СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көшедегі қауіпсіздік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Таным

Пән: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы:  «Көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты:

Білімділік:  Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру.

Тәрбиелік:  Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  бағдаршам, аудио дыбыстар, Венн диаграмма,  жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан  слайд арқылы суреттер көрсету,  мультфильм, жол макеті,  әуендер.

Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.

Просмотр содержимого документа
«Көшедегі қауіпсіздік»

Тәрбиеші :Ергазина Э Н

Білім беру саласы: Таным

Пән: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы:  «Көшедегі қауіпсіздік»

Мақсаты:

Білімділік:  Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру.

Тәрбиелік:  Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  бағдаршам, аудио дыбыстар, Венн диаграмма,  жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан  слайд арқылы суреттер көрсету,  мультфильм, жол макеті,  әуендер.

Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.

Шаттық шеңбері:  (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар!

-Сәлеметсіздерме?!

Тәрбиеші: Біздің тобымыз:  - «Қызғалдақ»

Ұранымыз:

-Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Біз бақшаға барамыз.

Оқу білім аламыз.

Тәрбиешінің айтқанын,

Есте сақтап аламыз

- Айтыңдаршы балалар,  біз автобуспен қайда саяхат жасадық?

Көшеге саяхат жасадық

-Көліктер қайда жүреді?   - Жолда.

-Көшедегі жолдар қандай болады екен?  -Ұзын, қысқа, тар-кең

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді?   -Жаяу жүргіншілер.

Қазір қай мезгіл?    -Күз мезгілі.

Күздің қандай аттарын білесіңдер?  - Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз,берекелі күз, жемісті күз, салқын күз.қара күз.

Ендеше теледидарға қарайық.  Слайд  көрсетіледі

Өлең оқу:

Жапырақтар ұшады,

Айналады дөңгелеп.

Жапырақтар түседі,

Желмен бірге желбіреп.

Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар ойнайды,

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.

Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.

Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.

-Қандай дыбыстарды естідіңдер?

-Ш-ш-ш-ш—жапырақтардың шулағанын.

Тырс-тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у-у-у-у. (Балаларлың жауаптары).

Күзді орысша не дейміз?   - Осень

Тәрбиеші:

Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс-әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.

Айтыңдаршы, балалар!

Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?

-Бізді қауіптен қорғау.

Слайд:  «Сақта  жолдың  тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).

Тәрбиеші:

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.  Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Сұрақ- жауап алу.  

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма?  Балалардың жауаптары.

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 

Ой толғаныс: «Венн диаграмма»

Ортақ  қасиетін салыстыру.  Ескерту, тыйым  салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.

Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.

Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады. 

-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.  

- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы).    

- Мынау белгі автобус аялдайтын орын. 

- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым  салынады дегенді білдіреді. 

Тәрбиеші:  Қош  келдің,  бағдаршам!

Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?   - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Бағдаршам ойын ойнатады:  Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   Балалар ойынды қызыға ойнады.

(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)

Жұмбақ жасыру»

 Ала таяқ ұстаған,       

 Жол тәртібін нұсқаған.   

   Өміріңді күзеткен, 
   Ысқырықпен түзеткен.      Жол сақшысы

Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?   -Бағдаршам, жол сақшысы

Қандай ойындар ойнадық?   - «Сақ бол!», белгілерді  орнына қойдық...

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар.  Мақтау , мадақтау.

Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.

Тәрбиеші:  Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.