Эссе
«Білім ғана жүрекке шырақ жағар»
« Абай қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар, ол - қазақ халқының ел болуына ұлан- ғайыр еңбек еткен дана. Абай-әлемдік ойшылардың қатарындағы ғажайып тұлға», - деп тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, Абайды ауызға алғанда, қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі кезеңі көз алдымызға келеді. Абайдай ірі де күрделі тұлғаның жалпы дүниетанымын түсіну, оның баға жетпес қыруар әдеби мұрасын жетік білу ұрпақтан- ұрпаққа ұласар үлкен жұмыс. Абай менің ең сүйікті ақыным. Мен оның шығармаларың сүйсіне оқимын.Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Мен Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймын. Мен үшін Абай өткен күннің ғана емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында ақын онымен бірге болды – ал мұндай ақын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды. Ғылым –білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл- таразы. Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмтылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.Ақынның өз шығармаларында жастарды оқу-білімге шақыруы, қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі.
Абайды зерттеген ғалымдар оны "халық ұстазы" деп бекер айтпаған деп ойлаймын. Шынында,ақынның шығармашылық мұралары - халықтың рухани қазынасы,тәлім-тәрбие өзегі. Ақын бар ойын ел болашағы, жастарға арнаған еді. Жастарды халқына адал қызмет ететін, нағыз азамат - болу тәрбиелеуді армандады .Көпшілігіміз білетін:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-деген жолдарының өзінде-ақ оқу-білімге, өнерге шақарады .Шығармаларында жастарды оқу-білімге шақыру қазір де өзекті,тіпті қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды деп білемін.Иә,қазіргі таңда сол земандағы халық надан емес.Алайда,бір күнін босқа өткізіп жатқан жастар жетерлік.Ондай жастарға ақынның:
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,-деп үгіт жасағым келеді. Сонымен қатар,өзін түгелімен ғылымға арнап, бірнеше тіл біліп,елімізде ғана емес, шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес. Соларға қарап өзім де бір марқайып қаламын. Білімді жастар саны көбейе берсін айтқым келеді.
Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, білүге болады.Ол - қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Ол кіршіксіз, таза, терең сезіміне үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлады. Поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Талантты тұлға поэзияға түрлі өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай адамдар мен халықтар арасындағы татулықты дәріптеді. Тек татулық бар жерде ғана әділет болады. Абай адамзатты әділеттікке шақырады. Абай айтқандай адам бойында ақыл да, қайрат та, жүрек те болу керек дейді. Ақын өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайды, ғасырлар бойы өз елін, қазағын жаңа биіктерге шақырады. Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет. Абай тойы – ел тойы, халық тойы,сондықтан да еліміздің түкпір-түкпірінде ұлы ақынның 175 жылдық мерей тойы аталып өтілүде. Абайды оқу- елдің алдымызда тұрған игі міндет, абыройлы міндет, биік парыз. Ол - туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі. Абай – теңдесі жоқ ақын, аса дарынды композитор, ойшыл философ, қай жағынан алғанда да жаңашыл, реформатор, халқымыздың отандық, тіпті дүниежүзілік мәдениет тарихынан ерекше орын алған ұлы тұлға.Бұл жайында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге!»- деуі келешек ұрпаққа. Абайды оқу барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан-теңіз екені айтылады.