СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қыз –ұлт болашағы» қыз сыны байқауы

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-жүргізуші. Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

2-жүргізуші Армысың, өнер сүйер асыл халқым,Мереке құтты болсын ауылдасым. Тағы да келіп жетті сайысымыз.Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын. Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қыз –ұлт болашағы» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру –басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.  

Просмотр содержимого документа
««Қыз –ұлт болашағы» қыз сыны байқауы»

1-жүргізуші. Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

2-жүргізуші Армысың, өнер сүйер асыл халқым,Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз.Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қыз –ұлт болашағы» деп тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру –басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Орынбек,ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.
Туған жер азаматтың мекені екен,
«Мектеп аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен.....
Сіздерге сәлем беріп көрінуге,Арулар сахнаға шықсын енді.- демекші аруларымызды қошеметпен шақырайық.. 
( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар-қатар келіп тұра бастайды. Осы кезде «Қыз сыны» әнінің әуені ойналып тұрады. )
2-жүргізуші: Бірінші ару- ақша маңдай, үлкен-кіші мақтағандай,
1-жүргізуші: Екінші ару- өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,
2-жүргізуші: Үшінші ару- достарын сары алтындай сақтағандай,
1-жүргізуші: Төртінші ару- көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай,
2-жүргізуші: Бесінші ару- ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор қызына,
1-жүргізуші: Алтыншы ару –келеді, еркін басып, шекесіне үкі таққан.
2-жүргізуші: Ендеше аруларға сәттілік тілей отырып, жеребе тартқызайық. Қанекей келіңіздер, мархабат, мына қоржынан өз нөмерлеріңізді алыңыздар.
( Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Қоржын ішіндегі асықта нөмірлері болады,сол бойынша жауап береді. Нөмірі бар эмблема кеуделеріне тағылады.)
1-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады. ( қазылар алқасын таныстыру не болмаса тағайындау) 
2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.
Сайыс кезеңдері: 1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. 3мин.
4. «Халқын сүйген-салтын сүйер» үй тапсырмасы 3-4 мин.
5. «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау. 3 мин
6. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету.
1-жүргізуші: Орынбек аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын» 
2-жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.. Алдарыңызда ---- нөмірлі аруымызды қарсы алайық. 
( арулар өздерін таныстырады) 
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Қоржын ішінен асық алады, асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 мин ішінде жауап берулеріңіз керек. ( сайыскрлер кезек-кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген сахнадан кетіп, келесі кезеңге дайындаладі) 
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тағыда аналар, қыздар мерекесі құтты болсын! Ал, кезекті сайысқа көшеміз «Өнерлі өрге жүзер» аруларымыздың таң қалдырар өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі.Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,Би билеп, ән салып бер енді.
2-жүргізуші: Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген...Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген. 
«өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған.Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.
Сахнаға нөмірлі аруымызды шақырайық өнерімен.
( сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал бармағынан жасалған дәмді тағамдар жасау шарты бойынша «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңінде аруларымыз өздеріне берілген уақыт ішінде кез келген тағам түрін дайындайды.
2-жүргізуші: Алтынбек, аруларымыз тағам дайындағанмен қатар таныстырып қорғау керек емес пе? Ендеше іске сәт, арулар!
1-жүргізуші: Арусыңдар таудай биік талабың,Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сындаАс әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа болыппа?
Музыка. ( сайыскерлер қатар тұрып берілген уақыт ішінде тамақ дайындайды) 
1-жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен демелік,Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,Әділдікпен бағаларын берелік
2-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді таныстыру. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
( «Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады) 
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар. Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
( қазылар алқасы қорытындысын айтады)