Сабақтың ортасы 5 мин 7 мин 10 мин 5 мин 10 мин | Жаңа материалды меңгеру Мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы ұсынады: «Өрнекті ықшамда ». Есепті талқылау барысында, оқушылар қойылған тапсырманың шешу тәсілін анықтайды: түбір астындағы сандарды біреуі толық квадрат болатын көбейткіштердің көбейтінді түрінде жазу керек. Мұғалім мұндай түрлендіруді көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару деп аталатынын түсіндіреді. Оқушылар көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару алгоритмін құрастырғанда жаңа сөз тіркестерін қолданады. Оқушылар алгоритмдерді қолдану үшін қарапайым есептерді орындайды. Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығар: а) ; б) ; в) ; г) ; д) , p0; е) , a . Есептер слайдта берілген. Оқушылар жауаптарды шағын тақталарда жазуына болады, ол өз кезегінде оқушылардың меңгеру деңгейін анықтауға, соған сәйкес түзету жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Қосымша сұрақ: Барлық мысалдарда айнымалының анықталу облысы берілмеген себебі неде? Көбейткішті түбір астына кіргізуге бола ма? Оны қалай жасау керек? Оқушылар алгоритмді талқылап, кейіннен тапсырманы орындайды: Көбейткішті түбір белгісінің ішіне еңгіз: а) ; б) ; в) , x0; г) ; д) ; е) , z Дағдыларды қалыптастыру Мұғалімнің үстелінің үстінде бірнеше карточкалар қойылған. Оқушылар кез келген карточканы таңдап алып есепті жекедара дәптерінде орындайды. Мұғалім сыныпқа шолу жасап, оқушылардың жұмысын бақылайды, жекелеген оқушыларды тексереді, ал басқалары сыныптастарының жұмыстарын тексеруге атсалысуы мүмкін. Оқушыларға алғашқы үш есепті шығару жеткілікті. Төртінші тапсырма басқалардан тез жұмыс жасайтын оқушыларға арналған. Топтық жұмыс. Сыныпты топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. Оқушылар карточкада берілген тапсырманы шешеді, дұрыс жауапты тауып, оны қасына қояды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, олардың ойларын тыңдайды, дәптерлерде орындалған есептерді шешуін қадағалайды. Бұл мәліметтер барлық оқушылардың квадраттық түбірлермен жұмыс жасай білуі, көбейткішті түбір астынан шығаруды және түбір астына кіргізуді білетіні туралы қорытынды жасауға, сыныпқа немесе жекелеген оқушыларға қайта түсінудіруді қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Қиындық туғызған тапсырмаларды тақтаның алдында қайтадан талқылауға болады. Оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындап, түсіндірме береді, ал қалғандары өздерінің шешімдерін тексеріп, пікірлерін айта алады. Оқушылар нақтылайтын сұрақтар қойып, қорытынды мен жалпылаулар жасайды. | Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений – М. : Мнемозина, 2010. – 384 с. : ил. Слайд 5 Маркерлер, шағын-тақта Слайд 6 Маркерлер, шағын-тақта Қосымша 1 Қосымша 2 |