Ересек"Көбелек" тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 22.10.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область:Шығармашылық
Пән / Предмет: Жапсыру
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Күзгі гүл шоғы"
Тақырыбы / Тема: «Күзгі баққа саяхат»
Мақсаттары / Цели:
1. Тәрбиелік – воспитательная Әсемдікті көріп,сезіне білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : :балаларға жеміс жидектерді сала білуге, оларды дұрыс қию арқылы ағаш жапсыруға үйрету.
3. Оқыту – обучающая : : күзгі табиғат жайлы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, түрлі-түсті қағаздар, қайсы, желім.
Көп тілділік полиязычие: Күз-осень-autumn, жапырақ-листья-leaf,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылы
Балалар алдымен біз ҰОҚ бастамас бұрын, слайдта көрсетілетін суреттерге назар аударып, қимыл-қозғалысымыз арқылы сәлемдесеміз.
"Сәлемдесу" жаттығуы
Алақанның суретін көргенде, бір-бірімізбен қол берісіп амандасамыз.
Жүректің суретін көргенде, бір–бірімізді құшақтаймыз.
Күннің суретін көргенде, бір–біріміздің басымызды сипаймыз.
Күлімдеп тұрған қыздың суретін көргенде, бір–бірімізге қарап күлімдейміз.
Жарайсыңдар балалар!
Көзімізді біз жұмамыз.
Табиғаты өте сұлу, айнала сап-сары алтындай түрлі-түсті қызғылт-сары түске боялған ағаштардың жапырақтары желмен ұшып, жерге түсіп жатыр, күн суық, жиі жаңбыр жаууда, жаңбыр жауған сайын қолымызға қолшатыр ұстап, үстерімізге жылы киимдерімізді киіп алдық, құстар болса жылы жаққа ұшып барады, жемістер мен көкөністер пісіп оны үлкендер жинастыруда.
Балалар енді осы сезіммен терең дем алып, 1,2,3 дегенде көзімізді ашамыз.
- Балалар айтыңыздаршы мен қай жыл мезгілін сипаттадым.
- Күз. Осень.
- Дұрыс айтасыздар балалар, қазір жылдың күз мезгілі екен.
- Күз мезгілі қандай айлардан тұрады?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Қазір қандай ай?
- Қараша.
- Аптада неше күн болады?
- Жеті күн болады. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Жарайсыңдар балалар, өте тамаша!
Олай болса балалар менің алтын жапырақтарымда түрлі тапсырмалар бар, мен сол тапсырмалар арқылы сендердің білімдеріңді байқап көрейін.
Балалар алтын жапырағымның
I тапсырмасы күз туралы тақпақ білесіздерме?
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тонғаныма ,тойғаныма
жылқы ойнап тай жарысқан бие қашқан.(Алина)
II тапсырмамда жұмбақ жасырылған екен, мен оқиын сендер шешуін табыңыздар.
Жазда жап-жасыл боп жоғарыда тұрады, Жесең ащы,
Күзде сап-сары боп жерге қонады. Көзіңнен шығарар жасты.
/жапырақ/ /пияз/
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар.
/қырыққабат/
Жарайсыңдар балалар сендер менің жұмбағымның шешуін таптыңыздар.
Балалар сендер көкөністер мен жемістердің адамға қандай пайдасы бар екенін білесіңдерме?
Біз жемістер мен көкөністерді жиі жеп тұруымыз керек, себебі олардың бойында денсаулыққа пайдалы дәрумендері өте көп. Жемістерден тосап қайнатамыз, көкөністерден түрлі салаттар жасап жейміз.
III тапсырма
"Менің көлеңкемді тап!" жаттығуы
Нұсқау: Балаларға жемістер мен көкөністердің суреттері көрсетіледі. Сол суретте көрсетілген жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табу керек және оның түсін, пішінін және ол жеміске немесе көкөніске жататынын ажыратып айту керек. /мысалы: қызанақ - помидор, түсі қызыл, пішіні дөңгелек, көкөніске жатады/
"Күзгі жаңбыр" сергіту сәтін қимыл-қозғалысымызды ширату арқылы жасайық. /күзгі жаңбырдың дыбысын салу/
"жел көтерілді" алақанды ысқылату.
"жаңбыр тамшылай бастады" саусақтарын шықылдатады.
"қатты найзағай жарқылдады" кеуделерін ұрады.
"жаңбыр нөсерлеп жауды" тізелерін соғады.
Балалар енді біз тамашалап көрген күзгі бағымыздың ғажайыпқа толы, әсем табиғатын ақ қағазға түрлі-түсті қағаздармен әдемілеп жапсырып көрейік. /жәймен әуен ойнап тұрады/
Балалар енді көз алдымызға елестеткен "Күзгі бақты " жапсырайық
Қауыпсіздік ережесі: Қайшыны ұстағанда ұқыпты болыңдар
Қиналған балаларға қол ұшын беру.
Көп тілділік полиязычие: Күз-осень-autumn, жапырақ-листья-leaf,
Жеке жұмыс: Линарамен үш тілде сөздерді қайталау
3қортынды
Балалар бүгінгі жұмыстарың үшін рахмет. Кәне қз орнымызды жинап, шашылғандарды қоқысқа салайық