Просмотр содержимого документа
««Көңілді бояулар»»
Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 11.04.2019 ж
Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып:
Тақырыбы: «Көңілді бояулар»
Мақсаты:
Тәрбиелік: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір – бірімен ақылдаса берілген тапсырмаларды шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру; дәстүрден тыс сурет салу әдістерін үйрету;
Дамытушылық: еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту;ой – қиялын дамыту;
Оқыту: Ұқыптылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу
Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,
Билингвалдық компонент: гүл-цветы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалардан жыл мезгілдерін сұрау? Жыл мезгілдерін ерекшеліктерін сұрау?
- Балалар бүгін біз серуенге шығамыз... Тыңдаңдаршы біреу жылап тұр ма?
Балалар:Иә, естідік.
Тәрбиеші: Бұл кім екен? Қазыр білеміз. (Шымылдықтың артынан жылап жұлдыз шығады.)
- Жылап Жұлдыз шығады.
- Балалар таныдыңдар ма?
- Иә, бұл Жұлдыз.
- Жұлдыз не болды? Неге көңіл күйің жоқ?
Жұлдыз: Мен сиқырлы Жұлдыздар қаласында тұрамын. Мен құрбыларым жұлдыздармен бірге өте көңілді, жақсы өмір сүрдім. Бір күні біздің қаламызға ашулы сиқыршы келіп біздің бақытты өмір сүріп жатқанымызды көріп қатты ашуланды. Ол барлық жұлдыздарды ұрлап, тығып тастады. Енді біздің қаламыз көңілсіз. Қайдан мен жұлдыздарды іздеймін? Мүмкін сендер маған көмектесесіңдер?
- Балалар қалай ойлайсыңдар біз жұлдызға көмектесе алмыз ба?
- Әрине көмектесеміз!
Жұлдыз: Мен өте қуаныштымын!
. Негізгі бөлім:
Бірақ менің қалама жету оңай емес. Сиқырлы сөздерді айтады: Бір, екі, үш айналамыз, айналамыз.
Тәрбиеші: Жолға шығуға дайынсыңдар ма?
Балалар, менде сиқырлы түс бағдар бар. Ол бізге жолды дұрыс табуға көмектеседі. Мынау түс бағдардың тілі бізге бағытты көрсетеді. Қазір қай бағдарды көрсетіп тұр.
- Оң жаққа барамыз. Бұл қауіпті жол. Бұл жолдан өту үшін біз тастарды түрлі түстермен бояуымыз қажет. Ал тастарды қай түспен бояу керектігін сендерге мына жіп орамдары көрсетеді.
Ойын: «Сиқырлы жіп орамдары»
Тәрбиеші: қолдарыңа бір бір жіп орамын алыңдар. Музыка әуенімен жіп орамын орап сандыққа дейін келесіңдер. Сандық ашылғанда, кім қандай түспен тастарды бояйтынын білесіңдер. Балалар өз бояуларын тапқан кезде, тәрбиеші әр түсті балаларға айтқызады. Балалар өз түстерін тапқаннан кейін оларды үстел үстінен бояуларды алуға шақыру.
Тәрбиеші: Ал енді балалар, сендер бояуларды таңдап болдыңдар, біз жол үстіндегі сиқырлы тастарды бояймыз. (Әр балаға түрлі пішіндегі губкаларды таратып беру).
- Сенде қандай пішін? (деп әр баладан сұрау).
- Дұрыс дөңгелек. Сен тек дөңгелек тастарды бояйсың.
- Сенде үшбұрыш. Сен тек үшбұрышты тастарды бояйсың.
Жұлдыз: Бірақ сендерде қылқылым жоқ қой, немен бояйсыңдар?
Балалар: Суретті қолмен, саусақпен де бояуға болады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біз суретті бояудың тек қылқылам ғана емес көп тәсілдерін білеміз
Тастарды бояу тәсілін көрсету. Губканы аламыз, бояуға маламыз, бастырамыз. Және әр бала өз пішініне сәйкес тастарды бояйды.
Балалар музыка әуенімен тастарды бояйды.
Тәрбиеші: Міне сиқырлы жолымыз дайын болды. Ал енді ақырын аяқтың ұшымен тастарға баспай жүреміз.
.Түсбағдарға қараңдаршы, тілі қай бағытты көрсетіп тұр?
(Балалар бағытты айтады)
Балалар тәрбиеші мен бірге жүреді:шұнқырдан секіріп,жіңішке көпірден өтеді.
Тәрбиеші: (ақырын) Бұл жерден ақырын, шуламай, тыныш өту керек. Бұл батпақта су перісі тұрады.
Балалар, қарандаршы (төбешік үстінде сандықша тұрады)бұл не?
Балалар: Сандық
Тәрбиеші: Қане қарайықшы оның ішінде не бар екен?
Балалар сандықты ішін ашады, оның ішінде кішкентай жасыл шарлар болады.
- Қалай ойлайсындар олар неге ұқсайды?
- Шар, алма, доп ....
- Бірақ олар жасыл түсті және батпақта өмір сүреді. Бұл нелер екен?
- (балалар жауабын білмеиді )
- Ендеше олардың көздерін салайық.Қараңдар бұл жерде сиқырлы бояулар жатыр. Қане отырып бояйық.
(саусақпен сурет салу )
- Ал енді неге ұқсайды?
- Жауабын білмесендер мен сендерге өлең оқып беремін. Жұлдызды: балалар, біз менің қалама келіп қалдық. Бірақ бұл жерде тып тыныш
Тәрбиеші: Балалар,мынау алманың ағашы Біз қазір алма ағашының гүлдерін саламыз.
(гүлдерді балалар бөтелкенің көмегі арқылы салады)
Тәрбиеші Жарайсыңдар, әдемі гүлденген алма ағашы болды. Ал неге барлық жерде алмалар шашылып жатыр?
Тәрбиеші: Қалай Ойлайсындар, неге алмалар шашылып жатыр?
Балалар: Білмейміз.
Тәрбиеші: Менің ойымша бұл алмалар текке жатқан жоқ бұл жерде. Алманың ішін қарайық.
(тәрбиеші алдын – ала кесілген алманы көрсетіп ішіндегі жұлдызды көрсетеді)
Тәрбиеші: Қарандаршы, алманың ортасында не тығылып тұр?
Балалар: Жұлдыз!
Тәрбиеші: Міне қай жерге сиқыршы жұлдыздарды тығып қойған!
Жұлдыз: Рахмет балалар. Сендер менің достарымды құтқардыңдар.
Тәрбиеші: Білдің қайтатын уақытымыз келді. Қош сау бол Жұлдыз! жақтарына қарайды.
Қорытынды: Балалардан сұрақ –жауап арқылы сұрау