СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қызыл кітап " құпиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: 1. «Қызыл кітап» туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру. 2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру. 3. Табиғатты аялауға баулу.

Просмотр содержимого документа
«"Қызыл кітап " құпиясы»

7 тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті­­­­­: Қоршаған орта.

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтену.

Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітап» құпиясы.

Сабақтың мақсаты: 1. «Қызыл кітап» туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау,

оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: саны сиреп бара жатқан жануарлар, өсімдіктер.


Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті








Мотивациялық қозғаушы күш

Сәлем деймін мен күнге,

Сәлем деймін мен саған,

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға баршаға

Міне мен, міне сен,

Сәлеметсіздерме!!!

1)Балалар бізді не қоршап тұр?

2 Табиғат нешеге бөлінеді?

3 Орманда, тауда нелер тіршілік етеді?

Ойын: «Кім тапқыр?»

1. Терісінде түгі жоқ, мұрны ұзын, шөпті тұмсығымен жейді?

2. Домалана қалады, ал енді тиісіп көр, жан-жағының бәрі тікен?

Балалар шеңберде көңілді қимыл- қозғалыс жасап қонақтармен амандасады.




Балалар жауап береді.




Піл.


Кірпі.













Іздену ұйымдастырушы кезең

Ал енді табиғатқа саяхат жасап қарайықшы?

(үнтаспадан табиғаттың орманның дауысы естіледі).

Қоян келеді.

- Көмектесіңдер, көмектесіңдер!

- Сәлеметсіз бе, қоянжан! Саған не болды?

- Ормандағы аңдарға қауіп төніп тұр. Неге екенін білмеймін ормандағы аңдар күн өткен сайын азайып бара жатыр.

(Ізінен аңшы кіреді, ол қоянның қайда кеткенін сұрап, асығады).

- Амансыз ба? Сіз аптықпаңыз, кішкене аялдаңыз. Бүгінгі күніңізді бізбен бірге өткізіңіз, мүмкін біздің сабағымыздан жақсы пікір алып кетерсіз. Тыңдаңыз.

-Балалар, бүгін біз Қызыл кітаппен танысамыз.

-Балалар, сендер білесіңдерме, қызыл түсті белгі тағы да қай жерде кездеседі?

- Демек, балалар, қызыл түс қауіп төніп тұр, көмек керек деген мағынаны білдіреді.

Әңгіме: «Қызыл кітап».

- Қызыл кітаптың маңызы зор. Ол жойылып бара жатқан аң-құстарды, өсімдіктерді қорғауға алады, оларды бейберекет атуға, аулауға тиым салады

- Бұл кітапта саны азайып кеткен жануарлар мен өсімдіктер туралы анықтамалар, қызықты әңгімелер және олардың түрлі-түсті суреттері бар.

- Мұқият қарап отырыңдар! Енді сендерді сол аңдармен, құстармен, өсімдіктермен таныстырамын.

Слайд.

«Қызыл кітап» дидактикалық ойыны. Шарты: Қызыл кітапқа енген жануарлар суретінің қиындыларын құрастыру, олардан кітап жасау. Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызады.

Тәрбиеші қызыл кітапқа енген құстар мен жануарлар қиынды суреттерін үлестіреді.

Тәрбиеші беттерді түптеп, алдын-ала жасалған қызыл кітаптың мұқабасының ішіне салады.

Сергіту сәті:

Бұғының үлкен үйі бар,

Терезеден қарады ол.

Қоян жүгіріп келеді

Бұғының үйін көреді.

Тук, тук есік аш!

Орман толы аңшы қас.

Қоян, қоян келе ғой

Қолыңды маған бере ғой.

Тәрбиеші балаларға жаттаған тақпақтарын айтқызады.

-Балалар, енді менің сендерге арнаған тосын сыйым бар. Ол үшін сендер көздеріңді жұмыңдар.

Мұражайға саяхат.

Аңшы ойланып тұрады.

- Қазір балалармен мұражайға барамыз, сізде жүріңіз. Ондағы аңдар мен құстарды көріп, жасап жүрген жұмысыңыздың дұрыс еместігін түсінесіз.















Балалардың жауаптары тыңдалады.



Балалар мұқият тыңдап отырады.
































Балалар көзін ашқанда алдарында аңдар мүсіндерін көреді.

Рефлексті коррекциялаушы кезең

- Балалар бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?

- Балалар қызыл кітаптың түсі, атауы неге «қызыл»?

- Қызыл кітапқа қандай аңдар мен құстар еңген?

- Біздің Маңғыстауда қызыл кітапқа енген қандай жануарларды, құстарды, өсімдіктерді білесіңдер?

- Қоян мен аңшының әрекетін қалай түсіндіңдер?

- Қоян бізге неге келді?

Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста ,адамды табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Табиғатты сол себепті анамыздай ардақтап қорғап күтуіміз керек. Жануарлармен өсімдіктерді қорғау – әрбір адамның тікелей парызы.

Тәрбиеші балалардан тақпақ сұрайды.

Балалар табиғатымызды алақанымызға салып аялап өтейік.

- Бүгінгі сабақта белсенді болғандарың үшін «Жарайсыңдар!» деп, әдемі жұлдызшалармен марапаттайды.

Балалардың жауаптары тыңдалады.














Балалар мәз болып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қонақтарға тарту етеді.

Күтілетін нәтиже: туған өлке табиғаты туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс: табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы .

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Көрсете білуі: өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға қамқорлық көрсету, өсімдіктерді күтіп- баптау.