Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 23.11.2018 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Тақырыбы: Күзгі серуен
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатқа қамқор болуға , оны аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: ауа райы өзгерістерін айыра білу және өлі табиғат нысандары туралы білімдерін дамыту.
Оқыту: Қарапайым экологиялық білімдерін жетілдіру.
Билингвалдық компонент: күз-осень, бақ-сад, серуен-прогулка, табиғат-природа
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Сәлеметсің бе көздерім ?!
Сәлеметсің бе, құлақтарым?!
Сәлеметсің бе, қолдарым?!
Сәлеметсің бе, аяқтарым?!
Сәлеметсің бе, достарым?!
Сәлеметсің бе, қолдарым?!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Күз мезгілінің айларын атайықшы?
-Күзде ауа-райы қандай болады?
-Даладан қандай өзгерістер байқадындар?
Негізгі бөлім
Балалардың назарын суретке аударту. (сурет бойынша әңгіме )
Балалар суреттен не көріп тұрсындар?
-Жапырақтың түсі қандай?
-Біздің бақ қандай түске ораныпты?
- Күз мезілінде қандай құбылыстар болады?
-Жаңбыр жауады, күн суытады
-Күн суытқанда құстар қай жаққа ұшып кетеді?
-Неліктен?
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгіліне тән құбылысты анықта»
Мақсаты: жыл мезгілдеріне тән құбылыстарды орналастыру. Ауа-райында болатын құбылыстарды ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балаларға төрт жыл мезгілінің суреті көрсетіледі және қолдарына ауа-райы құбылыстары бар суреттер үлестіріледі. Осы суреттерді жыл мезгілдеріне орналастырады.
Сергіту сәтті:
(қимылмен)
Жаңбыр жауды тырс-тырс қолымен тарсылдату
Найзағай ойнады дүрс-дүрс
Күн күркіреді күрк-күрк
Жел тұрды уууууууууууу
Алақай күн шықты қолын бұлғау.
Балалар табиғат екіге бөлінеді. Өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатқа жанды заттар жатады. Мысалы айтсақ: адам, жан-жануар, өйткені олар тыныс алады, қозғалады, орын ауыстырады.
Ал өлі табиғат дегеніміз бір орнында тұрады, қозғалыс жасамайды.
Тау, тас, су, аспан, топырақ бұлар өлі табиғат
Билингвалдық компонент: күз-осень, бақ-сад, серуен-прогулка, табиғат-природа
Күзде адамдар киімдерінеде ауыстырады. Олар жеңіл киімдерін тастап, жылы киіне бастайды.
Дидактикалық ойын: Жапырақты орналастыр
Мақсаты: Жапырақты түсіне қарай отырып, жыл мезілдерді тауып орналастыру.
Ойын шарты: Балаларға жапырақ таратылады (сары, жасыл, )Балалар түстерін атап ағашқа орналастырады.
Қорытынды:
Жыл мезгілдерін ата?
Күзде айнала қандай түске боялады?
Не себептен құстар жылы жаққа ұшады?
Сұрақпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау. Сұраққа жауап берген балаларды мадақтау, мақтау.