1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші «Күз» туралы өлең шумақтарын оқиды. Өлең шумақтары не жайлы, қандай бұлттар туралы екенін сұрайды.
Күзде күннің жиі бұлттанатынына балалардың назарын аударады.
Көркемделген суреттерді көрсетіп, күз мезгілінде табиғатта болатын ерекшеліктер туралы әңгімелеседі.
Просмотр содержимого документа
«Күнді жапқан бұлт»
Кіші жас «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Тақырыбы: Күнді жапқан бұлт
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшандылыққа , төзімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сурет салуға деген ынтасы мен қызығушылығын ояту жжәне қолдау
Оқыту: Балаларды түрлі – түсті қарындаштармен күннің көзін - дөңгелек, сәулелері түзу, бұллты домалақтап салуды үйрету
Педагогикалық технологиялар: Қайталау, сұрақ - жауап, көрсету, ойын ойнату.
Ресурстармен қамтамасыз ету: бояу, қылқалам, сүлгі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші «Күз» туралы өлең шумақтарын оқиды. Өлең шумақтары не жайлы, қандай бұлттар туралы екенін сұрайды.
Күзде күннің жиі бұлттанатынына балалардың назарын аударады.
Көркемделген суреттерді көрсетіп, күз мезгілінде табиғатта болатын ерекшеліктер туралы әңгімелеседі.
2.Негізгі бөлімі:
Балаларға алдарындағы қағазда күннің суреті салынғандығын, бүгін осы күннің бетін бұлт жауып тұрған сюжетті сурет салу керектігін айтып түсіндіреді. Тәрбиеші сурет салу әдісін көрсетеді. Сергіту сәті:
«Қуырмаш»
Бас-бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдар шүмек, кішкене бөбек.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Балалар суретті мұқият салады.
Балалар қылқаламды оң қолдарына ұстап қағаздың кез келген жеріне қою етіп алынған гуашьты мол тамшылатады.
3.Қорытынды:
Бүгін сендер нағыз сұр бұлтты немесе түсті суық бұлтты салдық деп ойлайсыңдар ма?
Тәрбиеші балаларды әдемі, таза салғандары үшін мадақтайды.