Ортаңғы «Шаңырақ» тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Ахатова А.Қ
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:»Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып:
Тақырыбы: "Көктем"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын дамыту.
Оқыту: Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Бұл жыл мезгілінің ерекшелігін бақылату.
Педагогикалық технологиялар: Ойын,жеке тұлғаға бағытталған технологиялар
Ресурстармен қамтамасыз ету: Көктем, орман бейнелерінің суреті
Влингвалдық компонент: көктем-весна-sprinq, жаңбыр-дождь-rain, жапырақ-лист-liave. (жапырағын жайды-распустил свою листву)
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
«Достық» шеңбері
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.
Жұмбақ жасырады:
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады.
Ағаш басы, бүршік шашып,
Гүл бәйшешек толады.
Бұл қай кезде болады?
- Осы өлеңде не туралы айтылған?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктемде күн қандай болады?
- Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
2. Негізгі бөлімі:
Әңгіме
Несіпбек Айтов «Көктем» өлеңін айтып орманға барайық.
Қаусыратып қар боранды,
Көктем қайтып оралды.
Таулар тастап ақ тонын,
Сарқырады бұлақтар,
Құлпырды сай-қыраттар.
Сағым ойнап, көзді алып,
Жақын тартты жырақтар.
Көрсең енді қояндар,
Көкшіл түске боянды.
Аюлар мен аралар,
Ұйқысынан оянды.
-Көктем мезгіліндегі үлкен мерекені атайықшы?
Дидактикалық ойын: «Артығын тап».
Шарты: Әрбір балаға карточкалар ұсынады. Карточкадағы суреттен артық суретті тауып, мағынасын түсіндіруін ұсынады.
Дидактикалық ойын: «Жыл ағашы» ойынын ойнауға шақырады.
Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тікке ұшады,
Қарлығаштар қанатын
Самғап-самғап ұшады.
Қасиетті құс деп санаған.
Влингвалдық компонент: көктем-весна-sprinq, жаңбыр-дождь-rain, жапырақ-лист-liave. (жапырағын жайды-распустил свою листву)
Тақпақтар айтуды ұсынады.
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын,
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап,
Қызыл-жасыл аймақ.
Қырға шықты ойнап.
Дидактикалық ойын: «Бұл не?»
Шарты: Балаларға гүлдің қиындылары бар суреттерді таратады, сол қиындылардан толық бір гүл құрастыруды ұсынады.
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»
Шарты: төрт жыл мезгіліне тән ерекшеліктерді тауып қоюды айтады.
Дидактикалық ойын: «Төртінші артық»
Шарты: Суретті карточкаларды таратып ішінен не артық екенін табуды ұсынады. Мысалы: құмырсқа, ара, көбелек, қоян (мұнда қоян артық, өйткені ол аң)
Дидактикалық ойын: «Жақсы-жаман»
Шарты: Көктем мезгілінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтуды, жағымды
қасиеттерін қызыл текшемен, жағымсыз қасиеттерін көк текшемен белгілеуді ұсынады.
Саусақ жаттығуын ұсынады.
«Жук»
Я веселый Майский жук.
Знаю все сады вокруг,
Над лужайками кружу,
А зовут меня Жу-жу…
(А.Береснев)
3.Қорытынды
-Біз қай мезгіл туралы айттық?
-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар екен?
-«Көктем» өлеңін қайталайық.
Егер көңіл-күйлерің көтерілген болса, құстар сияқты ұшамыз, ал көңіл-күйлерің болмай тұрса, онда ұшпаймыз.
Белсенділік көрсетіп отырған балаларды, мақтап-мадақтау.
«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 11 бөбекжай - бақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану»
Тақырыбы: "Көктем"
Тәрбиеші: Ахатова А.Қ
Қостанай ,2020ж.