СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Келісім түбі жарастық

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылар бойында достық, бейімділік сапаларын арттыру.

 

Қамқорлық жасауға жетелеу, жарастықта болуға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Келісім түбі жарастық»

Пәні:

Өзін – өзі тану

Сыныбы:

2 сынып

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Келісім түбі – жарастық

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:

А) Ақпараттық құзыреттілік

Ә) Коммуникативтік кұзыреттілік

Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі





«Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылар бойында достық, бейімділік сапаларын арттыру.


Қамқорлық жасауға жетелеу, жарастықта болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:


Білім беруді ізгілендіру, проблемалық оқыту.

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, әдебиеттік оқу, музыка.

Оқыту құралдары:

Көрнекі құралдар, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру бөлімі




































-Қайырлы күн оқушылар!


-Көңіл – күйіміз қалай?

-Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді.Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындайды. Оқушыларды тыныштық сәтіне ыңғайлан˗

дырып отырғызады.


Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену».

˗ Балалар, ыңғайланып отырып, денелеріңді тік ұстаңдар. Қолдарынды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көзімізді жұмайық. Елестетіп көріңдер: Күн нұры сендердің төбелерінен өтіп, кеуделеріне қарай бойлап барады. Кеуделеріннің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүл түйнегі нұрынан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сендердің әр ойларыңды, әр сезімдерінді, көңіл ˗ күй мен тілек-қалауларыңды жұпар иіске бір бөлеп, жүректеріннің қауызын ашты. Нұр сәулесі сендердің бойларына ақырын тарай бастағанын елестетіндер. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңа түсіріңдер. Сендердің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі...Енді, балалар осы сезімді бойларыңа сақтап, өз сыныбымызға оралайық. Ал енді көзімізді ақырындап ашайық. 1. 2. 3."

Оқушылар мұғаліммен амандасады.

- Көңіл – күйіміз жақсы.

-Ия, дайынбыз.

Сабақтағы жұмыстарға оқулықтар мен жұмыс дәптерін және қажетті құрал – жабдықтарын дайындайды.




Мұғаліммен бірге тыныштық сәтіне дайындалады.



Сынып сабақққа психологиялық тұрғыдан дайын, мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.








Тыныштық сәтін өткізу кезінде дене қалпын, тыныс алуы мен денесін бос ұстап, жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін, өзіне - өзі сұрақ қоюда қиялын белсендіреді.

Толық тыныштықта оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, сезімі мен көңіл - күйін жақсы сезінеді.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

"Досым көп болсаң десең" тақырыбында өз ойларың жазу.

Оқушылар " Досым көп болсаң десең" тақырыбында өз ойларымен бөлісе отырып эссе жазады.

Үй тапсырмасына дайындық деңгейлері анықталады.

Қай кезде, қай жаста болсын, адам өміріндегі достықтың орны ерекше екендігін ұғынады. Достық жайлы ой ˗ көзқарастарын ақ параққа түсіреді. Шығармашылық қабілеттерін арттырады.

ІІІ.Жаңа материалға кіріспе.















Дәйексөзбен жұмыс.

Келісіп пішкен тон˗ келте болмас

мақал

- Айналаңдағы барлық адамдармен, әсіресе, достарыңмен, ата - аналарыңмен, туыстарыңмен келісім мен жарастықта өмір сүруде мәнді ғұмыр болатынына ешкім күмән келтірмейді. Бұл мақалдың түп мағынасы, балалар, келісіп барлығын бірлікте шешсеңдер айтқандарын зая кетпейді.


Берілген ақпарат бойынша келісімнің не екенін біліп, оның мағынасын ашады.



Дәйек сөзді дәптерлеріне жазып, осы мақал бойынша өз ойларын айтады.









Дәйек сөздің мағынасын ашу арқылы келісім мен жарастық, қайырымдылық пен мейірімділіктің маңызын ұғынады. Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді. Өз қарым - қатынастарын дәйектейді.








IV. Жаңа мате-риалды меңгерту.























































































Сергіту сәті

Мәтінмен жұмыс.

Өсиет әңгіме

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек.Адам аңдарды үйіне шақырып,аз –кем кеңес құрыпты.

Бәріміз бірлесіп,ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді.Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік. Қалай десек те,Кеңесіп пішкен тон келте болмас, - депті.

-Осындай ой – пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,-депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп.

-Адам бізге басшы,біз қосшы болсақ, мен келістім.Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда,үй-жайын қорып, күзетуге мен әзірмін,-депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп.

Бадырайған көзін анда – санда ашып – жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай,ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

-Шақырған жерден қалма,-деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты.

-Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін!- деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты.

Бір кезде Адамның, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке-дара бөлектенуі,оны әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсіліде өзгеріпті.

Содан бері Адамның,Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.

Оқушылардың түсініктерін сұрақтар қою арқылы тыңдалады:

˗ Адам, Ат, Ит үшеуі қандай келісімге келеді?


˗ Жапалақ неліктен жалғыз қалады?

˗ Келісімде,жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?


-Дұрыс айтасыңдар оқушылар!

Адамдар бір – бірімен өзара тіл табысуы,түсінісуі,ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа,шаттыққа бөлейді.

Жағдаяттарды шешіңдер.

Тілес Бекарысты байқамай қағып кетті...


Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды......




Мұғалімнің басшылығымен сергіту сәті видеоролик арқылы көрсетіледі.



Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық тапсырма береді.

«Достық» туралы мақал – мәтелдер айту.










Топтық ән:

˗ Балалар, барлығымыз ән шырқағанды ұнатамыз ба?

˗ Өте жақсы, ендеше, қазір біз " Бала тілегі" атты әнді шырқайтын боламыз.

Бала тілегі

Сөзін жазған: С. Молдасанұлы

Әнін жазған: Ф.Лұқпанова

Бал – балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік ˗ ұлан ˗ байтақ еліміз,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып, өз ойларымен бөліседі.

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек.Адам аңдарды үйіне шақырып,аз –кем кеңес құрыпты.

Бәріміз бірлесіп,ынтымақты еңбек етсек,қиынымыз жеңілдер еді.Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік.Қалай десек те, Кеңесіп пішкен тон келте болмас, - депті.

-Осындай ой – пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын, - депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп.

- Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда,үй-жайын қорып,күзетуге мен әзірмін,-депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп.

Бадырайған көзін анда – санда ашып – жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

- Шақырған жерден қалма,-деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты.

- Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін!- деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты.

Бір кезде Адамның,Аттың,Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке-дара бөлектенуі,оны әрі адастырыпты.Өмір сүру тәсіліде өзгеріпті.

Содан бері Адамның,Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



-Адам, Ат, Ит үшеуі ынтымақтастықта өмір сүруге келіседі.

-Жапалақ үшеуінің сөзін құптамады,бірлесіп өмір сүргісі келмеді.

- Кешірімді

- Мейірбан

- Ақкөңіл

- Көмектесетін т.б












-Тілес Бекарыстан кешірім сұрайды,байқамай қалғаның айтады,достық ниетін ұсынады.






-Оларға әжесі келіп бір –бірінен кешірім сұратқызады.

- Келісімге келіп,бірлесіп ойнандар, –дейді.


Мұғаліммен бірге қайталап,

Қимылмен көрсетеді.




Оқушылар бұл шығармашы˗

лық тапсырмада

достық туралы мақал˗ мәтелдерді айтады.

1. Мың жолдас жақсы,

Мың жолдастан бір дос жақсы.


2. Дұшпаннан бір сақтан.

Жаман достан мың сақтан.


3. Жүз сом ақшаң болғанша,

Жүз досың болсың.


4. Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.



˗ Ия!



Оқушылар топтық әнді шырқайды.






















Жаңа тақырып бойынша мәтіннен мәлімет жинақтайды, білімдерін кеңейте-лік сапаларын арттыру.ді.


















Оқушылар бұл ертегіні оқи отырып, қиялдауға, көңілдерін көтеріп армандауға үйренеді.

Жаңа сабақтың мәнін ашатын бұл мәтін арқылы табиғат жануарлары мен адамдар арасындағы жарасымдылығы мен келісімділігі туралы ой˗ пікірлер қалыптастырып, олардың ой˗ өрістерінің дамуына дағдыланады.
























Қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды. Білімдері шыңдалады. Сұрақтарға жауап беріп, еркін сөйлей алады.















Өз ойларын айтып жағдаяттарды шешеді.














Оқушылар бір серігіп қалады.

Сергіту сәтін орындайды, бойлары сергиді, сабаққа белсенділіктері артады.


Оқушылар бойларындағы ізденушілік қасиеттерін дамытады. Мақал – мәтелдерді айта отырып ой – өрістерін дамытады, дос болуға ұмтылады.











Оқушылар жанынан шырқалған бұл керемет ән арқылы олар көңілдерін бір сергітіп алады. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттілігіне айналдыра, құштарлық сезімдеріне дағдыланады.

ІV.Жаңа материалды

бекіту

Релаксация:

" Өзіммен өзім"

˗ Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз. Соның дәлеліндей әркім өзінің қасындағы парталасының қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім береді. Осылайша жарасымды жұп болып отырғанымызды сырттай қарап отырған Жапалақ та достықтың не екенін енді түсінді. Ол өзінің екі достарына қайта айналып барып, кешірім сұрады. Адам, Ит, Ат Жапалақты кешірді. Оған жақсы дос табуына тілектес болды. Біз де олардың кешірімді болғандарына риза боп отырмыз. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз.


Оқушылар бұл релаксацияда ыңғайланып отырып, көздерің жұмады. Одан әрі релаксациялық сәтке бөленеді.


Достықтың мәнін тереңірек түсіну мен оны сезіну мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.

V.Үйге тапсырма

«Өсиет әңгіме» аңызды оқып келу.

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Берілген тапсырманы үйден орындайды.

VI.Қорытындылау


Оқушылар адамдар бір – бірімен жақсы қарым қатынаста болса, олар бейбіт өмір кешеді.


Мұғалімді мұқият тыңдайды. Оқу құралдарын жинап, келесі сабаққа дайындалады.



Жаңа тақырып қорытындыланды. Сабақ өз мақсатына жетті.

VII.Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырып, денелеріңді бос ұстайық. Көздеріңді жұмып, өздеріңді еркін сезініңдер, денемізді бос ұстап, елестетеміз. Ал, қанеки, көзімізді жайлап жұмамыз. «Қыс келді. Айнала аппақ қарға оранған. Біздер сыныбымызбен серуенге шықтық. Барлығымыздың көңіл-күйіміз өте жақсы. Далада аққала жасап ойнап, таза ауамен тыныстап қайттық».

  • Сабақ аяқталды.

  • Сау болыңыздар!


Балалар тыныштық сәтіне көздерін жұмып, ыңғайланып отырады. Сабақтан алған әсерлерін қорытындылайды.











  • Сау болыңыз!

Оқушылар керемет сезімге бөленеді және қысқы табиғатты көз алдарына елестетеді.