СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дені сау болып өсеміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Дені сау болып өсеміз»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні / Дата проведения:

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

Пән / Предмет: Құрастыру

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Дені сау болып өсеміз

Тақырыбы / Тема: «Үстел »

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная: Үй жиһаздарына ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Конструтрмен орындық пен үстелді құрастыра білуге үйрету.

3. Оқыту – обучающая: Оларды құрастыруда ойланып, айырмашылығына мән беру.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,отбасы суреті,

Көп тілділік полиязычие: үстөл-стол- the table,орындық-стул- chair,тұрмыстық техника-бытовая техника- household appliances

Жеке жұмыс:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ шешу.

Басы жоқ, төрт аяқты,жансыз бір зат,

Құлағы жоқ,көзі жоқ,бейне бір ат.

Жүк артсаң әсте белі майыспайды,

құйрық-жалсыз бұл өзі не қылған зат. (үстел)

Балалар сендердің үйлеріңде үйге өте қажетті осындай заттар, яғни тұрмыстық бұйымдар бар ма? Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар?

Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық.

Интербелсенді тақтамен жұмыс. "Презентация"

Бұл экраннан тұрмысқа қажетті техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, пайдасы жайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру

Жеке жұмыс:Нұрали мен Дарияға сөйлемді толық айтуын бақылауын қадағалау үшін, жеке жұмыс жүргізілді.

Суретпен жұмыс:

Мысалы:Суретті көрсете отырып: Суреттен нені көріп тұрсыңдар? (ас үйді, ас үйге керек жарақтар, тоңазытқыш, газ плита, қысқа толқынды пеш,) балалар бұлардың бәрін тұрмыстық техника деп атаймыз. Сол сияқты тұрмыстық үйге қажетті техникалардың барлығына жеке-жеке тоқталу.

Ас үйде тұрмыстық техникадан басқа нені көріп тұрсыңдар?

Балалар үстел мен орындықтың тұрғанын айтады.Балалар олай болса біз кәзір конструкторлармен осы орындықпен үстелді құрастырып көреміз.

Көп тілділік полиязычие: үстөл-стол- the table,орындық-стул- chair,тұрмыстық техника-бытовая техника- household appliances

« Шаңсорғыш» ойыны

Балалардың біреуі шаңсорғыш қалғандары шаң боп жан жаққа жүгіріп жерге қонады. Шаңсорғыш оларды жинап шығарады. Оның қолы кимге тиеді. Олар жайлап орнынан тұрады.

«Ойлы болсаң, озып көр»

Шарты: Жасырынған суреттердің атын айтып, не үшін қолданылатынын айту,Бала суретке қарап отырып,өз ойын толық жеткізе білуі.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып-жұмамыз.

Одан соң төмен түсіріп.

Алақанды соғамыз

Балалар алдарыңда тұрған конструкторлармен жұмыс жасаймыз ,интербелсенді тақтады үлгісі тұр. Сол үлгіге қарап, үстел жасаймыз.

Балалар өздеріне берілген тапсырманы жақсы орындап шығады.

3Қортынды.

Балалардан бүгінгі өткен тақырып туралы сұрақ-жауап арқылы сұрау.Балаларды жасаған жұмыстарын мақтап-мадақтау. шашылған конструкторларыды жинату.Бүгінгі оқу қызметінде жақсы ат салысқан балаларға смайликтер беру.