ҚАЗАҚ ТІЛІ: 2 сынып 19. 02.2017 ж
Тақырыбы: Етістік туралы түсінік
мақсаты: 1) оқушыларға сөз таптарының бірі-етістік туралы түсінік беру 2)тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту,танымдылық қабілеттерін арттыру 3)қазақ тілі пәніне сүйіспеншілік арттыра отырып, іздемпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ынталы, озат оқушы болуға тәрбиелеу.
типі: жаңа сабақ (дамытушылық)
әдісі: ой қозғау, кубизм, шығармашылық, тест,
көрнекілік: плакат, тест, қима қағаздар
Барысы:
І. Ұйымдастыру: Сабаққа керекті құралдарды дайында Психологиял. ахуал.
: Қазақ тілім ,өз тілім, ана тілім
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәнгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім
ІІ. Мотивациялық-бағдарлаушы кезең:
шығармашыл
талапты
ойшыл
ОҚУШЫ білімді
ынталы
іздемпаз
ІІІ. Операциялық орындаушы кезең:
Көркем жазу: Н Н Н Н Н Н н н н н н н
Нан –ең қасиетті тағам.
1-кезең Сен білесің бе?
Зат есім деген не? Зат есімнің түрлерін ата? Жалқы есім деген не? Жалпы есім деген не? Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады?
Баянауыл, көл, Тайбұрыл, бәйшешектер, Ертіс
2-кезең Жаңа сабақ:
Білімнің нәрін татқан,
Ілімнің бұлағын шашады
СӨЗ жұмбақ ******* ЕТІСТІК ********
Оқушы ***( жазды, оқыды, сызды), маса***(ызыңдады, ұшты, конды),сәби ***(күлді, ойнады, жүгірді), жаңбыр ***( себеледі, жауды, басылды)
ЕРЕЖЕМЕН ЖҰМЫС: 131-бет
3-кезең Оқулықпен жұмыс:
Ұшқыр ойдан-ұдымды жауап
354-жаттығу ( Сурет бойынша сөйлем құрастыру)
356-жаттығу ( өз бетімен жұмыс)
4-кезең Шығармашылық тапсырма:
Ақылды адам айтқызбай біледі
( жануарларды етістіктермен сызық арқылы қос)
Қой шақырды
Жылқы мияулады
Мысық кісінеді
Әтеш маңырады
( Өлең жолдарына керекті етістікті жазып ұйқасын тап)
Қайық мініп судан -----------
Жүре-жүре тауға-------------
Биік таудан тікұшақпен
Көп қиналмай асып--------- ( өтті, жетті, кетті)
( етістіктерді жаз)
(сөйледі)
(******) Айгүл (*****)
( Не істеді?)
( ******) (******)
(******)
ІV Ой толғаныс:
5-кезең Тест:
Бар ізгілік біліммен алынар
ҚОРЫТУ: Сабақта қандай іс-әрекеттер жасадық?