СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Күлкі көңіл ажары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.12.2019                                                                                                                                 Тәрбиеші: Абенова М.К.

Білім беру саласы: «Денсаулық»                                                                                                                               Пән: Қ.м.қ.н.

 Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»                                                                                                       Тақырыбы: Күлкі көңіл ажары.

Тәрбиелік: балаларды үнемі ақ жарқын, көңілді, мейірімді, болуға тәрбиелеу.

- Дамытушылық: Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл – күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру.

- Оқыту: Әдемі тіс – күлкі ажары екендігі жөнінде түсінік беру. Достармен, үлкен кісілермен мейірімді қарым- қатынас жасау үйрету,

Педагогикалық технологиялар: ойын,денсаулық,дамыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Көптілділік: күлкі-смех-laugh,денсаулық-здоровья-health,

Просмотр содержимого документа
«"Күлкі көңіл ажары"»


Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.12.2019 Тәрбиеші: Абенова М.К.

Білім беру саласы: «Денсаулық» Пән: Қ.м.қ.н.

Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді» Тақырыбы: Күлкі көңіл ажары.

Тәрбиелік: балаларды үнемі ақ жарқын, көңілді, мейірімді, болуға тәрбиелеу.

- Дамытушылық: Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл – күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру.

- Оқыту: Әдемі тіс – күлкі ажары екендігі жөнінде түсінік беру. Достармен, үлкен кісілермен мейірімді қарым- қатынас жасау үйрету,

Педагогикалық технологиялар: ойын,денсаулық,дамыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Көптілділік: күлкі-смех-laugh,денсаулық-здоровья-health,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


Қуан, шаттан, алақай,!

Қуанайын күн келді

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме достар!

Қандай бүгін сұлу сындар!

Қараңдаршы бір – біріне,

Өз бойында күлкі арман,

Әуені ерке, жыры гүл.


Мейірленген нұрланған

Балалардың әр күні.

Негізгі бөлім:

Қазір біз күлкі еліне саяхатқа барамыз.

Міне «Күлкі» аялдамасына да жеттік.

Ақ тісті жарқыратып күлуді үйренейік.

Жағымсыз әдеттерден жиренейік. Ешкімнен, ешнәрседен қорықпай, Мейіріммен әрқашан күлейік.

Отбасы мен қаламызды сүйеміз, Үлкендердің сөзін ойға түйеміз. Денсулықты әрқашан да сақтаймыз, Шынығамыз, жаттығамыз, терлейміз.

Біз бүгінгі сабақта күлкінің көмегімен өз көңіл – күйімізді көтеруге көп дос тауып, өмірде көп жетістіктерге жетуге болатынын үйренеміз.

Дәрігер Салауаттың хаттағы ертегісін оқимын.

«Ертеде бір қалашықта Күлкі мен Ашу өмір сүріпті. Күлкі өте ақкөңіл, сүйкімді,

қайырымды болыпты. Барлық адамдар оны өз үйінде көргендеріне қуанады екен. Оны бәрі қонаққа шақырып, достасуға тырысады. Күлкі қай жерде болса, сол жерде күн нұрын шашып, құстар ән салып, төңіректің бәрі көріктенеді екен. Ал Ашу болса – қабағы қатулы, ешнәрсеге көңілі толмайды. Ол болған жерде бәрі жоғалып кетеді екен. Ешкім көңіл көтеріп күлмейтін болыпты.»

Күлкі мен Ашуды қимылмен (мимикамен) көрсетуді сұрап балаларға тапсырма береді.

Адам күлген кезде көңіл – күйінің ұзақ уақыт көтеріңкі болатынын айтады.

Сергіту сәті.

Д/О «Актерлар», «

Кімнің күлкісі ақжарқын?»

Дәрігер Салауаттың тапсырмасы:

«Күлкі» - жаттығуы

Бұл жаттығуды күніне бірнеше рет орындауға қажеттігін түсіндіремін.

Күлкі қоршаған ортадағы адамдарға әсерін тигізеді – деп түсіндіреді.


Көріністі ойнау «Ана мен бала»

Сендер аналарыңмен үйдесіңдер. Аналарын бүгін шаршаған,көңілсіз. Жағдай өте қиын.

Сюрприз сәті: Шаршаған, кейіп тұрған ана кіреді.

Бұл кезде сен не істер едің?


Көріністі әңгімелеймін.

Біз анамызжың көңілін көтеру үшін-алдымен күліп,оны құшақтап және оның да күлгенің сұрауымыз керек.

-Сендердің күлкілерің әсіресе ат-мен әжелерің үшін қажет,сондықтан көбінесе солармен қарым-қатынас жасау керектігін естен шығармандар.

Күлкі-бұл өз көңіл-күйіне,жақын адамдарың мен достарыңның жүрегіне жол табатын қасиетті кілт.



Қорытынды:Бүгін сабақта не туралы айтылды?

Не саған ұнады?

Біз күлкі арқылы өз денсаулығымызды және қоршаған ортаны сақтай аламыз деген маңызға сенесің бе?

Күлкі – ол не?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.