Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту сәті
|
Дымбілмес: «Маған көмектесуге келіскендерің үшін мен ризамын. Мен қателескендіктен, жол ережелері бұзылды: машиналар тратуардың үстінен жүр, бағдаршамдар істемей калды, жол белгілері кетіп қалды, қалай бәрін дұрыстасам екен?»
Ендеше, сен жол ережелерін сақтау үшін, оларды жаттап алу керексің.
«Көшеде жүреміз»
-Көшеде келе жатқан адамдарды, қалай айтамыз?
-Жаяу жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
- Жүретің жолды қалай айтаймыз?
-Жолдың қай жақ бөлігімен жүрген дұрыс?
Біз жаяу жүргіншіден жолаушыларға айналамыз.
- Біз автобусты қай жерде күтуіміз керек?
Ал қазір балалар біз Ә.Табылдиевтің “Бағдаршам” өлеңін тындайық:
«Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба!
Тақпақ не туралы?
-Бағдаршам не үшін қажет?
Дидактикалық ойын: «Ыстық доп»
Тәрбиеші допты лақтырып, бағдаршамға қарап балалардан сұрайды. Сұрау барысында тәрбиеші бағдаршам түстерінің ағылшынша аудармасын да сұрайды.
-Қараңдаршы, бағдаршамның неше көзі бар?
-Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
-Қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green
-Қызыл көзі жанғанда не істеу керек?
-Сары көзі жанғанда ше?
-Ал жасыл түсі жанғанда не істейміз?
-Жақсы, мынау не?
Дәптермен жұмыс
Дидактикалық ойын: «Көңілді бағдаршам»
Мақсаты: қол моторикаларын дамыту
Шарты:Балалар бағдаршамды дұрыс бояу керек
Дымбілмес , қарашы, калай біздің балалар жұмбақ шешеді
«Көтереміз қолымызды
Созыламыз жоғары
Бір - екі, үш – төрт
Денеңді солға бұр, оңға бұр
Қолыңмен көмектесіп, беліңді шынықтыр»
Дидактикалық ойын: « Не артық»
Мақсаты:ойлау қабілеттерін дамыту, қол моторикаларын дамыту
Шарты: артық затты сызып тастайды, көліктерді ажырату.
Мысалы:машина, автобус, ұшақ, такси
Менде суреттер бар. Балалар, Дымбілмес тағы бәрін шатастырыпты.
«Отыр, қара қәне көмектесейік!»
Жұмбақ жасыру
«Қарашы күшін керемет
Көше тәртібін сақтап тұр.
Сілтеп еді оң қолын,
Дәу машина тоқтап тұр»
«Бір – біріне қарап үйлер тіркесіп
Қара тұлпар жүр әрі – бері көшіп»
«Сымға асылып,
Жүр асығып
Дыз – дыз етіп жүрегі
Сымнан ұстап жүр еді
Өзіне адам мінеді
Ол не, ал кім біледі?»
«Жүргізуші, абайла!».
Тәрбиеші балаларға алып шығып қолдарына руль береді. Тәрбиеші полиция болып жүргізушілерге жолда жүру ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап беруін ұсынады. Полиция жүргізушімен әңгімелеседі.
-Бағдаршам не істейді?
-Біз қазір сендермен қаламыздың бір көшесіне серуенге шығамыз. Егер бәріміз жаяу жүріп барсақ, онда бізді кімдер деп атайды?
-Көлік жүретін жолда ойнауға бола ма?
Дидактикалық ойын: «Ауда, жерде, суда »
Мақсаты: Көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.
Керекті құрал жабдықтар: жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай, көліктердің суреттері.
Шарты:Топтын ішінде (жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта алдында қойылады.
|
Сұрақтарға жауап береді
-Жаяу жүргіншілер
-Тратуар мен
-Көлік жолы
-Оң жақтан жүру
Тақпақты тындайды
-Жақсы, бағдаршам көшеде көліктер бір - бірімен соқтығысып қалмауы үшін, адамдарды көлік апатынан құтқару үшін қызмет етеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді,
Дәптермен жұмыс жасайды, бір-бірінің жұмысын текереді
Қимыл-қозғалыстарын жасайды
Балалар «такси» сызып тастайды
Дәптермен жұмыс жасайды, бір-бірінің жұмысын тексереді
Жұмбақ шешеді
(Реттеуші полиция)
(Поезд)
(Троллейбус)
Балалар бағдаршам көздеріне қарап жүреді, тоқтайды, ойнайды
Балалар көліктер суретімен карточкаларды алады , алдындағы белгілерге апарып қойады,
|