«Әрекет» жаттығуы Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар беріледі. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс: Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал үстелде отыруға болады…… Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше? Еден мен төбені аударыңыз…… Әжемнің сандығында бәрі бар, тек не жоқ?…… Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз…… Топқа бөлу «Әуенді тап» ҚатысушыларР.Рымбаева, Қ.Нұртас, Т.Төрәлі, Е.Айдар әндерінің әуенін таба отырып, топтарға бөлінеді. Ой қозғау -Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? - Сын тұрғысынан ойлаудың мәні не? Кинометафора (Бейнежазба) Мақсаты: Бейнежазбаны талдау-талқылау. «Развитие критического мышления» -Бұл бейнежазба бойынша не айтар едіңіз? Көзбен көретін айғақтар негізінді сын тұрғысынан ойлау. Топтық жұмыс. Шағын топтағы қатысушылар 1,2 немесе 3 қарама-қарсы сурет таңдайды.Әрбір сурет үлкен қағаз парағына орналастырылады.Сурет бойынша «Миға шабуыл» әдісі бойынша ықтимал сұрақтар құрылып, суреттің айналасына жазылады. (фото немесе салынған сурет болуы мүмкін) Мұғалім бастапқыда бір немесе екі арнайы сұрақ ұсынуы мүмкін.Ал қатысушылар барынша көбірек сұрақтар құрастыруы қажет. Бұл тәсілді сабақта қандай мақсатта қолданар едіңіздер? Егер осы тәсілді қолдансаңыз , қандай нәтижеге жетер едіңіз? Бұл тәсіл қандай дағдыларды дамытады?-деген сұрақтарға жауап беріліп, қорытынды жасалады. Топтық жұмыс. Кейстер әдісі Алгоритм: 1.Қағазға жазылған нұсқау 2.Топтық жұмыс 3. Нәтижелерді дұрыс шешіммен салыстыру. 4. Қорытынды. Мұғалімдерге «Болашақтың мектебі қандай болады?» деген сұрақ беріледі.Кесте, сызба кез келген уақыт аралығын білдіруі мүмкін,сондай-ақ алдағы елу жыл ішіндегі ықтимал өзгерістер мен жаңалықтар туралы ойлап, келешекті қозғауы да мұмкін. Түйінді идея: мұғалімдердің белсенділігі артады,болашаққа болжам жасайды Постер қорғау Критерий арқылы бағалау , топтар бір –бірін бағалайды. Сергіту сәті. «Картоп егу» Алгоритм: Қатысушылар бір - бірінің соңына еріп шеңберде жүріп келеді, жүргізушінің нұсқауларын орындайды: қолды алдыңдағы қатысушының арқасына қояды, айтылған қимылдарды қолмен жасайды. 1.Жерді қазамыз 2.картопты егеміз 3жерді тегістейміз 4. оған су құямыз 5.түбін қопсытамыз 6. картоп пісті-қазамыз 7. қапқа саламыз 8. келесі жылға жерді тегістеп дайындап қоямыз. Жұптық тапсырма. Сыни ойлау. Тапсырма.Әртүрлі суреттер бойынша өз тұжырымдарын айтады.Топта талқылайды.(Интересные картинки.) Рефлексия. «Қосу, алу, қызықты» әдісі Қосу – ұнады, керек. Алу – қажет емес, пайдасыз. Қызықты – жаңадан білгені,қызықты фактілер, т.б. |