СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қыс қызығы» ойын сауық

Нажмите, чтобы узнать подробности

"ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ" ОЙЫН САУЫҚ ДЛЯ ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНИКОВ

Просмотр содержимого документа
««Қыс қызығы» ойын сауық»



«Қыс қызығы» ойын сауық

Жүргізуші:Сәлеметсіңдерме балалар!

Аппақ көше бар дала Аппақ ой мен қыраттар Ақ шатырлы қар дала Ақ жамылып тұр бақтар Сырғанақты ойнайсың Қызыққа енді тоймайсың Алақай –ау,алақай Қыс келіп тұр, балақай!

Жүргізуші:

Зымыраймыз шанамен Тоғайлар тон киеді Аяз беттен сүйеді Бұл қай жыл мезгілі? Балалар: -Қазір қыс мезгілі

Жүргізуші: -Балалар қыста қандай өзгерістер болады. (балалар жауаптары)

Тосын сәт:

Осы кезде ортаға Ертегілер елінен кейіпкерлер келеді. Аяз,Аққала,Күлдірген,Бүлдірген,Мыстан

Аяз: Сәлеметсіңдерме балалар! Біз сендердің ойын сауықтарыңа келдік.Сендерге Өз ойындарымызды ала келдік.Сендер қыс туралы тақпақтар білесіңдерме?

Еламан: Ақ киімді денелі ақсақалды Соқыр мылқау танымас тірі жанды Үсті-басы ақ қырау түсі суық Басқан жері сықырлап келіп қалды

Мейіржан: Қуаныштың бүгінгі Басылмайды ыстығы Жылдамырақ жүруді Үйретеді қыс күні

Света: Жапалақтап ала қар Жауды күнде қайталап Қырға шықты балалар Шаңғыларын арқалап

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Олай болса,бәріміз Ертегі кейіпкерлерімен бірге музыка ырғағымен жаттығу жасайық

(Музыка ырғағымен жаттығу жасалады)

Аяз: Балалар сендермен бірге ойын ойнағым кеп тұр.Олай болса, қане бәріміз ойынға шығайық

Ойын: «Қатып қал!»

Аққала: Балалар мен сендерменде ойын ойнағым кеп тұр Олай болса, бәріміз ойынға шығамыз Ол үшін екі топқа бөлінеміз

Ойын: «Хоккей»

Күлдірген мен Бүлдірген: Балалар сендермен бірге бізде ойын ойнағымыз кеп тұр.

Ойын: «Шанамен сырғанау»

Мыстан: Балалар қалайсыңдар мен сендермен бірге керемет қыстық ойын ойнағым кеп тұр.Менімен бірге ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Шаңғымен сырғанау»

Жүргізуші: Балалар сендерге кейіпкерлеріміздің ойындары ұнады ма?Олай болса,келген қонақтарымызға рахмет айтып ортаға «Қыс» туралы ән айтып,би билейік.

Ән: «Қыс»

Би : «Барбарики»