Фигураны? ауданы туралы т?сіндіріп, білімдерін ке?ейту.
Дамытушылы?: Есептер шы?ару ар?ылы о?ушыларды? ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.
Т?рбиелік: Та?ырыпты ?ту барысында о?ушыларды жауапкершілікке, тез ойлау?а уйрету.
Просмотр содержимого документа
«Фигураны? ауданы туралы ??ым»
Күні: 10.03.2015
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Фигураның ауданы туралы ұғым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Фигураның ауданы туралы түсіндіріп, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тақырыпты өту барысында оқушыларды жауапкершілікке, тез ойлауға уйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп-саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі: сызғыш, үлестірме қағаз.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
А) Сәлемдесу
Б) Оқушыларды, оқушы құралдарын түгендеу
В) Оқушы назарын сабаққа аудар
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Ауданды өлшеу, кесінділердің ұзындықтарын өлшеуге ұқсас таңдап алынған өлшем бірлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Ауданның өлшем бірлігіне қабырғасы бірлік (е) кесіндіге тең квадраттың ауданы қабылданды.
Қайсы бір Ғ фигураның ауданын өлшеу деп осы фигураның қанша бірлік квадратты қамтып тұрғанын білуді айтамыз. Ауданды латынның S бас әріпімен белгілейміз.
Егер фигураның саны шектеулі үшбұрыштарға бөлу мүмкін болса, онда фигураны жай фигура деп атаймыз.
Жай фигураның ауданы – оң шама.
Жай фигураның қасиеттері:
Тең фигуралардың аудандары да тең.
Егер фигура бірнеше жай фигураларға бөлінсе, онда алынған фигураның ауданы оның бөліктерінің аудандарының қосындысына тең.
Қабырғасы өлшем бірлігіне тең квадраттық ауданы бірге тең.
Аудандары тең фигураларды тең шамалас фигуралар деп атаймыз.
№ 235 – есеп
10 га = 0,1 км2
10 га = 10000 м2
№ 236 – есеп
8,2 дм2 +780 см2= 820 см2 +780 см2 =1600 см2
1,6 м2 +40 см2 =16000 cм2+40см2=16040 cм2
6 ар – 204 м2=600 м2 – 204 м2 =396 м2
4 га +70000м2= 40000 м2= 110000 м2
№ 237 – есеп
а= 1,6 дм =16 см
в=25 дм
табу керек: S=?
S=ab=16*25=400см2
№238 – есеп
а=4.5 дм
табу керек: Sкв =?
S=a2=20.25 дм2
Сабақты бекіту: есептер шығару арқылы
Үй тапсырмасын беру: №238 – есеп
Бағалау.