Просмотр содержимого документа
«"Пішіндермен танысу"»
Ортаңғы «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 12.11.2019 жыл
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Теңіздермен мұхиттар әлемі»
Тақырыбы: « геометриялық денелер,пішіндермен танысу»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:пішіндермен танысып,салыстырып ,айырмашылықтарымен таныстыру
Дамытушылық: Үлгі және сан айту бойынша геометриялық денелер мен пішіндерді санап алуға жаттықтыру
Оқыту: Геометриялық денелерді (шар мен куб) және геометриялық пішіндерді (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, сопақша) ажырата білуге үйрету. Д/о:«Мынау неге ұқсайды?» қоршаған ортада геометриялық дене мен пішіндерге ұқсас заттарды таба алу.
Педагогикалық технологиялар : АКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта,
Билингвалдық компонент : Пішіндер-фигуры.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Мотивациялық қозғаушы:
Қонаққа Дымбілмес келеді.Қолында түрлі-түсті пішіндар бар.Балалардан көмек сұрай келіпті. Пішіндерді шатастыра беретінін айтады.
Тәрбиеші Дымбілмеске көмектесетінін айтады.
-Балалар, қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
-Ал қандай геометриялық денелерді білесіңдер?
-Осы геометриялық пішіндер мен геометриялық денелердің қандай айырмашылығы бар?
-Жарайсыңдар. Өте жақсы!\ Негізгі бөлім: Билингвалдық компоненті: Төртбұрыш-квадрат Үшбұрыш-триуголник Сопақша-овал
-Мен атаған геометриялық пішіндерді оң қолдарыңмен алып, солдан оңға қарай математикалық жолақшаға қойыңдар?
-Жарайсыңдар! Дұрыс орындадыңдар.
Геометриялық денелер шар мен текше жайында сұрау.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ
сол қолымда бес саусақ
беске бесті қосқанда
болады екен он саусақ
«Кім зейінді?» ойыны.
Ал, енді осы геометриялық пішіндердің астына сандарды ретімен қойып шығыңдар.
Үлгі және сан айту бойынша геометриялық денелер мен
пішіндерді санап алуға жаттықтыру
«Мынау неге ұқсайды?» ойыны.Балаларға бағыт беріп отыру
Дымбілмес балалардан көп нәрсе үйренгенін айтып,қоштасып кетеді.
Қорытынды: -Балалар, біз бүгін не жайында айттық?
Балаларды мадақтап, рахмет айту.