Просмотр содержимого документа
«"Көксерек" М.Әуезов»
4-класс Сабақтың тақырыбы: “Көксерек” әңгімесі
Мұхтар Әуезов
- Сабақтың мақсаты:
- М. Әуезовтың өміріне қысқаша шолу, «Көксерек» әңгімесі туралы қысқаша мағлұмат беру және әңімені талдау.
- Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, мағынаны танып білуге, ой толғауға дағдыландыру. Оқушыны өз пікірін қорғай білуге үйрету.
- Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Жұмбақ
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдыұң өш бар итi.
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде « Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
“ Көксерек әңгімесінің тарихы”
Әр шығарманың шығу тарихы болады.М.Әуезовтың жұбайы Валентина Әуезова « Көксерек » әңгімесін былай еске түсіреді « Бірде мен қабырға күнтізбесін /1929 жылдың/ сатып алдым.Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қасқыр, түн,қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай ауылдың отары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің « Көксерек » әңгімесін жазған болатын » .
Құрмаш рөлін сомдаған-Қамбар Уәлиев
Сипаттау
Көксерек
Қасқыр атаулары
Арлан
Итқұс
Бөрі
Ұлыма
“ Қасқыр” туралы мақал-мәтелдер
- Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
- Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
- Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
- Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
Полиглот
Қасқыр
Волк
Wolf