СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көліктер мен жолда жүру тәртібі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар жол ережесін білу керек!

Просмотр содержимого документа
«Көліктер мен жолда жүру тәртібі»

2 «Еркетай» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні: 03.02.2016 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бағдарлама тараулары:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көліктер мен жол жүру тәртібі»

Мақсаты: жол жүру ережесін, бағдаршам тәртібін түсіндіріп, жердегі, ауадағы және судағы көлік түрлерін ажырата білуге үйрету; көліктің адам өмірі мен еңбегін жеңілдетуге маңыздылығын айтып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу; жол ережесін сақтап, жаяу жүргіншілер мен көше жиегіндегі жолдармен жүруге дағдыландыру.

Құрал жабдықтар:жолдың суреттері, бағдаршам, көліктер.

Билингвалды компонент: көлі – транспорт - transport; бағдаршам – светофор - traffic light

Іс -әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушы

Жұмбақ

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңайға» дейді.Ол не?

(Бағдаршам)


Топқа Дымбілмес пен Бағдаршам кіреді.

Бағдаршам ренжіп сөйлейді:

-Біздің қалада қауіпті жағдайлар жие болып тұрады. Ал, Дымбілмес болса, жол ережелерін білмейді.

-Балалар келіңдер, Дымбілмеске жол ережесін үйретейік.

Дымбілмес:

-Маған көмектесуге келіскендерің үшін ризамын. Мен қателесіп едім, жол ережелері бұзылды: мәшинелер жиекжолмен жүр, бағдаршамдар істемей қалды, жол белгілері кетіп қалды. Бұның бәрін қалай дұрыстасам болады?

-Сен жол ережелерін жаттап алу керексің. Ол үшін балалардың жауаптарын тыңда.


Жұмбақты шешеді.







Дымбілмеске көмектесуге келіседі.







Дымбілместі тыңдайды.

Ұйымдастыру - іздестіру




«Көшеде жүреміз»

-Көшеде келе жатқан адамдарды, қалай айтамыз?

-Жаяу жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

-Жүретін жолды қалай атаймыз?

-Жолдың қай жақ бөлігімен жүрген дұрыс?



Сұрақтарға жауап береді.




Ұйымдастыру - іздестіру




Өлең тыңдаймыз

Ә.Табылдиевтің «Бағдаршам» өлеңін оқып беру.

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйме баспа алға,

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға,

Жакөзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

-Өлең не туралы?

-Бағдаршам не үшін қажет?

«Ыстық доп» дидактикалық ойыны

Тәрбиеші допты лақтырып, балаларға сұрақ қояды.

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Бағдаршам көздерінің түсі қандай? Оны ағылшын тілінде атап бер.

-Қызыл көзі жанғанда не істеу керек?

-Сары көзі жанғанда ше?

-Ал жасыл түсі жанғанда не істейміз?


Шығармашылық сәт

«Көңілді бағдаршам» дидактикалық ойыны

Бағдаршамды дұрыс бояуға тапсырма береді.

Сергіту сәті

Көтереміз қолымызды,

Созыламыз жоғары.

Бір.екі,үш,төрт.

Денеңді солға бұр,

Денеңді онға бұр.

Қолыңмен көмектесіп,

Беліңді шынықтыр.

Жұмбақтар

Қарашы күшін керемет,

Көше тәртібін сақтап тұр.

Сілтеп еді он қолын,

Дәу мәшине тоқтап тұр.

(Жол реттеуші)

Бір-біріне қарап, үйлер тіркесіп.

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.

(Пойыз)

Сымға асылып,

Жүр асығып.

(Троллейбус)

Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүр еді.

Өзіне адам мінеді,

Ол не, ал кім біледі?

(Трамвай)





Өлеңдң тыңдайды.










Сұрақтарға жауап береді.







Бағдаршамды бояйды.



Қимыл – қозғалыстар жасайды.








Жұмбақтарды шешеді.








Іздену - ұйымдастырушы




«Ауада,жерде,суда» дидактикалық ойыны

Тақта алдында мәшине жолының, теніздің, теміржол мен бұлтты аспанның суреті қойылады. Балалрға көлік түрлерінің суреттері таратылып беріліді. Қолдарындағы суреттерді тиісті орынға қоюды ұсынады.



олдарындағы көліктердің суреттерін тиісті орынға қояды.


Рефлексивті– коррегиялық



Дымбілмес балаларға рақмет айтып, қоштасып кетеді.

Балалардыңеңбегін бағалап, мадақтайды.




Дымбілмеспен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:жол жүру ережесін, бағдаршам түсінің белгілерін

Болу керек:жердегі, ауадағы және судағы көлік түрлерін.

Істей білу керек: қауіпті жағдайлар болмау үшін жол ережесін сақтау керектігін.


Дайындаған: А.Б.Сагатова

Тексерілді: А.Б.Бекишева