СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өтпелі тақырып: Ас атасы нан

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

 

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, жасап көрсету, сұрақ - жауап Көрнекілігі: тұзды қамыр (сары түсті), тақтайша, сүрткіш, алжапқыш, ертегі кейіпкерлері Шаттық шеңбері Бір шаңырақ астында, Тату - тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз Жиынға қатысуы

Просмотр содержимого документа
«Өтпелі тақырып: Ас атасы нан»

Кіші жас «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу

қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: Ас атасы нан

Тақырыбы: Бауырсақ

Мақсаты:

Тәрбиелік: Нанды қастерлеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Нанның қандай еңбекпен дастарханға келетінің, балалармен бірге қайталай отырып, нанға деген сүйіспеншілігіін арттыру.

Оқыту: Ермексазды екі алақанның арасына салып дөңгелету әдісін үйрету.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


1.Ұйымдастырушылық кезеңі:


Әдіс - тәсілі: түсіндіру, жасап көрсету, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: тұзды қамыр (сары түсті), тақтайша, сүрткіш, алжапқыш, ертегі кейіпкерлері

Шаттық шеңбері
Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз
Жиынға қатысуы


2.Негізгі бөлім:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін біз оқу – әрекетімізде бауырсақты мүсіндейміз.
- Бауырсақ дегеніміз не?
- Бауырсақты сендер жақсы көресіңдер ме?
- Бауырсақты сендерге кім пісіріп береді?

Бауырсақтың жауабы
Тақтамен жұмыс.
- Балалар, тақтадан сендер не көріп тұрсыңдар?
- Я, бұл бауырсақ. Бауырсақтың түсі сары, пішіні домалақ.
- Балалар, сендерге бауырсақты жасамас бұрын ертегі айтып берейін.
- Баяғы өткен заманда атай мен әже болыпты. Бір күні атай әжейге бауырсақ пісіріп беруін өтінеді.
Үйде ұн жоқ. Бауырсақты немен пісіремін?
Әжей қаптың түбін қырып алып, қаймаққа илеп, майға пісіріп, терезе алдына суытады. Әбден шаршаған бауырсақ төмен түсіп, жолға шығып, қаша жөнеледі. Бауырсақ келе жатып, қоянды кездестіреді.
- Бауырсақ, мен сені жеп қомын.
- Жоқ, жемеші. Менің атым Бауырсақ. Мен аған өлең айтып беремін. Мені қаптың түүбінен қырып алды. Қаймаққа иледі. Майға пісірді. Терезе алдына суытты. Мен атайдан да қаштым, әжейден де қаштым. Мен қоян сенен де оңай құтыламын,- деп қаша жөнеледі.
Бауырсақ қасқырды кездестіреді.
Аюды кездестіреді.
Түлкіні кездестіреді. Түлкі бауырсаққа:
- Менің мына құлағым естімейді. Мұрныма тұрып айтшы?
Сол кезде бауырсақты түлкі өзінің айлакерлігімен, қулығымен жеп қояды. Сөйтіп, бауырсақ түлкіге жем болады.

Балаларға сұрақ:
- Балалар, ертегі не туралы?
- Бауырсақты кім жеп қояды?
- Енді мен сендерге бауырсақтың қалай жасалатынын көрсетейін.
Тұзды қамырды сол жақ алақанымызға салып, оң жақ алақанымызбен жауып домалақтаймыз.
- Балалар, мен не жасадым?
- Кәне, «Бауырсақ» өлеңін айтып жіберейікші?

1. Әжем келді ауылдан,
Алақай - ау, алақай.
Әжем бары жақсы ғой,
Қуанышы балақай.
2. Жан қалтасын ақтарып,
Қос қолымен уыстап.
Базарлығым балам деп,
Төгіп жатыр бауырсақ.

Балалардың жұмыс жасауы.
Жеке баламен жұмыс

3.Қорытынды:
- Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде не жасадық?
- Қандай ертегі тыңдадық?

Балалардың пікірі