СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Тақырыбы: Сәлем! Сәлеметсіз бе!
Мақсаты: амандасу үлгілерін үйрету. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру.Балаларды әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ата, әже және кішкентай ұл мен қыздың суретінен тұратын слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптер, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог топтағы балаларды амандасу үлгілерімен таныстыру үшін топқа бір үлкен кісіні (тәрбиеші, күтуші) және ересек топтан бір баланы қонаққа шақырады. Ең алдымен үлкен кісі топқа кіріп, балалармен амандасады. Педагог топтағы балаларға үлкен кісімен амандасу үлгісін түсіндіреді. Келген қонақ тағы бір рет балалармен амандасқанда, балалар ол кісіге жауап береді. Осыдан кейін топқа кішірек бала кіріп, балалармен амандасады. Педагог топтағы балаларға өздерлі қатарлас балалармен қалай амандасатындарын түсіндіреді. |
Балалар топқа кірген қонақпен “Сәлеметсіз бе” деп амандасады.
Балалар топқа кірген кішкентай қонақпен “Сәлем” деп амандасады. |
|
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік |
Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Сәлем”, “Сәлеметсіз бе” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша амандасу үлгілерін қайталатады. Балаларға өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын түсіндіреді. Балаларды өзара және үлкендермен амандастырып жаттықтырады. |
Топтағы балалар “Сәлем!”, “Сәлеметсіз бе!” деген амандасу үлгілерін хормен бірнеше рет қайталайды. |
|
|
Слайдтағы ата, әже, ұл және қызбен әрқайсысына сәйкес амандасу үлгісін пайдалана отырып амандасады (балалар ата мен әженің үлкен кісілер екенін, ал ұл мен қыздың өздерлі қатарлас балалар екенін түсінулері қажет). Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. |
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын меңгереді.
Игереді: “Сәлем!”, “Сәлеметсіз бе!” деген амандасу үлгілерін үйренеді.
№1 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Сәлем! Сәлеметсіз бе!
Мақсаты: амандасу үлгілерін үйрету. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру.Балаларды әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ата, әже және кішкентай ұл мен қыздың суретінен тұратын слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптер, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | |
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды амандасу үлгілерімен таныстыру үшін топқа бір үлкен кісіні (тәрбиеші, күтуші) және ересек топтан бір баланы қонаққа шақырады. Ең алдымен үлкен кісі топқа кіріп, балалармен амандасады. Педагог топтағы балаларға үлкен кісімен амандасу үлгісін түсіндіреді. Келген қонақ тағы бір рет балалармен амандасқанда, балалар ол кісіге жауап береді. Осыдан кейін топқа кішірек бала кіріп, балалармен амандасады. Педагог топтағы балаларға өздерлі қатарлас балалармен қалай амандасатындарын түсіндіреді. | Балалар топқа кірген қонақпен “Сәлеметсіз бе” деп амандасады.
Балалар топқа кірген кішкентай қонақпен “Сәлем” деп амандасады. | |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Сәлем”, “Сәлеметсіз бе” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша амандасу үлгілерін қайталатады. Балаларға өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын түсіндіреді. Балаларды өзара және үлкендермен амандастырып жаттықтырады. | Топтағы балалар “Сәлем!”, “Сәлеметсіз бе!” деген амандасу үлгілерін хормен бірнеше рет қайталайды. | |
| Слайдтағы ата, әже, ұл және қызбен әрқайсысына сәйкес амандасу үлгісін пайдалана отырып амандасады (балалар ата мен әженің үлкен кісілер екенін, ал ұл мен қыздың өздерлі қатарлас балалар екенін түсінулері қажет). Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. |
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. | |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын меңгереді.
Игереді: “Сәлем!”, “Сәлеметсіз бе!” деген амандасу үлгілерін үйренеді.
№2 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Сау бол! Сау болыңыз!
Мақсаты: Қоштасу үлгілерімен таныстыру. Амандасу, қоштасу үлгілерін орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: аудиотаспаға жазылған амандасу және қоштасу үлгілері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балалармен амандасу үлгілерін еске түсіреді. Әр оқушымен жеке-жеке амандасады. Балалар жауап береді. Содан кейін балалар өзара амандасады. Аудиотаспаға жазылған амандасу үлгілерін тыңдатып, жауап бергізеді. Педагог қоштасу үлгілерімен таныстыру үшін аудиотаспадан қоштасу үлгілерін тыңдатады. Қоштасу үлгілерінің айырмашылықтарын түсіндіреді. Қоштасу үлгілерін тағы бір тыңдатып, хормен жауап бергізеді. | Балалар “Сәлеметсіз бе!”, “Сәлем!” деп амандасады.
Балалар хормен “Сау бол!”, “Сау болыңыз!” қоштасу үлгілерін айтады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Сау бол!”, “Сау болыңыз!” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы сурет бойынша баланың тәрбиешімен қоштасу үлгісімен (Сау болыңыз!) таныстырады. 2- тапсырмадағы сурет бойынша екі баланың бір-бірімен қоштасу үлгісімен(Сау бол!) таныстырады. Балалардан балабақшадан қайтарда тәрбиешімен және өзара қалай қоштасатындарын сұрайды. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды |
| Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталайды. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар өзара және үлкендермен қоштасу үлгілерінің айырмашылығын меңгереді.
Игереді: “Сау бол!”, “Сау болыңыз!” деген қоштасу үлгілерін үйренеді.
№3 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Сенің атың кім?
Мақсаты: танысу үлгісін үйрету, сыпайылыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: танысу үлгісі жазылған аудиотаспа.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды танысу үлгілерімен таныстыру үшін алдын-ала дайындалған аудиотаспадан танысу үлгісін тыңдатады. Содан кейін топтағы әр баладан “Сенің атың кім?” деп сұрайды. Мұнда балалардың сұрақты түсіну маңызды болып табылады. Сондықтан балалардың сұрақты естігенде, өз атын ғана айтудың өзі жақсы көрсеткіш екені ескеріледі. | “Сенің атың кім?” деген сұраққа балалар “Юра” деген сияқты қысқа жауап береді. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Сенің атың кім?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша танысу үлгісін қайталатады. Аудиотаспадағы танысу үлгісінің тек алғашқы жартысын ғана қосып, топтағы балалардың өздеріне жауап бергізуге болады. Бұл сұрақты сөйлем түрінде толық қабылдауға жаттықтырады. Неғұрлым көбірек тыңдаған сайын, балалар соғұрлым жеңіл қабылдайды. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталайды. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар танысу үлгісін меңгереді.
Игереді: “Сенің атың кім?” деген сұрақты түсінеді, бұл сұраққа қысқа жауап бере алады.
№4 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Үй. Балабақша.
Мақсаты: балаларды үй, балабақша сөздерімен таныстыру. “Мынау” сөзімен байланыстыра қолдануға үйрету. Өз үйлеріне, балабақшаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үй мен балабақша суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды үй, балабақша сөздерімен таныстыру үшін үй мен балабақшаның суретін көрсетеді. Сурет бойынша жаңа сөздерді хормен және жеке-жеке қайталатады. Содан кейін екі суретті алмастырып көрсетеді, балалардың педагог көрсеткен суретті атауы қажет. Балалар жаңа сөзді көзбен қабылдау арқылы естерінде сақтайды. | Педагог үйдің суретін көрсеткенде, балалар “үй”,-деп, балабақшаның суретін көрсеткенде “балабақша”,-деп айтады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Үй.Балабақша” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Суреттегі балалардың қандай сурет салғандарына назар аудартады. Олардың салған суреттерін нұсқай отырып, үй, балабақша сөздерін тағі бір қайталатады. Олардың дұрыс дыбысталуына назар аударады. “Мынау” сілтеу есімдігін үй, балабақша сөздерімен байланыстыра қолдануға үйретеді. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар “Мынау -үй”, “Мынау-балабақша” деп айтады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар үй, балабақша сөздерін меңгереді.
Игереді: “Мынау –үй. Мынау-балабақша ” деген сөйлем үлгілерін үйренеді.
№5 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Мынау не?
Мақсаты: ойыншық атауларын үйрету. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойыншықтарды таза, ұқыпты ұстауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды ойыншық атауларымен таныстыру үшін алдын ала дайындап қойған ойыншықтарды пайдаланады. Ойыншықтарды (немесе олардың суретін) топтағы оқушыларға таратып береді (ойыншықтар бірнеше данадан болса, топтағы барлық балаларға жетеді). Содан кейін әр баланың қасына барып, оның қолындағы қандай ойыншық екенін (Мынау-қонжық) атау арқылы ойыншық атауларымен таныстырады. | Балалар педагогтің соңынан доп, машина, текше, қуыршақ, қонжық, шар деген сөздерді қайталайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Мынау не?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы сурет бойынша сөредегі ойыншықтарды атайды, балаларға қайталатады. 2-тапсырмада берілген ойыншық сұлбалары бойынша тапқызу арқылы ойыншық атаулары тағы бір қайталанады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Балалар әр ойыншықты атайды (Мынау-қонжық, т.с.с.).
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар ойыншық атауларын меңгереді.
Игереді: “Мынау не?” деген сұраққа доп, машина, текше, қуыршақ, қонжық, шар деген сөздерді қолдана отырып жауап беруге үйренеді.
№6 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Доп берші.
Мақсаты: ойыншық атауларын қайталау. Оларды берші сөзімен байланыстыра қолдануға, ойнағысы келген ойыншықты сұрап алуға үйретеді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды өздері ойнағысы келетін ойыншықты сұрап алу үлгісімен таныстыру үшін топтағы бір оқушыны шақырады. Оған үстелдегі ойыншықтарды көрсетіп, қандай ойыншықпен ойнағысы келетінін сұрайды. Сол ойыншықты алу үшін “берші” сөзін қолдануға болатынын түсіндіреді. Топтағы балалар кезекпен шығып, өзіне қажет ойыншықты сұрап алады. | Топтағы балалар “... берші” үлгісі бойынша қажет ойыншықтарын сұрап алады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Доп берші” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Ең алдымен “Мынау не?” деген сұрақ арқылы суреттен қандай ойыншықтарды көріп тұрғандарын сұрайды. Содан кейін суретте балалар осы ойыншықтарды қалай сұрап алғандарына назар аудара отырып, “... берші” құрылымын жаттықтыра түседі. Осы сурет негізінде балаларды екі-екіден жұптастырып, біреуіне бір ойыншық береді. Балалар бір-бірінен ойыншықты сұрап алуға үйренеді. Жаңа құрылымды жаттықтырады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Топтағы балалар суреттегі ойыншықтарды атайды (Мынау доп/қуыршақ/текше).
Топтағы балалар “... берші” деген сөйлемді қолданады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар “берші” сөзінің мағынасын меңгереді.
Игереді: “Доп берші” деген сөйлем үлгісін түрлендіре (доп деген сөзді машина, текше, қуыршақ, қонжық, шар деген сөздермен алмастыру) қолдануды үйренеді.
№7 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Ақ. Қара.
Мақсаты: балаларға түс атауларын (ақ, қара) үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ақ және қара түсті ойыншықтар/заттар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды түс атауларымен (ақ, қара) таныстыру үшін ақ және қара тусті ойыншықтарды/заттарды көрсетіп,оларды екі жақа іріктеп қояды. Ақ түсті заттарды бір жаққа, қара түсті заттарды екінші жаққа бөледі. Балалардан оларды неліктен осылай бөлгенін сұрайды. Осылай балаларды ақ және қара деген сөздермен таныстырады. | Балалар ақ, қара сөздерін қайталайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Ақ. Қара.” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы сурет бойынша ойыншықтарды ататқызады (доп, текше). Содан кейін доп пен текшенің түстеріне назар аудартады. Олардың әр бөлігінің түсін ататқызу арқылы ақ, қара сөздері бірнеше рет қайталанады. 2-тапсырмада екі қатар текшелер берілген. Педагог балаларға бірінші қатардағы текшелерді түсіне қарай орналасу ретімен атап шығуларын сұрайды. Екінші қатардағы текшелерді сол үлгі бойынша бояту арқылы ақ, қара сөздерін қайталатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Топтағы балалар “Ақ, қара, ақ, қара, қара, ақ, қара”-деп атайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар түс атауларымен танысады.
Игереді: ақ және қара сөздерін үйренеді.
№8 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Қандай?
Мақсаты: балаларға түс атауларын (қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр) үйрету. Оларды басқа сөздермен байланыстыра қолдану дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр түсті ойыншықтар/заттар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды түс атауларымен (қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр) таныстыру үшін алдын ала дайындалған ойыншықтарды/заттарды көрсете отырып түстерін атау арқылы (мұнда заттардың атын атау міндетті емес) қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр сөздерімен таныстырады. Балаларға хормен және жеке-жеке қайталатады. | Балалар педагогтің соңынан түс атауларын қайталайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Қандай?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы сурет бойынша қыздың қолындағы шарлардың түсін қайталатады. “Қандай шар?” деген сұраққа “қызыл шар, жасыл шар, сары шар, көк шар, қоңыр шар” деп жауап бере алуға үйретеді. Педагог балаларға 2-тапсырмадағы шарларды қандай түске бояу керек екенін айтқызады (әр шардың шеті белгілі бір түске боялған). Содан кейін осы түстерге бояту арқылы түс атауларын қайталатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Топтағы балалар “Қандай шар?” деген сұраққа “қызыл шар, жасыл шар, сары шар, көк шар, қоңыр шар”,-деп жауап береді.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: заттарды түсіне қарай атай алуды меңгереді.
Игереді: түс атауларын (қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр) үйренеді.
№9 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Бір. Екі. Үш.
Мақсаты: үшке дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: 1, 2, 3 саны жазылған слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды сандармен (бір, екі, үш) таныстыру үшін слайдтағы цифрларды көрсетіп, олардың қазақша аталуымен таныстырады, ретімен, содан кейін араластыра отырып қайталатады. | Балалар “Бір, екі, үш”,-деп атайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Бір. Екі. Үш” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы суреттен не көріп тұрғандарын сұрайды. Ең алдымен оларды түсіне қарай ататқызу арқылы түстер қайталанады. Содан кейін әр текшедегі сандарға назарларын аударып,үшке дейін санатады. Жалпы неше текше көріп тұрғандарын сұрайды. Педагог 2-тапсырмадағы суретте берілген доптарды түсіне қарай ажыратқызады, санатады. Доп туралы жұмбақ-санамақты мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын сурет бойынша түсіндіреді. Жауабын тапқызады. Санамақты қайталату арқылы жаттатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Топтағы балалар текшелер көріп тұрғандарын атайды.
Балалар жұмбақ-санамақтың жауабы “үш доп” екенін айтады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар санауды меңгереді.
Игереді: балалар үшке дейін санауды үйренеді.
№10 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Төрт. Бес.
Мақсаты: беске дейін санауды үйрету. Отыр, тұр, секір, жүгір сөздерімен таныстыру. Оларды іс-қимыл арқылы есте сақтауға дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: 1, 2, 3, 4, 5 саны жазылған слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды сандармен (төрт, бес) таныстыру үшін слайдтағы цифрларды көрсетіп, бір, екі, үш сандарын қайталатады. Төрт, бес сөздерімен таныстырады. Сандарды хормен және жеке-жеке қайталатады. | Балалар “Бір, екі, үш, төрт, бес”,-деп қайталайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Төрт. Бес” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы суреттен не көріп тұрғандарын сұрайды. Ең алдымен вагондарды санату арқылы беске дейінгі сандарды қайталатады. Жалпы неше вагон барын сұрайды. Педагог балалардың назарын вагон терезелерінен қарап отырған ойыншықтарға аударады. Олардың қай вагонның терезесінен қарап тұрғандарын сұрау арқылы төрт, бес сөздерін қайталатады. 2-тапсырмада берілген сурет арқылы отыр, тұр, секір, жүгір сөздерімен таныстырады. Бұл сөздерді іс-қимылмен көрсету арқылы жаттықтырады. Белсенді лексика қолданылған санамақпен таныстырады. Оның мазмұнын түсіндіреді. Іс-қимылмен көрсету арқылы қайталатады, жаттатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Топтағы балалар вагондарды санау арқылы “бір, екі, үш, төрт, бес”,-деп айтады.
Балалар қуыршақ пен қонжықты көріп тұрғандарын айтады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар санауды меңгереді.
Игереді: балалар беске дейін санауды үйренеді.
№11 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Алты. Жеті.
Мақсаты: жетіге дейін санауды үйрету.Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 саны жазылған слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды сандармен (алты, жеті) таныстыру үшін слайдтағы цифрларды көрсетіп, олардың қазақша аталуымен таныстырады, ретімен, содан кейін араластыра отырып қайталатады. | Балалар “Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті”,-деп атайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Алты. Жеті” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы суреттен не көріп тұрғандарын сұрайды. Ең алдымен оларды түсіне қарай ататқызу арқылы түстер қайталанады. Содан кейін әр қонжықтың киіміндегі цифрларға назарларын аударып, алты, жеті сандарын қайталатады. Педагог 2-тапсырмада берілген ойыншықтарды санатады. Ойыншықтар санына сәйкес келетін цифрды қоршату арқылы жаңа сандар қатары қайталанады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Топтағы балалар қонжықтарды көріп тұрғандарын айтады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар санауды меңгереді.
Игереді: балалар жетіге дейін санауды үйренеді.
Тақырыбы: Санап, үйренейік
Мақсаты: Оқушыларға онға дейін санауды үйрету.Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сандар жазылған қағаздар
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материалдар,сандар жазылған қағаздар
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог сыныптағы балалармен даярлық тобында өткен сандарды қайталап,сандардың қазақша атауларымен , өтілген тақырыптарды байланыстырып сөйлемдер құратып оқушылардың сөздік қорларын дамыту. | Балалар “Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”,-деп атайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | 1-тапсырма. Сандарды суреттен көрсету арқылы естеріне түсіру. 2- тапсырма.Суретте берілген текшелерді,қонжықтарды,қаламдарды,т,б. санатау, түстеріне қарай ажыратқызу. Содан кейін әр текшедегі сандарды оқыту арқылы сегіз, тоғыз, он сандарын қайталатады. 3-тапсырма. Диалог. Достарымен берілген диалготы оқыту. Аударту.
| Топтағы балалар машиналарды көріп тұрғандарын айтады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- Түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар санауды меңгереді.
Игереді: балалар онға дейін санауды және сөйлем құрап үйренеді.
1-Тапсырма. Сәйкестендіру Үш 1 Алты 2 Екі 3 Бес 5 Бір 6 2-тапсырма.Диалогты оқы. Қанша көк шар? Үш көк шар Қанша қызыл шар? Үш қызыл шар Қанша жасыл шар? Төрт жасыл шар Бәрі қанша шар?
| 1-Тапсырма. Сәйкестендіру Үш 1 Алты 2 Екі 3 Бес 5 бір 6 2- тапсырма .Диалогты оқы. Қанша көк шар? Үш көк шар Қанша қызыл шар? Үш қызыл шар Қанша жасыл шар? Төрт жасыл шар Бәрі қанша шар? |

№13 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Тоқта!
Мақсаты: бағдаршамның түстері арқылы қызыл, сары, жасыл түстерді қайталау. Тоқта, дайындал, жүр етістіктерін үйрету. Ұжымда бірлесіп әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қызыл, сары, жасыл түсті ойыншықтар/заттар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балалардың назарын үстелдің үстіндегі ойыншықтарға/заттарға аударады. Үстелдің үстінде әртүрлі түсті заттар жатқанын айтып, оларды түсіне қарай үшке бөліп қояды. Оқушылардан оларды осылай бөлу себебін сұрайды. | Балалар олардың түсі қызыл, сары, жасыл екенін айтады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Тоқта!” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Балаларды 1-тапсырмадағы суретпен таныстырады. Оның “бағдаршам” деп аталатынын айтып өтеді, бағдаршамның түстеріне назар аудартады. Балалардан бағдаршамның түстерін сұрайды. Педагог 2-тапсырмадағы сурет арқылы балаларды тоқта,дайындал, жүр сөздерімен таныстырады. Бұл сөздерді іс-қимылмен жаттықтырады. Топтағы балалар сызық бойымен тізіліп тұрады. Педагог балаларға бағдаршамның жасыл түсін көрсетеді. Балалар жүре бастайды. Қызыл түсін көрсеткенде, тоқтап, сары түсін көрсеткенде жүруге дайындалады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Балалар хормен және жеке-жеке тоқта, дайындал, жүр сөздерін қайталайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар бағдаршамның қызметін меңгереді.
Игереді: бағдаршамның қызметі арқылы тоқта, дайындал, жүр сөздерін үйренеді.
№14 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Қандай? Неше?
Мақсаты: түстерді және онға дейінгі сандарды қайталау. Ұжымда бірлесіп әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сандар және түстер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балалармен осыған дейін өткен түстерді және сандарды қайталайды. Балаларға онға дейін санатады. Өзі бір санды атайды, балалар келесі санды атаулары керек. | Балалар педагог көрсеткен түстерді атайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Қандай? Неше?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Балаларды 1-тапсырмадағы суретпен таныстырады. Балықтарды санау арқылы сандарды, оларды түсіне қарай атау арқылы түстерді қайталайды. Педагог 2-тапсырмады балаларға әр суретте неше балық барын санатады. Олардың санына сәйкес цифрды қоршатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
| Балалар он балық екенін табады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар түстер мен сандарды меңгереді.
Игереді: балықтардың түстерін ажырату арқылы түстерді қайталайды, онға дейінгі сандарды еске түсіреді, жылдам санауға үйренеді.
№15 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Мынау кім?
Мақсаты: “Кім?” сұрау есімдігін қолдана алуға үйрету. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға,сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ата, әже, әке, ана, қыз, ұлдың үлкен суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларға ата, әже, әке, ана, қыз, ұлдың суреттерін жеке-жеке көрсете отырып, жаңа сөздермен таныстырады. | Балалар жаңа сөздерді қайталайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Мынау кім?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырма бойынша балаларға ата, әже, әке, ана, қыз, ұлдың суретін көрсетіп, “Мынау кім?” деген сұрақ қояды. 2-тапсырмада балалар сұлбалары арқылы ана, ата, қыз, әке, әже, баланы табады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар ата, әже, әке, ана, қыз, ұл сөздерін атайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелері атауларын меңгереді.
Игереді: ата, әже, әке, ана, қыз, ұл деген сөздерді үйренеді.
№16 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: отбасы мүшелері атауларын үйрету. Өз отбасы мүшелерін атай алуға жаттықтыру. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасы суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларға бірнеше отбасы суреттерін көрсетеді. Әр отбасында неше адам бар екенін тапқызу арқылы сандарды еске түсіреді. Балаларға білетін отбасы мүшелерін ататқызады. | Балалар ата, әже, әке, ана сөздерін атайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Менің отбасым” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Балаларды 1-тапсырмадағы отбасы суретімен таныстырады. Қыздың отбасында неше адам барын, олар кім екендерін айтқызады. Осыдан кейін балаларға менің атам, менің әжем, менің анам, менің әкем деген тіркестерді үйретеді. Олардың мағанасын түсіндіреді, қайталатады. Педагог 2-тапсырмадағы тақпақ мазмұнына сәйкес балаларды бала сөзінің мағынасымен таныстырады. Әке, ана сөздерін қайталатады. Тақпақты қайталатып жаттатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар жаңа тіркестерді қайталайды.
Тақпақ: Міне, қара, Мынау-бала. Мынау-әке, Мынау-ана.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелері атауларын меңгереді.
Игереді: ата, әже, әке, ана сөздерін қайталайды, осы сөздерді тәуелдік жалғауының 1 жағында қолдануды үйренеді.
№17 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Менің қарындасым.
Мақсаты: отбасы мүшелері атауларын үйрету. Сөздік қорларын аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас сөздерімен толықтыру. Қарындас, сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсіндіру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың өз отбасы суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларға өз отбасы суреттерін таратып береді (бұл суреттер отбасы тақырыбы басталған уақыттан бастап, балалардан жиналады). Әр бала өз отбасында неше адам барын атайды. Педагог балаларға аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас сөздерімен таныстырады. Балалар өз отбасына қатысты сөздерді бірден іріктеп алады. Егер баланың ағасы болса, ол міндетті түрде аға деген сөзді қажет етеді. Осылай өз отбасы суреттеріндегі отбасы мүшелерін атап шығады. | Мынау-менің әкем. Мынау-менің анам. Мынау-менің ағам т.с.с. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Менің қарындасым” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы екі сурет бойынша отбасы мүшелерін қайталатады. 2-тапсырмадағы сурет бойынша қарындас, сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсіндіреді. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. |
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелері атауларын меңгереді.
Игереді: отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауының 1 жағында айта алуға үйренеді. Қарындас/сіңлі сөздерінің айырмашылығымен танысады.
№18 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Мынау не?
Мақсаты: аң атауларын үйрету. Аңдар туралы түсінік беру. Аңдарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: аңдардың дыбысы жазылған аудиотаспа.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балалардың назарын алдын ала аудиотаспаға жазылған аңдардың даусына аударады. Балалардан бұл қандай аңның дауысы екенін сұрайды. Балалар өздері кейбір аңдардың дауысын, жүрісін салып көрсетеді. | Балалар қай аңдардың дауысы екенін табады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Мынау не?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Балаларды 1-тапсырмадағы сурет бойынша аю, арыстан, піл, қасқыр, түлкі, қоян, керік, кірпі сөздерімен таныстырады. 2-тапсырмада аңдарды сұлбасы бойынша табу арқылы, аң атаулары қайталанады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар аң атауларын қайталайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: аң атауларын меңгереді.
Игереді: аю, арыстан, піл, қасқыр, түлкі, қоян, керік, кірпі сөздерін үйренеді.
№19 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Неше піл?
Мақсаты: аң атауларын қайталау. Сандарды еске түсіру. Аңдарға деген мейірімділікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үш пілдің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларға үш пілдің суретін көрсете отырып, оның қандай аң екенін сұрайды. Пілдерді санау арқылы сандар қайталанады. “Қандай? Неше?” сұрақтары белсенді қолданылады. | Балалар оның піл екенін және олардың саны үшеу екенін айтады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Неше піл?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Балаларға 1-тапсырмадағы орманның суреті бойынша ормандағы аңдарды санатады. Сандар қайталанады. Педагог балаларды 2-тапсырмадағы тақпақпен таныстырады. Қасындағы сурет бойынша керік, түлкі, піл, кірпінің санын атайды. Тақпақты қайталату арқылы жаттатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар суретте бір піл, екі керік, бір түлкі, үш кірпі салынғанын айтады.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: аң атауларын және сандарды меңгереді.
Игереді: балалар онға дейінгі сандарды және аң атауларын қайталайды, аңдар туралы тақпақты үйренеді.
№20 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Мынау не?
Мақсаты: үй жануарлары атауларын үйрету. Сөздік қорларын арттыру. Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үй жануарларының дауысы жазылған аудиотаспа.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балалардың назарын алдын ала аудиотаспаға жазылған үй жануарларының дыбысына аударады. Балалар бұл қандай дыбыстар екенін сұрайды. Балалар өздері кейбір үй жануарларының дауысын, жүрісін салып көрсетеді. | Балалар үй жануарларының дыбысы екенін табады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Мынау не?” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Балаларды 1-тапсырмадағы сурет бойынша үй жануарларының атауларымен таныстырады. Балаларға қайталатады. 2-тапсырмада балалар үй жануарларын сұлбасы бойынша табады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі сөздерін қайталайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарлары атауларын меңгереді.
Игереді: балалар түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі сөздерін үйренеді.
№21 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Үлкен. Кішкентай.
Мақсаты: “Үлкен, кішкентай” сөздерімен таныстыру. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру. Үй жануарлары мен аңдарға деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үй жануарлары мен аңдардың суретінен тұратын слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды үлкен, кішкентай сөздерімен таныстыру үшін топқа үлкен және кішкентай ойыншық жануарды алып келеді. Педагог жануарларды атап, балалар олармен амандасады. | Балалар “Сәлеметсіз бе!” немесе “Сәлем!” деп амадасады. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Үлкен, кішкентай” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Слайдтан үй жануарлары мен аңдардың суретін көрсетеді. Сурет бойынша үй жануарлары мен аңдардың атауларын қайталатады. Балаларға үй жануарлары мен аңдардың қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін көрсетеді. Жұмыс-дәптері бойынша үй жануарлары мен аңдардың қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін ажыратқызады. Жұмыс-дәптердегі екінші тапсырмада жануарлар мен аңдардың сұлбасы бойынша тапқызу арқылы тағы бір қайталайды. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Топтағы балалар “түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, піл, керік, қоян, аю, кірпі” сөздерін хормен бірнеше рет қайталайды.
Топтағы балалар “түйе, жылқы, сиыр, піл, керік, аю үлкен”, “қой, ешкі, қоян, кірпі кішкентай”,-деп жеке-жеке хормен бірнеше рет қайталайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар үлкен және кішкентай сөздерінің айырмашылығын меңгереді.
Игереді: “үлкен”, “кішкентай” сөздерін үйренеді.
№22 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Мынау-алма.
Мақсаты: бақшадағы жеміс-жидектер түрімен таныстыру. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жеміс-жидектер суретінен тұратын слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог топтағы балаларды жеміс-жидек атауларымен таныстыру үшін алдын ала дайындап қойған жеміс-жидектердің муляждарын пайдаланады. Жеміс-жидектердің муляждарын (немесе олардың суретін) топтағы оқушыларға таратып береді (бірнеше данадан болса, топтағы барлық балаларға жетеді). Содан кейін әр баланың қасына барып, оның қолындағы қандай жеміс-жидек екенін (Мынау алма) атау арқылы жеміс-жидектердің атауларымен таныстырады. | Балалар педагогтің соңынан алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім деген сөздерді қайталайды. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Мынау-алма” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1-тапсырмадағы сурет бойынша балаларды жеміс-жидектердің түрімен (алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім) таныстырады. 2-тапсырмадағы сурет бойынша жеміс-жидектердің атауларын қайталатады, қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін ажыратқызады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Топтағы балалар: “Алма, алмұрт үлкен”, “шие, өрік кішкентай”,-деп жеке-жеке, хормен бірнеше рет қайталайды.
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жеміс-жидектердің түрлерін, қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін меңгереді.
Игереді: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім сөздерін үйренеді.
№23 технологиялық карта
Білім беру саласы: “Қатынас”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Қазақ тілі”.
Тақырыбы: Мен алма жеймін.
Мақсаты: жеміс-жидектердің атауларын қайталау, оның түсін ажырату. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ыдыстағы жеміс-жидектер суреті, алма жеп тұрған баланың суретінен тұратын слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
| Педагог топтағы балаларға ыдыста салынып тұрған жеміс-жидектерді (немесе суретті) көрсетеді. Әр жемістің атауын сұрайды, түстерін айтқызады. Сурет бойынша сөздерді хормен және жеке-жеке қайталатады. Балаларды жаңа сөзді көзбен қабылдау арқылы естерінде сақтайды. | Балалар “алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, сары, қызыл, жасыл” деген сияқты қысқа жауап береді. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі “Мен алма жеймін” тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша жеміс-жидектердің атауларын қайталатады. Баланың қандай жеміс жеп тұрғанына көңіл аударады. Оның түсін ататқызады. “Мен ... жеймін. Мен ... жемеймін” деген сөйлем үлгілерін үйретеді. Бұл сөйлемдерді толық қабылдауға жаттықтырады. Неғұрлым көбірек тыңдаған сайын, балалар соғұрлым жеңіл қабылдайды. Жұмыс-дәптердегі екінші тапсырмада алмаларды түсіне қарай ажыратқызады. Неше қызыл алма, неше сары алма екенін санатады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. | Балалар “алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім”,-деп қайталайды.
“Қызыл алма”.
Балалар “Мен алма, алмұрт, жүзім жеймін. Мен шие, өрік жемеймін”,-деп айтады. “Төрт сары алма, бес қызыл алма”
Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. | Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жеміс-жидектердің түсін ажыратады, “Мен ... жеймін. Мен ... жемеймін” сөйлем үлгілерін меңгереді.
Игереді: жеміс-жидектердің түсін атайды, “Мен алма, алмұрт, жүзім жеймін. Мен шие, өрік жемеймін” сөйлемдерін үйренеді.