«Білекті -бірді жығады,
Білімді -мыңды жығады»
Мақсаты: Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
Пәнаралық байланыс:
Қазақстан тарихы, тілі мен әдебиеті, математика, физика, биология, география/Шиыршық тастау./
Жүргізуші сөзі:
- Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы-ұрпақтарымызға білім қажет. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі деп білеміз.
- Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 8- 9 - 10 және 11 сынып оқушылары.
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.«Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі –осы ойын екендігі белгілі.
Ескерту: егер қатысушымызға көрермендер көмек беретін болса 10 ұпай шегеріледі.
Ал, енді сайыскерлерімізбен таныс болайық: 8а сынып оқушысы – Кульсатов Еламан, 8б сынып оқушысы – Каравай Никита, 9а сынып оқушысы – Ажимова Мөлдір,10а сынып оқушысы – Сейлханова Нәйля , 11а сынып оқушысы – Шингалиева Гүлназ. Сайыскерлерімізге ду қол шапалақ соғып қоялық.
Ендігі кезек әділ-қазылар алқасы. Сарапшылар: І санатты тарих пәні мұғалімі – Тулеуов Мұстафа Таубагуловичжәне І санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Сарбаева Роза Манаповна
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс 2 кезеңнен тұрады.
І кезең: Жалпы сұрақтар.
ІІ кезең:Бәйге.
І. Жалпы сұрақтар.
Әр оқушыларға 10 сұрақ беріледі. Сұрақтың қасына жауабы жазылады. Жауап жазылғаннан кейін сайыскерлер бір –біріне алмастырып тексереді. Бағалануы 10 ұпай. Әр сұраққа бір ұпайдан қойылады. Уақыт 5 минут беріледі.
Разговор двух или несколько лиц.\ Екі немесе оданда көп адамдардың сөйлесуі(диалог)
What is the capital of Creat Britain. \ҰлыБританияның астанасы қалай аталады?\
Назовите столицу ВеликоБритании.(Лондон)
Абылай хан ресми түрде хан болып қай жылы жарияланды.\ В каком году Абылай хан официально был обьявлен ханом (1771 жыл)
Алаш партиясының жетекшісі кім? \ Кто является лидером партии Алаш?(Алихан Бөкейханов)
Кіші жүздің қай ханы Бекей ауылында жерленген?\ Назовите хана младшего жуза похороненного в селе Бекей(Айшуақ хан)
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады. \ Сколько национальностей проживает в Республике Казахстан.(131)
Теріс және оң зарядталған атомдар\ отрицательно и положительно заряды атома(иондар)
Үйеңкі жапырағы қай мемлекеттің туында бейнеленген? \ на каком государственном флаге изображен кленовый лист . (Канада)
Астана қай өзеннің жағасында орналасқан? \ На берегу какой реки расположен город Астана (Есіл)
Абайдың қанша қарасөзі бар?\ Сколько слов назидания у Абая(45)
ІІ Бәйге кезеңі
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын, дей отырып келесі кезеңімізге көшейік. Бәйге кезеңінде бес пән бойынша 10, 20, 30, 40, 50 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Ұпайы аз ойыншыдан бастаймыз. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді де, жауабы дұрыс болса, ұяшық таңдайды.
Тіл: 10 20 30 40 50
Әдебиет: 10 20 30 40 50
Тарих: 10 20 30 40 50
Жаратылыстану: 10 20 30 40
Әлемде бар көп қызық:10 20 30 40
“Тіл” жауабы:
10. Оқшау сөздер
20. суббота
30. Ештен кеш жақсы.
40. А,е,й,ып,іп,п,ғалы,гелі
50.опытный человек
“Әдебиет” жауабы
10. М.Әуезов
20 .ШҚО Аягөз ауданы
30. Сәдуақас
40. Күңгірт \түсі\
50.М.Әуезовтың «Қараш- қараш оқиғасы»
«Тарих»жауабы
10. Тарихи Рашиди
20. Ташкент қаласында
30. Қазақ келіндері үйдің үлкен-кішілерінің есімдерін атамай басқаша ат қояды
40. Целиноград
50.2006 жыл 10 қаңтар Президент Н.Ә. Назарбаевты ұлықтау рәсімінде
«Әлемде бар көп қызық»жауабы
10.Жапония
20. Ш. Уалиханов
30. Алтынемел
40. Отты жер
50.1219 ж кезде шапқыншылық жасады. Қазіргі кезде тек қаланың орны қалған
«Жаратылыстану»жауабы
10. Сопақша ми
20. Т. Морган
30. Майкүбі
40. Арал
50.Машина жасау
Осымен бәйге кезеңіде аяқталды.
Сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Құрметті оқушылар! осымен «Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»» атты сайысымыз аяқталды. Бүгінгі сайысымызды Сәбит Мұқановтың мына сөздерімен аяқтаймын.
Адамдардың әлемінде,
Туыстығын тілеймін.
Шын достықтың әр елінде,
Тым ыстығын тілеймін.
Бақыт,еңбек,береке,
Ырыс күнін тілеймін.
Күндедуманмереке,
Тыныштығынтілеймін.
Келесіде жүздескенше, қош сау болыңыздар!
Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
«Білектібірді жығады,
Білімді мыңды жығады»
(8,9,10,11 сыныптар арасындағы танымдық сайыс)
Дайындағандар: Кадрушева А.С.
Өтілген уақыты: 20.11.2017 жыл
Басталуы: сағ.15.30
1 2 3
4 5