Сабақтың басы 6-минут | Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі сабаққа назарын аудару. Психологиялық ахуал: Кел балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік! Төтенше жағдайлар туралы бейнежазба көрсету. Бейнежазбаны көргеннен кейін сұрақтарға жауап алу арқылы сабақтың тақырыбын ашу. 1.Қандай жағдайда өрттен құтқару қызметкерлеріне қоңырау шаламыз? 2.Жедел жәрдем қызметінің номері қанша? 3.101-қандай көмек номері? 4.Үйде қай жер және қандай тұрмыстық заттар қауіпті деп ойлайсыңдар? Балалар,қауіп-қатер кез келген уақытта және кез келген жерде кездесуі мүмкін. Ғалымдар адамның үйінің өзі де тіптен қауіпсіз емес екенін анықтады. Сондықтан үйде жазатайым жағдай болуы әбден мүмкін. Тұрғын үй қауіпсіз болуы үшін қауіптің алдын алу қажет. Байқампаз әрі мұқият болсаң, онда ешқандай да жаман оқиғаға ұрынбайсың. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Үйдегі қауіпсіздік ережелері. Мақсаты:Үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.Шұғыл көмек қызметтері және олармен хабарласу жағдайларын анықтау. | Интернет желісі |
Сабақтың ортасы Бағалау критерийі: 1.Үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды 8-минут Бағалау критерийі: 2. Үйдегі қауіпсіздік ережелерін құрастырады 13-минут Бағалау критерийі: 3. Шұғыл көмек қызметтерімен хабарласу жағдайларын анықтайды. 8-минут | Топқа бөлу: 1,2,3 сандары таратылып беріледі, сол бойынша 3-топқа бөлінеді 1-тапсырма: Берілген сурет арқылы үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атау. Топтық жұмыс Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі. Белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу» тәсілі. Дескриптор: 1. Суреттен үйдегі қауіпті заттарды табады 2. Үйдегі қауіпті жағдайларды атайды Қалыптастырушы бағалау: «Ойлан,жұптас,бірік!» тәсілі арқылы бағалау 2-тапсырма: Сөйлемнің басы мен аяғын сәйкестендіру арқылы үйдегі қауіпсіздік ережелерін құру. Дәптермен жұмыс: Саралаудың «Қарқын» тәсілі.Белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу» тәсілі Дескриптор: 1.Сөйлемнің басы мен аяғын сәйкестендіреді. 2.Кесте арқылы қауіпсіздік ережесін құрастырады. Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі, кері байланыс арқылы бағалау Ширату жаттығуы: Өрт болғанда тығылмай, Далаға қашып,шығып кет. Асып-сасып жығылмай, Өрт астынан,бұғып өт. 3-тапсырма: Берілген суреттер арқылы шұғыл көмек қызметтерімен хабарласу жағдайларын анықтау. жұппен жұмыс Саралаудың «Дереккөздер» тәсілі.Белсенді оқытудың «Қорытынды шығару және есте сақтау» тәсілі . Дескриптор: 1. Өрт болған жағдайда қандай номерге хабарласу керектігін анықтайды 2.Ауырған кезде көмекке келетін жедел жәрдем қызметінің номерін атайды,тереді. 3.МАИ қызметкерлерімен байланысу номеріне хабарласа алады Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі, кері байланыс арқылы бағалау | |
Саралауды сабағымның әр кезеңінде жүргіземін. Төтенше жағдайлар туралы бейнежазба көрсетіп,сұрақтарға жауап алу арқылы саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»,белсенді оқытудың «Сұрақ қою және талқылау»тәсілі арқылы сабақтың тақырыбын ашу. 1-тапсырмада Берілген сурет арқылы оқушылар үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды. Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу»тәсілі арқылы айқын,жақсы құрылымдалған көрсетулерді ұсыну арқылы кейбір оқушыларға нақты көмек көрсету. 2- тапсырмадада Саралаудың «Қарқын» тәсілін қолданудағы мақсатым,тапсырмаларды орындауда көмек қажет ететін оқушыларды уақыт беру арқылы қолдау.Белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу» тәсілі арқылы тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру Қабілетті оқушылар сөйлемнің басы мен аяғын сәйкестендіру арқылы үйдегі қауіпсіздік ережелерін құрады,өз сөздерімен айтып беруге дағдыландырамын. Қарқын тәсілі бойынша көп күш жұмсауды қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беру арқылы ынталандырамын. 3-тапсырмада Берілген суреттер арқылы шұғыл көмек қызметтерімен хабарласу жағдайларын анықтау мақсатында Белсенді оқытудың «Қорытынды шығару және есте сақтау» тәсілі Саралаудың «Дереккөздер» тәсілдерін пайдалана отырып,жұмыс барысына шолу жасап,оның қорытындысын шығару және оқушылардың не үйренгенін түйіндеу. Диалог және қолдау көрсету тәсілімен тапсырма орындау кезінде балаларға қолдау көрсетіп,ынталандырып отырамын. «Дереккөздер» тәсіпайдаланып жұмыс жасай алатынын ескере отырып,оқушы қажеттіліктеріне қарай ресурстар ұсынып,жұмыс жасау. | Тапсырмаларды орындау барысында баланың нақты білімін анықтау үшін белсенді оқытудың «Қорытынды шығару және есте сақтау»әдісі,саралаудың «Қорытынды » тәсілін жүргіздім. Критериалды бағалауды іске асыруда сабақ мақсатынан бағалау критерийін құрастырдым.Әр критерийді орындауға бағытталған тапсырмалар алдым.Атап айтсам, «Берілген сурет арқылы үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атау». «Басбармақ» қалыптастырушы тәсілін алудағы мақсатым, оқушылардың білімдерін пысықтау. Бір-бірінің смайликтерін алып, өзара бағалайды, бағаны не үшін алғанын айтады.2-ші тапсырмада сөйлемнің басы мен аяғын сәйкестендіру арқылы үйдегі қауіпсіздік ережелерін құру үшін «Ойлан,жұптас,бірік!» қалыптастырушы бағалаудың тәсілін қолдандым.Бұл тәсілді алған себебім, үйдегі қауіпті заттар мен жағдайлар туралы білімдерін жетілдіреді,анықтайды.Оқушылардың әрбір тапсырманы орындағанына сәйкес, кері байланыс арқылы, білім алушының жұмысын жетілдіру мақсатында ұсыныс беріп отырамын.Сабақ барысында «Басбармақ» әдісін қолдану арқылы оқушының ішкі уәжін оятып,сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттырып отырамын. | Партада дұрыс отыру -көзге,қолға арналған жаттығулар жасау -ширату жаттығуларын жүргізу. |