СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Емтихан материалы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Емтихан материалын 9,11 сынып оқушыларына ұсынуға болады. Материалдв қазақ тілінен лексикалық сұрақтар мен грамматикалық бөлім берілген.

Просмотр содержимого документа
«Емтихан материалы»

Мемлекеттік емтихан бойынша оқушыларға арналған

қосымша лексикалық сұрақтар мен жауаптар


1. Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы-Еуразия құрлығында орналасқан. ҚР-ның жер аумағы-2,724 900 км. Қазақстан-Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен шектеседі. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы (9) орын алады. Астанасы-Астана қаласы. Қазақстанның әкімшілік құрылымы 14 облыстан тұрады. Республикалық маңызы бар қалалар: Астана, Алматы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге. (1993 жылы 15 қарашада енгізілді). ҚР-ның Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2. Мемлекеттік тіл. ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» Заңы қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе (статус) берілді. Қазақстанның әрбір азаматының міндеті – мемлекеттік тілде сөйлеу және мемлекеттік тілді құрметтеу. Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі –араб, латын, кириллица жазу түрлерін қолданған. Елімізде Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте аталады.

3. ҚР-ның Конституциясы. 1995 жылы ҚР-ның Конституциясы қабылданды. Конституция 9 бөлімнен, 98 патан тұрады.

4. Қазақстан спортшылары: Жақсылық Үшкемпіров (еркін күрес); Безат Саттарханов, Данияр Артаев, Серік Сәпиев, Ермахан Ыбрайымов (боксшылар); Илья Ильин, Мая Манеза (ауыр атлетикашылар); Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова (жеңіл атлетикашылар); және т.б.

5. ҚР-ның Мемлекеттік мерекелері. 16-17 желтоқсан-Тәуелсіздік күні; 1-2 қаңтар-Жаңа жыл; 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні; 21-23 наурыз-Наурыз мейрамы; 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні; 9 мамыр-Жеңіс күні; 6 шілде-Астана күні; 30 тамыз-ҚР Конституциясы күні; 1 желтоқсан-ҚР тұңғыш Президенті күні;

6. Қазақстан Республикасының рәміздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту, әнұран, елтаңба. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Жаңа мемлекеттік әнұран 2006 жылы қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Елтаңбаның ортасында шаңырақ, пырақтар, уық бейнеленген. Жоғары жағында жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлибеков. Мемлекеттік туымыздың түсі – көгілдір. Тудың ортасында алтын күн және қыран құс, сол жағында ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Тудың ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

7. Қазақстан тарихындағы астаналар. Олар: Орынбор, Қызылорда (Ақмешіт), Алматы.

8. Қазақстанның өзен-сулары. Өзендер (реки): Ертіс, Тобыл, Есіл, Сырдария, Іле, Шу. Көлдер (озера): Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Бурабай. Теңіздер (моря): Каспий, Арал теңіздері.

9. Астана қаласы. Астана қаласы-Сарыарқа өңірінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. 1998 жылы Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Астананың рәмізі - Бәйтерек. Бәйтерек- әсем,биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана ең сұлу жас қала. Астанада театрлар, Президент мұражайы, цирк, «Думан», «Конгресс Холл», «Жастар» орталығы, т.б. ойын-сауық орындары көп. Астана күннен-күнге гүлденуде. Астананың болашағы зор.

10. Теміртау қаласы. Менің қалам - Теміртау. Теміртау қаласы Қарағанды облысында орналасқан. Теміртау металургтер қаласы. Біздің қалада ҚР-нің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын бастаған. Біздің қалада: Балалар мен жасөспірімдер театры; тарихи-өлкетану мұражайы; қалалық мәдениет Сарайы; мәдениет және демалыс паркі; тұңғыш Президентке арналған мұражайы; көптеген көрнекті жерлер бар.

11. Қазақ хандары: Абылай хан, Әбілхайыр хан, Тәуке хан, Жәңгір хан, Есім хан, Қасым хан.

12. Қазақтың атақты батырлары. Қобыланды, Қазтуған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар.

13. Ұлы Отан соғысының батырлары: Талғат Бигелденов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев.

14. Қазақ халқының ұлы ғұламалары. Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари.

15. Қазақтың атақты билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

16. Қазақтың ақын-жазушылары. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов және т.б.

17. Шоқан Уәлиханов (Мұхаммедханафия) – тұңғыш ғалым, тарихшы, географ, этнограф, саяхатшы, зерттеуші, заңгер, әдебиетші, ағартушы-демократ. Қостанай облысында дүниеге келген. Оның еңбектері: «Ыстықкөл күнделігі», « Жоңғария очерктері»

18. Ахмет Байтұрсынов – тілші, ғалым, ақын, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы. Ол тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе, «Тіл құралы» оқулығын жазды.

19. Ыбырай Алтынсарин – аудармашы, ақын, ағартушы-ұстаз, қазақтың ұлттық педагогикасының негізін қалаушы. Қазақ мектептерін ашты. «Қазақ хрестоматиясын» жазды.

20. Қоғам қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов (саясатшылар).

21. Қоғам ғалымдар: Қаныш Сәтбаев (ғалым, геолог), Әлкей Марғұлан (тарихшы, архиолог).

22. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.

23. Қазақтың атақты күйшілері: Тәттімбет, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев.

24. Әбілхан Қастеев – суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы.

25. Шәкен Айманов – Қазақстан кино өнерінің дамуына үлкен еңбек сіңірген дарынды режиссер, ұлы актер. 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Айманов есімі берілді.

26. Қазақстан спортшылары: Жақсылық Үшкемпіров (күресші), Серік Қонақбаев (боксшы), Ермахан Ибраимов (боксшы), Бекзат Саттарханов (боксшы), Ольга Шишигина (жеңіл атлет)

27. Бұқаралық ақпарат құралдары – газет, журналдар.

28. Қазақтың тұңғыш журналистері: Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин. Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші Нәзипа Құлжанова болды.

29. Қазақтың баспанасы. Киіз үй-қазақтың киелі баспанасы. Киіз үйдің негізгі бөліктері: кереге, уық, шаңырақ.

30. Қазақтың қолөнер түрлері: ұста, зергер, тігінші, етікші, тоқымашы.

31. Қазақтың ұлттық ойындары: бәйге, көкпар, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ойнау, садақ тарту

32. Қазақтың төрт түлігіне: түйе, жылқы, сиыр, қой жатады

33. Қазақ салт-дәстүрлері: шілдехана, бесік той, тұсаукесер, тілашар, беташар, жар-жар, бата.

34. Қазақтың ұлттық киімдері: бас киімдер (тымақ, бөоік, тақия, сәукеле, орамал); ішкі және сыртқы киімдер (тон, шапан, жейде, шалбар, желет, қолғап, камзол); аяқ киімдер (пима, етік, мәсі, байпақ).

35. Қазақтың музыкалық аспаптары: ішекті (домбыра, қобыз, жетіген); үрмелі (сыбызғы, керней); дабылды-шулы (дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ);

36. Қазақтың ұлттық тағамдары: 3 топқа бөлінеді: сүт, нан, ет тағамдары. Сүт тағамы (қымыз, шұбат, айран, май, құрт); нан тағамы (бауырсақ, шелпек); ет тағамы (қазы, қарта, жал, жая, қазақша ет);

37. Қазақстан қорықтары. Қазақстанда тоғыз (9) мемлекеттік қорықтар бар. Мысалы: Наурызым, Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес.

38. Мәдени орындар. Мәдени орындар өте көп. мұражайлар, мәденит үйлер, саябақтар, кітапхана, кинотеатр тағы да басқалар жатады.































Грамматикалық сұрақтар мен жауптар

  1. Фонетика – дыбыс, әріп, буын, екпін, тасымал, үндестік заңы мәселелерін зерттейді. Қазақ тілінің алфавитінде 42 әріп, 37 дыбыс бар. Қазақ тіліне тән 9 әріп: ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ.

  2. Дауысты дыбыстар саны – 12 (тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай бөлінеді).

  3. Дауыссыз дыбыстар саны – 26 (дауыссыздар ұяң, қатаң, үнді болып бөлінеді).

  4. Буын түрлері: ашық, тұйық, бітеу.

  5. Үндестік заңы: буын және дыбыс үндестігі.

  6. Сөз тұлғасы – түбір және қосымшаны зерттейді. Дара сөз – түбір және туынды сөздер. Күрделі сөз – біріккен, қос, қысқарған, тіркескен сөздер.

  7. Қосымшаның екі түрі бар: жалғау және жұрнақ. Жұрнақтар – сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақ. Жалғаулар – септік, жіктік, тәуелдік, көптік.

  8. Морфология – сөз таптарын зерттейді.

  9. Сөз таптары (части речи) Қазақ тілінде 9 сөз табы бар: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, еліктеу сөз, одағай.

  10. Зат есім (имя существительное) – заттың атын білдіреді. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұрақтарға жауап береді. М: оқұшы, мұғалім, Теміртау.

  11. Сын есім (имя прилагательное) – заттың түр-түсін, сын-сипатын, сапасын, салмағын, көлемін, дәмін сапасын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? Қай? М: ақ, сары, әдемі, бойшаң.

  12. Сан есім (имя числительное) – заттың санын, ретін және қимылдың мөлшерін білдіреді. Сұрақтары: қанша? Неше? Нешенші? Нешеу? Нешеден? М: мың, төртінші, бесеу, онға жуық.

  13. Есімдік (местоимение) – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. М: мен, осы, ол, өзі, әркім, біреу, ешкім.

  14. Етістік (глагол) – заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. (показывает действие предмета). Сұрақтары: не істеді? Не қылды? Қайтті? М: кел, бар, айттым, оқимын.

  15. Етістіктің райы – орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Оның 4 түрі бар. (ашық, бұйрық, қалау, шартты).

  16. Етістіктің шақтары – қазақ тілінде етістіктің 3 жағы бар. Олар: өткен, осы, келер шақ.

  17. Үстеу – қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы. Үстудің мағынасына қарай жеті түрі бар. (мекен, мезгіл, себеп-салдар, қимыл –сын, мөлшер, мақсат, топтау).

  18. Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін, эмоциясын білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз. Сөйлем мүшесі бола алмайды. Мағынасына қарай – көңіл-күй, жекіру, шақыру одағайы болып бөлінеді.

  19. Шылау – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Мағынасы мен қызметіне қарай 3 түрге бөлінеді. (септеулік, жалғаулық, демеулік).

  20. Синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы.

  21. Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық жағынан байланысуы.

  22. Сөйлем – тиянақты ойды білдіреді. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар. (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты). Сөйлемнің құрылысына қарай 7 түрі бар. (жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы).

  23. Сөйлем мүшелері – мағыналы сөздер, сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсетін сөздер. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді. Тұрлаулы: бастауыш пен баяндауыш. Тұрлаусыз: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

  24. Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. Оқшау сөздің 3 түрі бар. (қаратпа, қыстырма, одағай).

  25. Салалас құрмалас сөйлемдер мағыналық қарым-қатынасына қарай 6 түрге бөлінеді. (ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі).

  26. Сабақтас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері: мезгіл, мақсат, себеп, сын-қимыл, қарсылықты, шартты.