Сабақтың тақырыбы:
Программалау тілі.
Программа және оның құрылымы.
Алгоритмдік тілдегі қызметші сөздер:
1 . АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның атауының алдында жазылады.
2. БАСЫ және СОҢЫ – қызметші сөздері (begin, end). Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.
3. АРГ и НӘТ – аргументті және алгоритм нәтижесін жазу үшін қолданылады.
4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ – берілгендерді енгізу және шығару үшін қолданылады.
5. ЕГЕР , ОНДА , ӘЙТПЕСЕ , БІТТІ – қызметші сөздері (if, then, else, end). Тармақталған командаларды жазу үшін қолданылады ( бітті – команданың соңы).
6. ӘЗІР , ДЕЙІН , ҚАЙТАЛАУ , ЦБ , ЦС – қызметші сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.
Тілдің алфавиті
- атаулар (идентификатор);
- цифрлар;
- айыру белгілері;
- арнайы символдар.
Арнайы символдарға пунктуация және
арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – бүтін бөлу;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері,
ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Қарапайым есептерге мысал
Мысал . Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол 25 жұмыс күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.
Алгоритм тілінде: Блок- схемасы
алг pr1
арг S,D,D1 ;
нәт Sum
басы
енгізу S, D,D1 Sum=S/D*D1
Sum=S/D*D1
шығару Sum
соңы
басы
S,D,D1
Sum=S/D*D1
Sum
соңы
Turbo Pascal интерфейсі
Бағдарламаның құрамдас бөлігі
Паскаль тіліндегі бағдарламаның жалпы түрі:
PROGRAM аты;
VAR айнымалылар бөлімі ;
BEGIN
оператор 1;
… …
оператор n ;
END.
Бағдарлама стандартты тақырып Program сөзінен басталады .
Тақырыбын енгізгеннен кейін берілгендерді сипаттау орындалады . Var сөзінен кейін бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар көрсетіледі және олардың типі ( integer, real, boolean ) көрсетіледі.
Әрі қарай Begin және End сөздерінің арасында операторлар орналасады .
Мысал . Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол 25 жұмыс күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.
Паскаль тілінде:
Program pr1;
v ar S, D,D1,Sum : real; { айнымалыларды сипаттау }
Begin
write (‘ жалақы S=‘ ); Read ( S );
write (‘жұмыс күні D=‘ ); Read ( D );
write (‘ж ұмыс жасаған күні D1=‘ ); Read ( D1 );
Sum:=S/D*D1;
Writeln ( Sum ); {алатын жалақыны шығару }
End.
Бақылау сұрақтары
- Паскаль тілінің программасы неше бөліктен тұрады?
- Div, mod дегеніміз не?
- Никлаус Вирт дегеніміз кім ?
- Begin – нен бастап end -ға дейінгі аралық қай бөлімге жатады?
- Бүтін санның типі қандай болады?