І.Ұйымдастыру бөлімі | -Қайырлы күн оқушылар! -Көңіл – күйіміз қалай? -Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді.Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындайды. Оқушыларды тыныштық сәтіне ыңғайлан˗ дырып отырғызады. Тыныштық сәті. ˗ Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Өзіміздің қолымызбен дайындалған қайық үлкен кемеге айналып кеткендей. Біз бәріміз бірге сол пароходқа отырып " Достық аралына" жүзіп барамыз. Табиғи таза ауамен терең˗ терең тыныстаймыз. Қоңыр салқын самал бетімзді желпіп өткендей.Су сыңғырлары, толқын тербелісі бізді ерекше жақсы сезімге бөлейді. Біз біріміздің қолымыздан қысып, бірге екендігімізге мақтанып қоямыз. Теңіз ортасына да жеттік. Бізді әрі қарай " Достық аралына" жеткізуге көмекке дельфин келді. Дельфин бізді "Достық аралына" жеткізді. Аралда "достық туы" желбіреп тұр. Біз дельфинге рахмет айтып, таңбалы тасқа армандап жүрген бір тілегімізді жаза алатынымызға қуанып тұрмыз. Сол тілекті жазуға тапсырмаларды бірігіп орындау арқылы жеткендігімізді ойлап, сыныптастарымызға ризашылығымызды білдіріп, тағы да бір рет қолдарымызды қысып қоямыз. Енді бәріміз өз қалпымызға келейік. Көзімізді ақырындап ашайық. 1.2.3... | Оқушылар мұғаліммен амандасады. - Көңіл – күйіміз жақсы. -Ия, дайынбыз. Сабақтағы жұмыстарға оқулықтар мен жұмыс дәптерін және қажетті құрал – жабдықтарын дайындайды. Мұғаліммен бірге тыныштық сәтіне дайындалады. | Сынып сабақққа психологиялық тұрғыдан дайын, мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды. Тыныштық сәтін өткізу кезінде дене қалпын, тыныс алуы мен денесін бос ұстап, жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін, өзіне - өзі сұрақ қоюда қиялын белсендіреді. Толық тыныштықта оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, сезімі мен көңіл - күйін жақсы сезінеді. |
ІІІ.Жаңа материалға кіріспе. | Дәйексөзбен жұмыс. Татулық˗ табылмас бақыт. Мақал ˗ Балалар, сендерге бір мақалды айтайын. " Татулық табылмас уақыт". Бұл мақалдың мәнін білесіңдерме? ˗ Татулықты сақтауда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының маңызды екенін, өмірде бірлік, ұйымшылдық, төзімділік ұғымдарының қажеттілігі ауадай қажет. Татулық бар жерде бақыт та болады. Татулық ˗ табылмас бақыт деген осы. ˗ Балалар, сендер білесіңдер ме, мөлдіреген көк теңіздің ортасында достық аралы бар. Мәңгілік желбіреп тұратын " Достық туын" көруге елдің түкпір ˗ түкпірінен балалар Аралға барып қайтады. Ондағы " Таңбалы тасқа" өздерінің тілектерін жазады. Біз де бүгінгі " Күш бірлікте" сабағымызда " Достық аралына" барып қайтайық. | Берілген ақпарат бойынша татулықтың мән˗ мағынасын біліп, оның мағынасын ашады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Дәйек сөзді дәптерлеріне жазып, осы мақал бойынша өз ойларын айтады. | Дәйек сөздің мағынасын ашу арқылы татулықтың маңызын ұғынады. Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді. Өз қарым - қатынастарын дәйектейді. |
IV. Жаңа мате-риалды меңгерту. Сергіту сәті | Мәтінмен жұмыс. Ырыс алды˗ ынтымақ. Аңыз Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп, тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер˗ ақ ұрып кетеді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомылады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады. Содан соң: ˗ Қане, балаларым, күштеріңді ынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сыңдырыңдар,˗ дейді. Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды. Қария тобылғының бауын шешіп: ˗ Енді бір˗ бірден сындырып көріңдер,˗ дейді. Балалары тобылғыны сол заматта˗ ақ шарт˗ шарт бөліп: ˗ " Міне сындырдық", деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзің бастайды. ˗ Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарын көп, ынтымағын жоқ болса, дұшпан сендерді жанағы жалғыз тал тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендердң ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, ˗дейді. Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем˗ кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. " Ырыс алды ˗ ынтымақ" деген сөз осыдан қалған екен. ˗ Ендеше, судан өтуге қорқып тұрған ешкіге көмектесейікші, балалар! ˗ Ол үшін мәтін бойынша сұрақтарға жақсы етіп жауап берейік. Мәтін бойынша сұрақтар: ˗Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды? ˗ "Бірлік болмай, тірлік болмас"˗ деген мақалды қалай түсінесіңдер? ˗ Жарайсыңдар, балалар! Мұғалім саяхатты әрі қарай жалғастыратынын айтады. ˗ Балалар, міне сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы лақтың да судан өтуіне көмектестік. ( тақтаға лақтың өзеннен өткендегі суреті ілінеді.) Енді мөлдіреген көк теңіздің де жағалауына ( суреті тақтаға ілінеді) жеттік. Теңіз жағалауында бойымызды сергітіп алайық. Біз өнерлі балаламыз, Шырқатып ән саламыз. Би билейміз бұралып, Доспыз, тату баламыз. Шығармашылық жұмыс. ˗ Балалар, алдымызда кездескен үлкен қара тасты бәріміз бірлесіп жолдың шетіне шығарып тастай аламыз ба? Оны орындау үшін дәптердегі ребусты бәріміз бірге шешейік. Ребуста жұмыртқа, бала, көйлек,дәптер, үкі, киімілгіш суреттері берілген. Ребус шешілгенен кейін, дәу қара тас жолдың шетіне шығарылады ( тақтадағы дәу қара тастың суреті тақтаның шетіне қарай ығыстырылады) . Топтық ән: ˗ Балалар, барлығымыз ән шырқағанды ұнатамыз ба? ˗ Өте жақсы, ендеше, қазір біз " Елімізді сүйеміз" атты әнді шырқайтын боламыз. Елімізді сүйеміз Сөзін жазған Қ. М. Әли Әнін жазған Д. Ботбаев Бал˗ бұл жанған гүл шағында Біз Отанның ұланымыз. Бақытты елдің құшағында Білім алу ұранымыз. Қайырмасы: Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз. Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз. Туған жерде аунап˗ қунар, Біз ұланбыз, өрімдейміз. Біз ұланбыз еңбекқұмар, Өнер десе ерінбейміз. Қайырмасы: Қуанышты әніміз де, Біз ұланбыз жоқ арманы. Біздер әлі бәріміз де Боламыз ел қаһарманы. Қайырмасы. | Оқушылар мәтінді тізбектей оқып, өз ойларымен бөліседі. ˗ Ия! Оқушылар сұрақтарға жауап береді. ˗ Қария бірліктің мәнін бір құшақ тобылғыны сындырту арқылы ұғындыртады. ˗ Адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым-қатынасқа ұласады. Адамдар арасында татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеуден көрінеді. Адам достық қарым-қатынасты бағалай алса, басқа адамдарды түсіне білсе және дау-жанжалды болдырмауды үнемі еске ұстап, өз-өзіне, ісіне есеп берсе, тұрған ортасымен тату-тәтті өмір сүреді. Біздің өміріміз қоғаммен, адамдармен бірге жалғасады. Жалғыз адам еш өмір сүре алмайды. Сол қамшының сабындай қысқа өмірде бірлікте өмір сүрудің бағалылығы осыдан көрінеді. Мұғаліммен бірге қайталап, Қимылмен көрсетеді. Өзін көрсетеді. Екі қолды жанына созады. Би қимылын көрсетеді. Барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді. Оқушылардың барлығы өз дәптерлеріне қарап, дауыстып айтып отырып, ребусты бірге шешеді. Шешуі: Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Оқушылар топтық әнді шырқайды.  | Жаңа тақырып бойынша мәтіннен мәлімет жинақтайды, білімдерін кеңейте-лік сапаларын арттыру.ді. Оқушылар бұл аңызды оқи отырып, қиялдауға, көңілдерін көтеріп армандауға үйренеді. Жаңа сабақтың мәнін ашатын бұл мәтін арқылы ынтымақтың, бірліктің маңыздылығы туралы ой˗ пікірлер қалыптастырып, олардың ой˗ өрістерінің дамуына дағдыланады. Қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды. Білімдері шыңдалады. Сұрақтарға жауап беріп, еркін сөйлей алады. Оқушылар бір серігіп қалады. Сергіту сәтін орындайды, бойлары сергиді, сабаққа белсенділіктері артады. Ребусты шешу арқылы танымдылығын оятады. Оқушылар жанынан шырқалған бұл керемет ән арқылы олар көңілдерін бір сергітіп алады. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттілігіне айналдыра, құштарлық сезімдеріне дағдыланады. |