Ер есімі – ел есінде
Ұлы жеңіске
70 жыл
Радиодан: 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды.
Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?!
Ақыры олардың үміті мен сенімі аяқталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс қолында
Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті, бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істері мен Отан үшін күрескенбатырларымызға бас иеміз!
Ұлы Отан соғысы (1941-1945)
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста
Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.
1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған.
Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
1910-1982 ж
Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.
Төлеген Тоқтаров
Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры
1920- 1942 ж
Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді .
1919- 1942 ж
Әлия Молдағұлова
Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
1924-1944 ж
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев
Ұлы соғыс – төрт жыл адам төзгені, Дерт пен ыза тірі дене сезгені. Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз, Екі аяқты елдестен өзгені. Ет қызуы енді бір сәт басылған, Бақсаң егер, ажалына бас ұрған. Ел зұлматы жер астында өртеніп, Күн көзімен күн сүйегін жасырған. - Жеңіс! Жеңіс! Бір сыбаға баршылық! Қуаныңдар қалды жуық қарлы алып! Осылайша отты салют берген-ді, Біздің елден жаңа тарих жыр салып.
Сүйінші елім, сүйінші! Арылтып жаудан жерімді. Табанға жаншып өлімді, Жеңіспен желпіп өмірді. Оралды ерлер көңілді, Десеңдер бұл қай күні? 9 май күні. Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады, Өз туған халқының өнерін қорғады. Ақ сүт берген анасын қорғады, Ақ самал ескен даласын қорғады. Пәк жүзді баласын қорғады.
Балқаш қаласының ардагерлері
Қаңтар айының 31 күні ЖББ №5 ОМ 6А сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге Желтоқсан көшесінде тұратын Ворошилов Григорий Василиевичпен кездесіп қайтты. Соғыс ардагері Ворошилов Григорий Василиевич 10.02.1925 жыл дүниеге келген. 1943 жылы 18жасында Новосибирск қаласынын соғысқа аттанғаны және «№67Александринская Красноармейская бригадасында » әскери борышын атқарғаны, соғыс кезінде кеудесінен және басынан жарақат алғандығын ,сұм соғыстың зардаптары жайлы тебірене отырып айтып берді.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Сіздер жасаған ерлік
мәңгі біздің жадымызда!