біріне түсіндіреді), топта талқылайды. Әр топтан 1 оқушы ДЖИГСО әдісі арқылы өз мәтіндерін басқа топта түсіндіреді, оларға тыңдаушы топ мүшелері смайлик береді. І топ. Өсімдіктерде элементтердің жетіспеуі ІІ топ. Бейорганикалық тыңайтқыштар ІІІ топ. Тыңайтқыштарды себу ережелері
№3 тапсырма. Топпен жұмыс І топ. Тізімдегі органикалық тыңайтқыштарды бөліп жазыңыздар: азот селитрасы, күл, құс саңғырығы, торф, қарашірік, суперфосфат, қи, көмір, шымтезек, нитраген, сүйек ұны. ІІ топ. Тізімдегі минералды тыңайтқыштарды бөліп жазыңыздар: азот селитрасы, күл, құс саңғырығы, торф, қарашірік, суперфосфат, қи, көмір, шымтезек, нитраген, сүйек ұны. ІІІ топ. Тыңайтқыштардың өсімдік үшін рөлі неде? (оқулықпен жұмыс)
№4 тапсырма. Код арқылы сәйкестендіру жұмысы. Мына сипаттамаларға тән тыңайтқыш түрлерін тұсына рет санын қою арқылы анықтаңыздар. Жемістің пісу мерзімін қысқартады. (Р) Суыққа төзімділігін арттырады. (К) Қант мөлшерін арттырады. (Р, К) Сабақ пен жапырақтың өсуін күшейтеді (N) Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді (К) 6. Жетіспеуінен жапырақ бозғылт түске айналады (N) 7. Жетіспеуінен жапырақ астында көк-жасы, көгілдір түс пайда болады (Р) 8. Жетіспеуінен қою жасыл түс, кеін шеті сарғайып, күреңденеді (К) 9. Фотосинтез қарқындылығы төмендейді (N) І. | Азот тыңайтқышы | | ІІ. | Фосфор тыңайтқышы | | ІІІ. | Калий тыңайтқышы | | Дескрипторлар: 1 | Минералды тыңайтқыштарды біледі, түрлерін ажыратады. | | 2 | Минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызы неде екенін біледі. | | 3 | Өсімдіктерге қандай элементтердің жетіспейтінін нақты айтады. | | Мұғалім сабақты қорытуда дебрифинг жүргізеді, топ мүшелерін бағалайды. Әр топқа кері байланыс береді. |
Оқушы жауабына «өте жақсы», «жақсы» деген ауызша сөздермен кері байланыс беріледі.
Бұл өсімдік жапырақтарына не болғаны туралы оқушылар өз ойларын айтады. Оқушы жауабына смайликтер (ҚБ) беріледі. өте жақсы ... ...толықтыруды қажет етеді әлі де іздену керек...
«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісі арқылы бағалау жүргізілді. (ҚБ)
«Басбармақ» әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. (ҚБ)*   
|