Сабақ тақырыбы: | 4-тақырып. Қазақстанның ежелгі қалалары және «Ұлы жібек жолы» Ұлы дала өркениеті. |
Оқу мақсаты: | 7.О2 Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау. 7.О4 Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау. 7.Ж3 Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу. |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
Жетістік критерий- лері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасайды.Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасайды.Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазйды. |
Жаңа сөздер: | Заман-век , ғасыр-век , отырықшы-оседлых-, бірегей-уникальный, өркениет-цивилизация, өңдеу-обработка |
Сабақта қолданы- латын материалдар: | Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдтар, дүниежүзінің физикалық картасы, плакат, маркерлер, кесте, смайликтер. |
Оқыту әдістері: | Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, кластер, «Сандар сөйлейді» ойыны, рөлдік ойын, «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілі, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы. |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?- деп сұрайды. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта- ды. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын! |
Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
І. Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында«Ой шақыру» әдісін пайдаланып,«ұлы дала» сөзіне кластер құрғызады. | Кластер құрады. |
ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
2. Мәтіналды жұмыс.А) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Жазылым. Сұрақтарға жауап береді. |
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Орыстың ұлы зерттеушісі Л. П. Окладниковтың ежелгі түркі мәдениеті туралы айтқан сөзін қазақ тіліне аударады, «Древняя тюркская Сибирь» ұғымы жер шарының қай бөлігінде орналасқанын әлем картасынан табады. |
3. Тілдік бағдар. Метафораны меңгертеді. | Метафораны меңгереді. |
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды,түсінгенін баяндайды. |
Ә) Жазылым.Айтылым.Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Айтылым. Мәтін мазмұны бойын- ша жоспар құрып жазады, тірек сөздерді анықтайды, мазмұнды баяндайды. |
Б) Жазылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Сызбаны толықтырып жазады. |
В) Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады. | Айтылым. «Сандар сөйлейді», рөлдік ойынның шарттарын орындайды. |
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Айтылым. Қазақстан картасын алып, аталған жерлерді белгілейді, біреуін таңдап, қайнаркөздерден соған қатысты ақпарат жинайды, оны Ұлы Дала өркениетімен байланыстырады, шағын мәтін құрап жазады. |
Сергіту сәті. Жарнама жасатады. | Жұптық жұмыс. Оқушылар өздеріне ұнайтын кітаптың біріне жарнама жасайды. |
ІІІ. Ойтолғаныс | Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Ұлы Даланың ежелгі мәдениетіне қатысты сәулет ескерткіштерінің каталогін жасайды. |
IV. Бекіту | А) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
| Ә) Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Хабарландыру жасайды. |
V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқу- шылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойын- ша өзара бір-бірін бағалайды. |
VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау. | |