Танымдық сайыс «Қазақ сарбаздары»
Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.
Көрнекілік: Ерлік, батырлық туралы нақыл сөздер, М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».суреттер, шарлар.
Барысы:
1 - жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар және мектебіміздің ұл балалары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен мерекесімен құттықтаймыз!
2 – жүргізуші
«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай елімізді көзінің қарашығындай сақтап қорғау – әр азаматтың парызы.
1 – жүргізуші
1992 жылы 7 – мамырда Елбасымыз «Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Ал 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді.
1 – оқушы
Қазақ деген пейілі кең, бай халық,
Толды арманы егеменге айналып.
Бейбітшілік қорғанындай сенімді,
Сарбаздары сап түзеді сайланып.
2 - оқушы
Батыр болған бабалары,
Ел бастаған даналары.
Байтақ жерге жау тигізбес,
Сарбаздары қазағымның.
3 – оқушы
Армиямыз айбынды,
Армиямыз қыранды!
Күзетеді ай нұрлы
Күн сәулелі Отанды.
2 – жүргізуші
Отанымызды қорғайтын ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтық дәстүрлі тәрбиеде осы баға – «Жігіт сыны» деп аталады.
1 – жүргізуші
Иә, халқымыз ер жігіттің бойынан «Алты асыл қасиет», «Үш асыл мінез», «Ажырамас үш серік» табылуын талап еткен. Біз бүгін жігіттеріміздің өнер – білімін сынға алып көрсек дейміз.
2 – жүргізуші
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін ақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға! –
Деп, сайысушы қатысушы ұл балаларды ортаға шақырайық.
І бөлім. Ант беру.
«Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, бүгінгі сайысқа қатыса отырып, сүйікті Отаным Қазақстанның өркениетті ел болуы үшін өз үлесімді қосып ,сапалы білім аламын.. Мен өз Отанымның ержүрек, батыл қорғаушысы болуға салтанатты түрде ант беремін».
ІІ бөлім. Сайыстар
1.Кім шапшаң? «Білімді мыңды жығар».
Әр сарбаз берілген сұрақтарға дұрыс және шапшаң жауап беру керек.
1. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз? (ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге)
2. Лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ? (прапорщик)
3. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
4. Төрт түлік малды ата( сиыр, жылқы, қой, ешкі, қой)
5. Отанымыздың рәміздерін ата
6.7 мамыр қандай мереке?
7. 1 аптада неше күн бар?
8. Биенің сүті қалай аталады?
9. Қазақ ғарышкері кім? (1992 жыл 2 қазан Т. Әубәкіров)
10. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам(наурыз көже)
1 – жүргізуші
«Ер дәулеті еңбек» дегендей, еңбек сайысын бастайық. Қай жерде болса да ұлдар түйме қадау, картоп аршуды білулері керек.
1. Картоп аршу
2. Түйме қадау
2-жүргізуші:
Ал ұландар,бұл сайысқа қалайсыңдар
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Тапсырма ал сұраққа қымсынбай кеп
Жауап берсеңдер әрине жарайсыңдар – дей келе сайысымыздың үшінші кезеңі « «Кім тапқыр?»деп аталады.
Берілген сұрақтарға қолдарыңыздағы әріптен басталатын сөздер айтып жауап бересіздер.
( Б, С, Д, Ж, Н, О, Қ, А, М)
1. Сіздің есіміңіз кім?
2. Сіз неше жастасыз?
3. Қандай ойынды ұнатасыз?
4. Сіздің сүйікті тағамыңыз?
5. Сіздің досыңыз кім?
6. Сізге қай әнші ұнайды?
7. Мерекелік тілегіңіз
1– жүргізуші
Спортты жанға серік қыл,
Парасат, жігер, ерік бұл!
Спорттағы мүмкіндіктерін сынауға кезек берсек.
Күш сынасу
1 – жүргізуші
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады - деп, келесі бөлім бойынша ұлдардың қаншалықты мақалды білетіндігін сынап көрелік.
Мақалдардың жалғасын тап.
Үлкенге – құрмет, (Кішіге – ізет. )
Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)
Аққуды атуға болмайды,(Достықты сатуға болмайды.)
Ананың көңілі балада, ( Баланың көңілі далада.)
Ананың сүті- бал,( Баланың тілі- бал.)
Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді.)
Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас.)
Ел іші (алтын бесік)
Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.
Білекті бірді жығады , (білімді мыңды жығады. )
Әдепті бала - арлы бала (Әдепсіз бала – сорлы бала).
Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)
2-жүргізуші
Өнеріміз жан-жақты,
Ұлдарымыз салмақты.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Ешқайсысы жоқ бірақ
Бір-бірінен кем түсер дей келе сайсымыздың келесі кезеңі «Саперлар» деп аталады.
«Мина қойылған дала»
Еденге ақ қағаздар қойылады, осы қағаздарды орнынан жылжытпай, қағаз үстімен жүріп өту керек.
1-жүргізуші
Жігітке өлең де өнер,
өнер де өнер
Жүйрік ат өрге салсаң өрмеленер,- деп сайысымыздың келесі бөлігінде жігіттер өз өнерін көрсетеді.
Өлең оқу 2 Бейнелеу
1-жүргізуші
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жігіттері кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты,- дей келе әділ қазылар алқасына сөз береміз.
2 – жүргізуші
Бойларыңда от бар екен, байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
2 – жүргізуші
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын,
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Барлығыңызға мол табыс, егемен елімізге тыныштық пен береке тілейміз!