СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есептік реттік сан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша, есептік реттік сандар бойынша түсінік қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Есептік реттік сан»

Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Есептік және реттік сан»

Мақсаты: Балаларға реттік және есептік санды ажыратуға үйрету. Балаларға шартты өлшеуішті қолданып, екі затты салыстыруды үйретуді жалғастыру. Ең ұзын және ең қысқа лентаны анықтау

Көрнекі құралдар: көкөністер суреті, кубтар, қағаздан жасалған шаршы, ғажайып қалта, доп


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қара достым, жан-жаққа,

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма қараңдар,

Біздің барлық балалар.

5 баланы қатарға сапқа тұрғызады.



Шаттық шеңберіне тұрады.


Бір-біріне жылы сөздер айтады.

Іздену - ұйымдастырушы

Жақсы, енді маған балалардың санын кім санап береді?

- Бірінші кім тұр? Оның артында кім тұр? Үшінші кім? Төртінші кім? соңында кім тұр?

Сурет бойынша жұмыс жүргізу

«Аңдар жарысы»

- Қоян нешінші болып келеді?

- Ең бірінші не келеді?

- Ең соңында не келеді?

- Жарайсыңдар, балалар.

Сергіту жаттығуы

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым- бірінші,

Балаң үйрек - екінші.

Ортан терек- үшінші

Шылдыр шүмек- төртінші

Титтей бөбек - бесінші.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Дидактикалық ойын: «Нешінші ойыншық жасырылды?»

Шарты: Интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі. Бірінші слайдта 5 ойыншық, екінші слайдта сол ойыншықтардың орнында сандар жазылады. Тәрбиеші алдымен ойыншықтарды көрсетеді, содан кейін ойыншықтарға тиісті сандарды көрсетеді, балаларға реті бойынша санатады. Осылай екі-үш рет қайталайды. Содан кейін бір ойыншық алынып тасталған слайд көрсетіледі. Балалар қайсы ойыншық және санақ бойынша нешінші ойыншық жасырылғанын табу керек.«Ең ұзын және ең қысқа лентаны анықтау»:

- Енді алдарыңыздағы 2 лента бар, осы ленталардың

ұзындықтарын салыстырып, ең ұзын лентаны табайық. Содан

кейін ең қысқа лентаны табамыз Ол үшін шартты өлшем

жолақша қолданамыз.


Тәрбиешіге назар аударады.




Cұрақтарға жауап береді


Сергіту сәтін орындайды.


Дидактикалық ойын ойнайды.





Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.


Балаларды мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балалар есептік және реттік сан есімдер туралы білу керек.

Болуы керек:қызығушылығы болуы керек.

Қолынан келуі керек:Ойын толық айтып үйрену керек.








Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Шар»

Мақсаты: Балаларға шарды шеңбермен салыстыра отырып таныстыру, сипап-сезу арқылы пішін мен шамасын зерттеуге жаттықтыру. Заттарды аталған саны мен нұсқасы бойынша санауға жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: Шар, доп6 смешарик суреттері, ғажайып қалта


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, келіңдер шеңберге тұрайық. Қараңдаршы, біздің

шеңберіміз қандай үлкен болып шықты. Біздің шеңберіміз неге

ұқсайды? (күнді көрсету). Енді бір-бірімізге жылы тілектер

тілейік.

- Күніміз жарық болсын!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Ата-анамыз аман болсын!.



Шаттық шеңберіне тұрады.


Бір-біріне жылы тілектер айтады.

Іздену - ұйымдастырушы

Енді орындарымызға жайғасайық. (есік соғып біреу келеді.) Балалар, бізге қонаққа кім келді? Тақтаға Смешариктердің суреттерін іледі.

- Мынау нелер?

- Олар қай геометриялық пішінге ұқсайды?

- Дұрыс, Смешариктер бос келмепті, қолдарында қапшық бар екен.

Дидактикалық ойын «Осындай да бола ма?»

Шарты: Тәрбиеші қапшықтан заттарды бір-бірден шығарып, «Мынау не?»,- деп сұрақ қояды. (Дөңгелек, доп, шар, апельсин, қарбыз, моншақтар).

- Мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Доп-домалақ, іші қуыс пәле, Қайта-қайта семіруде, әне. (Доп)

- Дұрыс (қапшықтан допты шығарады). Міне мынау доп.

- Қане тексеріп көрейік. (допты домалатады) Доп еркін домалайды, себебі доптың бұрыштары мен қабырғалары жоқ. Допты ұстап көріңдерші, бұрыштары, қабырғалары бар ма?

- Шарға ұқсайтын басқа қандай заттарды білесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар. Енді орнымыздан тұрып кішкене сергіп алайық.

Сергіту сәті «Сабынды көпіршіктер»

Сабынды көпіршіктерін үрлеп, баларды қызықтыра ойнату. Сабын көпіршіктерінің неге ұқсайтындығын қайталау.

- Енді орындарымызға отырып, шарларды қолымызбен жасап, Смешариктерге сыйлыққа береміз. Тәрбиеші балаларға ермексаздан кішкентай, үлкендеу, одан да үлкен шарлар мүсінін жасауды ұсынады.


Тәрбиешіге назар аударады.




Ойын ойналады.


Допты сипап көреді.


Сергіту сәтін орындайды.


Дидактикалық ойын ойнайды.


Ермексазды қолдарымен домалатып, әр түрлі көлемді шар жасайды. Неше шар жасағанын санайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Смешариктердің қапшығындағы

тапсырмалар өте қызық екен. Сендерге ұнады ма?

Балаларды медальдармен мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балалар шар туралы білу керек.

Болуы керек:Оқу іс-әрекетіне қызығушылығы болуы керек.

Қолынана келуі керек:Ойын толық айтып үйрену керек.