Сабақ жоспары
Күні: Пәні: Сыныбы:
Тақырыбы: Қозғалыс тақырыбына мәтінді есептер шығару.
Мақсаты:
а)ақпараттық: Өзендегі, көлдегі қозғалыс әрекеттерін түсіндіре білу. Дәлелдеп көрсету.
б) Комуникативтік: Қозғалысқа байланысты кездесетін терминдерді дұрыс айта білуге, дұрыс жаза білуге, формулаларды дұрыс қолдана білуге үйрету.
в) проблеманы шешу: Оқушыларды топтаса жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу. Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-баяндау, тақтамен жұмыс, өзара алмасу әдісі, үш жазбалы күнделік, топтық есептер шығару, ынталандыру әдістері. Сергіту сәті.
Көрнекілігі: Тақырыпты ашатын презентация, топшамалар, ынталандыру жұлдызшалары, бағалау парағы, формулалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
* Оқушылармен амандасу;
* Оқушыларды түгелдеу;
* Сабаққа назарларын аудару;
* Үй тапсырмасын тексеру (№ 181, 189).
* Өткен материалды қаиталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық:
Сыныпты үш топқа бөліп, әр топқа қайталау сұрақтарын беріп, жауаптарын тыңдау, әр топ өздері талқылайды.
І топқа Әріпті өрнек дегеніміз не және оған мысал келтір?
ІІ топқа Теңдеуді шешу дегеніміз не және оған мысал келтір?
ІІІ топқа Санды өрнек дегеніміз не және оған мысал келтір?
Атауы | Сипаттама | Мысал |
Әріпті өрнек | Сандар мен әріптерден немесе әріптерден, амалдардың белгілерінен тұрады. Сонымен қатар жақшаларда болуы мүмкін. | 700ab+100c |
Теңдеуді шешу дегеніміз | Теңдеудің барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін көрсету. | x: 15=45 x=45*15 x=675 675:15=45 |
Мәтінді есептер дегеніміз | Мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. | Өрік пен алманың массасы 15кг, егер өрік алмадан 2 есе ауыр болса, онда алманың массасы қандай? |
Негізгі бөлім:
Жаңа материалды түсіндіру
1. Қозғалысқа берілген есептерде қандай шамалар кездеседі?
2. Жолдың формуласын айтып беріңдер.
3. Жолдың формуласындағы әріптер қандай шаманы білдіреді?
4. Шамалардың өлшем бірліктері қандай?
Қозғалыс тақырыбына мәтінді есептер
Қайық, катер, теплоход, пароход көлде немесе өзенде жүзеді. Мысалы, қөл ағынсыз су болғандықтан, қайық көлде жүзгенде өзінің меншікті жылдамдығымен жүзеді. Сал өзенде жүзгенде ағыс жылдамдығына тең жылдамдықпен жүзеді.
Егер дене ағыспен жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығына артады.
Дененің ағыспен жылдамдығы оның меншікті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының қосындысына тең.

Мұндағы
- дененің ағыспен жылдамдығы;
- дененің меншікті жылдамдығы;
- ағыс жылдамдығы
Егер дене ағысқа қарсы жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығына кемиді.
Дененің ағысқа қарсы жылдамдығы оның меншікті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының айырмасына тең:
Мұндағы
- дененің ағысқа қарсы жылдамдығы;
Есеп. Меншікті жылдамдығы 6 км/сағ қайық ағыс жылдамдығы 2 км/сағ озенде ағыспен жүзеді. Қайық 3 сағатта қанша қашықтыққа барады?
Ш: 1) 6+2=8 км/сағ – қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы.
2) 8*3=24 км – қайықтың үш сағатта барған жылдамдығы.

І. Ағыс жылдамдығының формуласы
Ағыс жылдамдығы ағыспен жылдамдық пен ағысқа қарсы жылдамдықтың айырмасының жартысына тең.

ІІ. Меншікті жылдамдықты табайық.
Меншікті жылдамдықты табу үшін ағыспен жылдамдық пен ағысқа қарсы жылдамдықтың қосындысын табу керек.
Меншікті жылдамдықтың формуласы?
Ағыс жылдамдығының формуласы?
Есептер шығару. Топшамамен жұмыс
а) Бір сөзден көп сөз құрастыру:
І топ: Жылдамдық: Жыл, адым, мал, жылы, дымқыл, дамыл, қыл, алдым, алды, қыжыл.
ІІ топ: Қашықтық: Қашық, ашық, ақы, ақтық, тық, қаш, шақ,
ІІІ топ: Уақыт: Ақ, уақ, ақы, тақ, тауық, уық, тау, ату, ат.
ІІІ Қорытынды(5 мин)
М.5 Топшама – 1
1) Катердің ағыспен жүзгендегі жылдамдығы 24 км/сағ, ал ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығы 20 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар?
2) Бала ойыншық маторлы қайық жасап, оны жылғаға жібереді. Жылғадағы судың ағыс жылдамдығы 30м/мин. Ойыншық маторлы қайық қандай жағдайда жүзеді, қандай жағдайда жүзбейді?
а) 28 м/мин меншікті жылдамдықпен ағыспен жіберілсе;
ә) 40 м/мин меншікті жылдамдықпен ағысқа қарсы жіберілсе;
б) 30 м/мин меншікті жылдамдықпен ағысқа қарсы жіберілсе.
3) (4294+х):89=67.
М.5 Топшама – 2
1. Маторлы қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы 30 км/сағ, ал ағысқа қарсы жүзгендегі жыламдығы 26 км/сағ. Ағыс жылдамдығын табыңдар?
2) Катер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде жүзіп, 120 км қашықтықтағы айлаққа барып қайтты. Катердің меншікті жылдамдығы 22 км/сағ.
* Егер катер айлаққа барарда ағыспен жүзсе, ол айлаққа қанша уақытта барады.
* Катер қанша уақытта айлақтан қайтты..
* Катер қанша уақытта айлаққа барып қайтты.
3) (1001 – z)*13=1157.
М.5 Топшама – 3
1. Меншікті жылдамдығы 18 км/сағ катер, ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде ағысқа қарсы жүзді. Катер 3 сағатта қанша жол жүреді?
2) Моторлы қайық ағыс жылдамдығы 2км/сағ өзенде 3 сағ жүзіп, содан соң сол өзен құятын көлде 4 сағат жүзді. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 30 км/сағ. Моторлы қайық осы уақыт аралығында қанша қашықтыққа жүзді?
3) 1215:(71 – y)=27.
Топшама 1



(4294+х):89=67
4294+x=67*89
4294+x=5963
х=5963 – 4294
х=1669
(4294+1669):89=67
Топшама 2



(1001 - z)*13=1157
1001 – z=1157:13
1001 – z=89
z=1001 – 89
z=912
(1001 – z)*13=1157.
Топшама 3


1215 : (71 – у)=27
71 – у =1215:27
71 – у = 45
у=71-45
у=26
1215: (71-26)=27