Мектепте өткізілетін іс-шаралардың барлығы бала өміріне үлкен әсерін тигізеді.Осы орайда №23 мектеп-лицейінде 2018 жылдың 10 қаңтарынан басталған «Қамқорлық» акциясы туралы саптүзеулер мен сынып сағаттарында мәлімет алған балалар зор ықыласпен, үлкен белсенділік танытып жарыса қатысты.
Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері араланды.
- Мектептің «Қамқоршылық» кеңесінің ұйымдастыруымен мектептің техникалық базасын нығайту мақсатында сыныптарға компьютер, проектор, телевизор сыйға тартылды.
Просмотр содержимого документа
«Қайырымдылық- адамгершілік белгісі»
Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

-Қайырымдылық акциясы шарасының барысында ата-аналар, мектеп мұғалімдері және оқушылар киіммен, оқу-құралдарымен көмек көрсетті. 50000 мың теңге қаржылай және 25000 теңге заттай көмек көрсетіліп, барлығы 75000 теңге көлемінде қаражат жиналды. Осы акциядан түскен қаражатты ата-аналар комитетінің шешімімен тиісті оқушыларға көмектер көрсетілді. Атап айтсақ 10 оқушыға 5 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Ал заттай көмек көрсетілген киімдер қажет ететін оқушыларға үлестірілді. Барлығы 25 оқушыға көмек көрсетілді.
-Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Қ Сейлбекованың ұйымдастыруымен 14 қаңтар күні мектеп оқушылары №3 балалар үйіне барып «Мейіріміді жүрек» тақырыбында концерт қойып қайтты.
-Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Р.Оразбекованың ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Мейірім» мектеп интернатына кір жуғыш машина сыйға тартылып, мектеп-гимназия директоры А.А.Назаралиеваның алғыс хатымен марапатталды.
«Қайырымдылық-бұл адамның ішкі дүниесі әлемінің анық көрінетін ерекшелігі. Қайырымдылық пен кішіпейілділік адамдарға ұқыпты және ілтипатты қарым-қатынасты, талап қоюшылықпен ұштасып жатқан сыйлаушылықты білдіреді.
Қайырымды адам өзін көмекке шақыруды тілетпейді ол әрқашан өзінің мейірімі мен көңілін білдіруге әзір, әр минуттың ішінде көмек беруге дайын. Осылай ете отырып, ол қарапайым адам болып қалуға тырысады. Бұл-ақ жүректі адал адам.»
«Қамқорлық», «Досыңа көмектес» қайырымдылық акциялары біздің мектепте одан әрі жалғасын табады.
Орындаған №23 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогы К.Қ.Бесеубай