Қызығушылықты ояту | «Миға шабуыл» әдісі Балалар ! Жаңа сабағымыз өзге сабақтарға қарағанда өзгеше болмақ. Себебі, біз бүгін барлығымыз жиналып саяхатқа шығамыз. «Ой қозғау» әдісі Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, «Етістік» деп аталатын ауыл болыпты. Ол ауылда атына заты сай, білімді, ақылды, көпті көрген «Етіс» деп аталатын бір қария өмір сүріпті. Етіс қария өзінің тапқырлығымен, шешендігімен, әділдігімен халықты таң қалдырған екен. Қарияның төрт ұлы бар болатын. Олар: Өздік етіс, Өзгелік етіс, Ырықсыз етіс, Ортақ етіс. Етістің ұлдарының өздеріне тән ерекшеліктері болыпты.Бірінші ұлы -Өздік. Ол өзімшіл, өзін ғана ойлайтын болады екен.Ал екінші ұлы Өзгелік болса, өзгені ойлап, барын өзге үшін шашады екен. Үшінші ұлы Ырықсыздың барлық жасаған істерін біреу пайдаланып, қызығын басқа көреді екен. Ал соңғы кенже ұлы Ортақтың қасиеттерін біз білмейді екенбіз. Ол үшін біз мына кестені сөйлетейік. Топтастыру стратегиясы Әр етіс түрін топтастыру. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс болады екен. Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты-әңгіме айтылды, т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді-шамды сөндірді, т.б. ал ортақ етіс жұрнағында ондай қызмет жоқ: (хат) жазысты-сабақты етістік, сөйлесті-салт етістік. Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: сөйле - с-іл-ді, жүр-гіз-дір-іл-ді, т.б. Оқулықпен жұмыс 195-жаттығу Берілген сөздерді топтарға бөліп беру. Топтық жұмыс. ДЖИГСО әдісі Етіс қария балалар жарайсыңдар, тапсырмамды ойдағыдай орындадыңдар, енді менің тағы бір тапсырмам бар еді дейді. 198-жаттығуды топқа бөлініп орындаймыз. Балаларым, сендер өте жақсы деңгейде орындап шықтыңдар. Енді соңғы бір тапсырмамды орындап кетіңдер дейді. Сендерге «Альтернативті тесті» орындауды тапсырамын. Альтернативті тест әдісі арқылы өтілген тақырыпты пысықтау | . Оқушылар осы сабаққа дейінгі етістер туралы не білетіндерін, одан кейін білгісі келетіндерін жазады. Оқушылар мұғаліммен бірге жаңа ақпаратты меңгереді. Оқушылар берілген етістіктерді ортақ етіс жасап жазады. |
Қорытындылау | Міне сендер менің кенже ұлымның барлық қасиеттерін таптыңыздар. Рахмет. Сендердің біздің «Етістік» ауылына саяхат жасап келгендеріңізге ризамыз. Ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысып, қонақ қылды риза шығарсыздар! Саяхатқа келіп тұрыңыздар! Іні-қарындастарыңызды да жіберіңіздер дейді - Етіс қария шын көңілмен. Сіздерге ризашылығымды білдіремін. Маған өздеріңнен естелік қалдырыңдар. Ол үшін мына парақтарға сурет салып, нені бейнелегеніңізді, ауылымыздан қандай ілім-білім алғаныңызды да айта кетіңдер дейді. | Оқушылар ортақ етіс туралы білгендерін постерге салып Топтастыру әдісі бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру. Әр топқа парақ беріледі. Тақырып бойынша балалар не түйгенін бейнелеп , жазып көрсетеді. қорғайды. |