СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Құлыншақ» өлең

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құлын, құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы.

                       (М.Жаманбалинов)

Просмотр содержимого документа
««Құлыншақ» өлең»



Технологиялық карта

Бейсенбі 9-ақпан 2016 жыл

Топ: 2-кішкентайлар «А»

Тәрбиеші: Сагдолдина.А.К.

Жасы: 3-4 жас


Білім беру саласы


Әлеуметтік орта


Бөлімі


Көркем әдебиет


Тақырыбы


«Құлыншақ»(өлең)


Мақсаты

Білімділік:Балаларды көркем әдебиетіндегі адамгершілік әлемімен таныстыру.

Дамытушылық:Әдеби кейіпкерлердің бейнесі мен ересектерге жақсы қарым-қатынасты үлгі етуді дамыту .

Тәрбиелік: Туынды мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдері



Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап әңгімелесу.


Сөздік жұмыс


Құлын, құлыншақ, құндыз, жұлдыз.


Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар


Суреттер, хрестоматия.




Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті




Балалардың іс-әрекеті




1-кезең

Мотивациялық

қозғаушылық


Психологиялық сәт.

-Ал, балалар,бәріміз шеңбер бойына тұрып,бүгінгі күнге тілегімізді айтайықшы:

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз жайнай берсін!

Әр үйде қуаныш болсын!

Жақсы,балалар,тілектерің қабыл болсын.


Қазір балалар жылдың қай мезгілі?


Қыста неше ай бар?


Кәне,атап берейікші.



Қыста адамдар қалай киінеді?




Қыс айы сендерге ұнай ма?


Қыста қандай ойындар ойнаймыз?







Балалар тілектерін айтады.




- Қыс.


- Үш ай бар.


- Желтоқсан,қаңтар,

ақпан.


- Жылы киінеді.

Пима,қолғап,пальто,куртка киеміз.


-Иә.


- Сырғанақ тебеміз,аққала жасаймыз.



2-кезең

Ұйымдастырушылық ізденістік

Күтпеген сәт:

Залға дымбілмес боп киінген кейіпкер кіреді.Ол қолындағы суреттің ненің суреті екенін білмейтінін айтып,балалардан көмек сұрайды.

Кәне балалар,дымбілмеске біз көмектесе аламыз ба?

Ендеше айтайықшы,дымбілместің қолындағы ненің суреті екен ?


Кіріспе әңгіме.

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінде ерекше бір өлең жолдарымен танысамыз.Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.Бұл өлеңді ақын Мүбәрак Жаманбалинов ағаларың шығарған екен. Тәрбиеші өлеңді оқып береді.

Құлыншақ.

Құлын, құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы.

(М.Жаманбалинов)


Мнемокартамен жұмыс:

Барлығымыз теледидарға назар аударып,мына өлеңді қайталап айтайықшы.


Сұрақ-жауап.

-Оқылған өлең сендерге ұнады ма?

- Өлеңде не туралы айтылған?

Құлын қай малдың төлі?


Билингвальды компонент:

Құлын-жеребёнок,жылқы-лошадь.


Сергіту сәті.

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем,

Дұрыстап,

Сәйгүлікше жүруді.

Бір!Екі!Бір!Екі!.






-Иә.




- Құлынның.




Зейін қойып тыңдайды.






Балалар хормен қайталайды.





Балалар теледидарға қарайды.



- Иә

- Құлын туралы

- Жылқының.



Балалар қайталайды.





Қимылдармен көрсетеді.

3-кезең

Рефлекциялық түзетушілік

Қорытындылау.

(ойын арқылы)


«Малдың төлін атау» ойыны:

Триз технологиясын қолдана отырып,

луллия шеңбері арқылы малдың төлдерін тапқызу.


- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай жануармен таныстық?

-Құлын қай малдың төлі?

- Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге барлықтарың жақсы қатыстыңдар.

- Қатысқандарыңарахмет.






Ойынды ойнайды.

Төлдерді айтады.




-Құлынмен.


- Жылқының төлі.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Оқылған өлеңнің мазмұнын біледі.

Нені игереді

Іс-әрекеттерін бағалауды, адамгершілік қасиеттерін игереді.

Нені меңгереді

Ойын арқылы малдың төлін айтуды меңгереді.



Тәрбиешінің қортынды нәтижесі:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тексерушінің ұсынысы:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тексерген: