СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары ортаңғы топқа

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақша  тәрбиешілеріне  желтоқсан  айына  сабақ  жоспары

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары ортаңғы топқа»

04.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Сәукеле

Мақсаты: Ұлттық баскиімдерді ажырата білуге; ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге үйрету; көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:сәукеленің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуеніді күйтабақ, доп.

Сөздік жұмыс: сәукеле, әшекейле, өрнекте.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Педагог алдын ала жасалған көрмедегі ұлттық баскиімдерді балаларға көрсетіп, салыстырады.

Шеңберге тұрып балаларға доп тылақтырады; педагог жекеше түрде айтқан сөзге балалар сол сөздің көпше түрін айтып жауап береді (тақия-тақиялар, етік-етіктер).


Балалар ұлттық баскиімдерді естеріне түсіреді, әңгімелейді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелеу. Балалардың анық сөйлеулерін қадағалау.

«Сырмақты әшекейле» дидактикалық ойын.

Балалардан үшбұрышқа ұқсас заттарды атауды сұрау.

Сәукеле туралы түсінік беру.

Ұлттық баскиім – сәукелені әшекейлеуді ұсыну (сәукелені қиіп дайындап беруіне болады)

Салыну жолдары:

Алдымен үшбұрыш сызып алынады, төмен жағына сызық жүргізіледі, төбесіне үкі салынады. Балалардың қалаулары бойынша ашық түстермен жұмыс жасалады. Дайын сәукелені жуан қылқаламмен боятып, сәл кепкеннен кейін жіңішке қылқаламның ұшымен әдемі ою-өрнектер салып өздері қалаған түспен әшекейлету.

«Қызғалдақ» және « толқын» өрнектерін салуды ұсыну.

Балалар сұраққа толық жауап береді.

Киімдерді атайды, неден жасалғанын, қайда киетінін айтады



Балалар қылқаламдарын суға салып, ыдыстың шетіне сүртіп, бояумен қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды.

Қандай түспен, қылқаламмен қай жерін бояп жатқандарын айтады

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалардың жұмыстарына талдау жасау. Жұмыстарды көрмеге ілу.


Балалар жақсы жасалған сәукелені атап көрсетеді



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық баскиімдерді ажыратуды;

Игереді:ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыруды

Меңгереді:көз мөлшерін дамыту, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді.






05.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Менің сүйікті қалам, ауылым және елордасы Астанам


Мақсат: Мектепке дейінгі балаларға өзінің туған жеріне,ауылына деген сүйіспеншілік туғызу,жеріндегі көрікті қызығушылық туғызу.Балалардың туған өлкесі туралы білімдерін кеңейту.Т.Рысқұлов ауылымен балаларды таныстыру.Балалардың тілін дамыту,сөздік қорын молайту.Өзінің ауылына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:”Суреттерді құрастырып жина”деген ойына керекті балалардың санына қарай конверттер,Отан туралы өлең,автобус ағылшын өлең


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Кел балалар күлейік

Күлкі менен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік!

- балалар шеңбер жасап тұрады,қонақтармен амандасады,өленің сөзін айтады


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар, Отан деген не?

-Жәрәйсіңдар балалар,өте дұрыс.

-Отан –ол біздің туған жеріміз,біздің өскен ауылымыз.

Отан - ол сенің үйің,отбасың,достарың,туыстарың тұрған жер.Ал біздің кішкентай Отанымыз –ол біздің ауылымыз.

-Біздің ауылымыздың аты қандай?

Біздің ауыл қандай?”-доппен ойын

-Қазір біз өте қызықты ойын ойнаймыз.Әр қайссың, біздің ауыл қандай? деген сұраққа жауап беру керек.

-Біздің ауыл қандай?

Қай ауданыңда тұрамыз? Ауданымыз қалай аталады?

-Балалар, мынау суретте не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс, айтасыңдар!

Суреттерді жинап құрастыр”ойыны

-Әр топқа тапсырмасымен 1конверт беріледі

-Ал енді балалар, мен сендерді біздің сүйікті ауылымызға экскурсия жасауға шақырамын.

Балалар,адамдар экскурсияға барғанда,оларға бәрін айтып,көрсетіп жүретін адамды қалай атайды ?

-Бүгін бізбен бірге саяхат жүргізуші болады.

- Саяхат жүргізуші: сәлеметсіңдерме балалар!

-Сендер бүгін қайда экскурсияға барасыңдар?

-Экскурсияға немен біз барамыз?

-Біз автобуспен барамыз,көңілді өлең айтып.

-Бірақ автобусқа отырар алдыңда,қөліктің ішінде өзін –өзі қалай ұстау керек екенін есімізге алайық.

-Автобустың ішінде қалай өзінді үстау керек айтыңдаршы?

(тәрбиеші шоферды таңдап, қолына рульді ұстатады, балалар автобуспен жолға шығады)

-Міне,балалар келдік

1аялдама мәдениет үйі

-Қалай ойлайсыңдар, балалар, бұл үй не?

Иә, дұрыс,балалар думан үйінде өлең айтып, би билеп үйренеді,сосын қонақтарға көрсетеді.

-Ал біздің балалар тақпақ Отан туралы айтады

2 аялдама” Орталық ауданы”

-Балалар орталық ауданы не үшін керек?

-Бұл жерде не көрсетеді,не болады?

-Бұл орталық ауданына сендер ата-аналарымен, отбастарыңмен әртүрлі мерекені тойлауға келесіңдер, жазда серуендисіңдер, ойнайсыңдар,отшашуды көресіңдер.

4 аялдама” Спорттық комплексіБалалар, мына жерді таныдыңдар ма?

- Бұл қандай ғимарат?

-Дұрыс, бұл спорт зал. Бұл жерде адамдар әртүрлі жаттығулар жасайды,доппен ойнайды.

-Қазір бізде жаттығу жасаймыз

Сергіту сәті

Жаттығулар  жасаймыз,

Жақсы сергіп  қаламыз.

Біздер  тату  баламыз,

Отанды  біз  сүйеміз


5 аялдама”Емхана”

Міне біздің келесі аялдамамыз”Емхана”

-Бұл ғимарата не істейді?

-Мынау тұрған көлік,қандай көлік?

-Ол не үшін керек?

-Қане,бізде,кішкене уақытқа, дәрігер бола тұрайық.Өзімізге массаж жасайық.

Нүктелі массаж”

Тамақ ауырмау үшін,біз оны сипаймыз

Жөтелмеу үшін,мұрынды уқалаймыз

Маңдайын да уқалаймыз

Құлағынды уқалаймыз

Білеміз біз бәріміз

Біз ауырудан қорқпаймыз


6 аялдама «Балбөбек” балабақшасы

-Балалар, міне біз өзіміздің сүйікті балабақшамызға да келіп жеттік

-Сендер балабақшаны жақсы көресіңдер ме?

-Балабақшада не істейсіңдер?

-Қандай қызық нәрселер болады бұнда?

-Балалар, міне біздің ауылға саяхатымыз аяқталды

-Сендерге саяхатымыз ұнады ма?

-Балалар біздің ауылымыз үлкен емес, бірақ өте әдемі,ол тұрғандарының арқасында.

-Ал біздің балабақшамыздың айналасы әдемі болу үшін не істеуге болады?

-Ендеше мен сендерді біздің бала бақшамызды безендіруге шақырамын (ұжымдық жұмыс)

 сұрақтарға жауап береды




-Т.рысқұлов ауылымыз




таза,сұлу,әдемі,қызықты,қонақжай,көпұлтты,керемет,

ғажапты,тамаша, ақшыл

-Түлкібас ауданында

-балалардың жауабы

-балалар мұқият тыңдайды және елтаңбаны қарап шығады






-балалар суреттерді жинап ғимараттарды құрастырады

-кілем үстінде балалар тапсырманы орындайды.


-саяхат жүргізуші

-балалар амандасады

-сүйікті

Т.Рысқұлов аулымыздың ғимараттарымен танысамыз

-машинамен,автобуспен,жаяу барамыз

-балалар автобуспен барады,өлеңді айтып

-шуламау ,бұзық болмау дауыстап сөйлеме ,бір-бірін итермеу керек



-




-тақпақтар

-орталық ауданыда көп мерекелер өтеді,ал қыс келгенде үлкен шыршаны қояды






-иә,таныдық

-бұл спорт зал





-балалар өленің сөзін айтып,қимылдар жасап тұрады




-ауру болған адамдарын емдейді

-ол жедел жәрдем көлік

-ауырған адамдарын тез емханаға аппарып емдеу


-балалар сөздіндерін қайталап,қимылдар жасайды






-иә, әрине жақсы көреміз

-ойнаймыз,мүсіндейміз,сурет саламыз

-мерекелер, көрме, конкурстар болады

--иә,әрине ұнады



-ағаштар, гүлдер отырғызуға болады

- балалар ағаштарды мен гүлдерді жапсыруды көрсетеді


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Бүгін біз қайда болдық?

Экскурсияға немен бардық?

-Бізбен экскурсияға кім барды?

-Жарәйсыңдар,енді біз қоштасайық


-экскурсияда болдық

-автобуспен

-саяхат жургізуші



Күтілетін нәтижесі:

Еске түсіреді: Т.Рысқұлов ауылын ғимараттарының аттарын

Түсінеді:әр ғимарат не үшін қажет екенін

Қолданады: сипаттама беру дағдысын,ағаштар және гүлдер мен суретті безендіру әдісін













05.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Бәйтерек

Мақсаты:

-Бәйтерек туралы түсінік беру

-Ойлау қабілеттерін арттыру.

Керекті құрал-жабдықтар: табиғи заттар,бәйтерек суреттері

Сөздік жұмыс: бәйтерек

Билингвальдік компонет: бәйтерек-орысша-ағылшынша

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Психологиялық сәт.

Мен әдемімін,

Менің достарым әдемі.

Менің шашым әдемі,

Досымдікі одан да әдемі.

Менің қолым әдемі,

Досымдікі одан да әдемі.

Біз әдеміміз (қолдарын түйістіріп жоғары көтеру)

Балалар сөздерді тәрбиешімен бірге қайталайды

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Иә, балалар бүгін бәрің әдемі екенсіңдер.

Суретпен жұмыс:

-Балалар сендер суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Бәйтерек қай қалада орналасқан?

-Олай болса біз бүгін осы бәйтеректі құрастырайық.

-Алдарымызда бәйтеректің бейнесі тұр.Соған біз ақ мақтадан бәйтеректің астын жапсырамыз.Ал сары қағаздан үстіндегі дөңгелекті жасаймыз.

-Үлгімен таныстыру.

-Жасалу жолдарын түсіндіру.

Сергіту сәті

Көк қарағай, көк қарағай,

Көкке қарай қолыңды соз қарағай

Оңға қарай көлеңкеңді соз қарағай

Солға қарай көлеңкеңді соз қарағай

Көк қарағай, көк қарағай.

-Балалар жұмыстарын жалғастырады.Балалар қолдарымыз желімнен бұлғанып қалса қолымызды сүлгімен сүртеміз.


Суретке қарап сұраққа жауап атайды.

-Бәйтерек

-Астанада



-Иә


-Үлгімен танысып,жұмыстарын бастайды.




Сергіту сәтін қимылмен жасайды.





Балалар жұмыстарын жалғастырады.

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар жұмыстарын аяқтайды.

-Біз бүгін не жасадық?

-Олар қайда қалада орналасқан?

-Қазір бізде қандай мереке ?

-Дұрыс ,сондықтан біз бәйтеректі жасадық.Қане бәріміз жасаған бәйтеректерімізді тақтаға іліп ,өз арамызда көрме жасаймыз.


Бәйтерек

-Астанада


-Президент күні



Балалар өз жұмыстарынан көрме жасайды.



Күтілетін нәтиже:

Білу: бәйтеректі білді

Игеру: биік,аласа ұғымдарын меңгерді

Меңгеру: табиғи материалдарымен жұмыс жасауды




















































06.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Киіз үй сыры

Мақсаты: адамдардың баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету. Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.

Алдын-ала жұмыс: шаттық шеңберіндегі өлеңді жаттау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Кәне, кәне, тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Шеңбер болып айналып,

Арқандарды тартайық.

-Балалар,біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз.

Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып,қимылдар жасайды.


- Киіз үй жайында.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.

Киіз үй екендігін қайдан білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», -деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар киіз үйді үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланын қатты дауыл желдерінен де қорған болатындығын түсіндіру.

Сендер қандай үйде тұрасындар?


- Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіндер?

-Пәтер деп нені айтамыз.

Педагог пәтер тупалы түсіндіреді.

Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?

-Бөлмелер қандай үйлерде болады.


-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?

-Міне балалар, киіз үйдің айырмашылығы оның сыртқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішінде де байқалады екен.


Педагог киіз үй, көп қабатты т.б. үйлердіәң барлығы да адам баспаларына жататындығын түсіндіреді.




-Қалай ойлайсыңдар, осы баспаларды салған кімдер деп ойлайсыңдар?


-Оларды кімдер деп атаймыз?

Педагог баспана салудағы дамдардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді.


Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.


Бірінші орталықтағы балаларға киіз үймен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттап беру, екіншің орталықтағы балаларға көпқабатты үй, оның ауласын, ойын алаңын құрастыру тапсырылады.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастыралы да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп қадағалайды.Орталықтағы жұмыстардың аяқтпалғандығын айтып орындарына отырғызады.

Дәптермен жұмыс.

Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.


-Өйткені ол киізден жасалған.


-Көпқабатты үйде.

-Мен пәтерде тұрамын.


-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.


-Көп қабатты үй биік, үлкен, онда көп адамадар тұрады.

-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелері көп.Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

- Жоқ, киіз үйдің ішінде пәтерлер де, бөлмелер де болмайды.

-көп қабатты үйлерде пәтерлер болады. Сол пәтерлердің ішінде бөлмелер бар.


-Адамадар


-Құрлысшылар деп атаймыз.


Бірінші орталықтағы балалар киіз үй менг жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардыңайырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.


Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлердің, оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.Балалар бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Педагог Ы.Алтынсариннің (Ағаш үй мен киіз үй) әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі ұййымдастырылған оқу қызметін түйіндейді.Және балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін сұрайды.Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы есіне түсіреді.

Балалар әңгімені тыңдап, педагогтің әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.

Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады.

Оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы.

Игереді: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылыфқтары, ұқсастықтары жәнеерекшеліктері туралы.

Меңгереді:салыстыруды, сипаттап әңгімелеп беруді.








06.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Ұлттық санамақпен таныстыру



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сабақта психологиялық көңіл күй орнату. Балалар шаттық шеңберін құрады.


-Екі көзің не үшін керек?


-Құлақ деген не үшін керек?


-Екі қолың не үшін керек?


Онда, әрқашанда бір-бірімізге көмекке келуге дайын болып, оқу қызметімізді бастаймыз.




Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына іс- қимылды көрсетіп айтады.

-Жақсыларды көру үшін. -Ақыл-кеңес тыңдау үшін! - Елге көмек беру үшін!


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар, сабақтың басында мен заттың санын білдіріп тұрған сөздерді қолдандым ба? Қандай?


-Бұл сөзді басқа сөзбен алмастыруға бола ма?


-Ол сөздерге қандай сұрақтар қоясыңдар? Мысал келтіріңдер.


Тақырыпқа шығу.


-Санамақ дегеніміз не? Кім біледі?


-Сендер қандай санамақтарды білесіңдер?


-Балалар, тақтадағы бейнежазбаға көңіл аударайық.

-Сонымен, балалар неге ойнай алмайтын болды?

-Ойын ойнайтын кезде, ойынды кім бастайды? Ал бұны қалай анықтайсыңдар? Санамақтың қандай маңызы бар? Демек санамақ ойынның бастаушысын анықтауға көмектеседі.

Санамақтың түрлерімен таныстыру.

Санамақ түрлері:

1.Саусақ санамақ.

2.Сан санамақ.

3.Ұлттық санамақ.

4.Күн санамақ.

5.Тағы да басқа.

Өздері білетін санамақ арқылы бастаушыны анықтап, жұппен оқиды. Бұл санамақтың қай түріне жатады? Сөздік жұмыс жүргізу. Санамақта заттың санын білдіріп тұрған сөздерді тауып, оларға сұрақ қойғызу.

«Жалғасын тап» ойынын ойнату. Интербелсенді тақтадағы сандарға байланысты санамақтың жалғасын табу.

Балаларды тыңдап, өздері қорытынды шығарады.









Ырғақ деген сөзбен және оның мағынасымен танысады.

Балалар әнді айтып, қимылын көрсетеді.

Өлеңді оқып, көшіріп жазып, Неше? сұрағына жаап беретін сөзді табады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Бүгін сабақта не білдім?

Не қиын болды? Оқу қызметінде не ұнады?

Кері байланыс: Ағашқа Балалар үш түрлі жапырақтар жапсырады. «Жасыл» - түсіндім, «сары» - түсіндім, бірақ сұрақтарым бар, «қызыл»- түсінбедім.


Балалар ойларын ортаға салып айтады.




Балалар ағашқа түрлі түсті жапырақтар іледі.




Күтілетін нәтиже:


Біледі: Санамақтардың түрлерін


Түсінеді: Тақпақтарды жаттайды


Меңгереді: Санамақтың маңызы





























07.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Бұл қай кезде болады? (дидактикалық ойын)


Мақсаты: Балаларды  жыл  мезгілдерімен  таныстыра  отырып, жыл

                 мезгілдерінің ерекшеліктері  жайлы  түсіндіру.

Әдісі:  ой  қозғау,әңгімелеу,  сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің  суреттері, жыл   мезгілдеріне  сай  киімдердің суреттері,  гүлдер.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар,бізге шуағыын төккен күнмен, мейірімді жер анамен,қайырымды аспан атамен және бізге келген қонақтармен амандасайық.

Өте жақсы балалар,ал енді әркім өз орындарына отыра қойсын.Балалар бүгін біз экология оқу қызметінен жыл мезгілдері тақырыбында әңгімелесеміз.Табиғатты аялап, қорғасақ,өз денсаулығымызды қорғағанымыз.

Балалар өз денсаулығымызды қорғағанымыз дегенді қалай түсінеміз?

Біз табиғатты қорғасақ, яғни өсімдіктерді,ағаштарды ,гүлдерді көп етіп егіп, оларды күтіп баптай білсек олар біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Олар бірігіп,саябақтарды,ормандарды құрайды.

Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық,күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.

Армысыз қайырмды Аспан ата!


Армысыз,мейірімді Жер ана!


Армысыз ,шұғылалы Алтын күн!


Сәлеметсіздер ме апайлар!






Балалар мұқият тыңдайды.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар неше жыл мезгілі бар?

Қане бәріміз бірге жыл мезгілдерін атайықшы.

Дұрыс айтасыңдар балалар. Осы кезде қыс мезгілі қонаққа келеді.


Қыс мезгілі:

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Жарайсыңдар балалар. Мен қыс мезгілімін. Мен сендерге жұмбақтар әкелдім.Ал сендер ол жұмбақтардың шешуін табуға дайынсыңдар ма?


Ендеше тыңдай қойыңдар.

*Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Зулап түстім төменге,

Менсіз шықпас төбеге.


*Отқа жанбайды ,


Суға батпайды.


Жарайсыңдар балалар. Сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Мен өзіммен бірге бауырларымды әкелдім.Олар қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы айтып береді.


Қане бізге не айтады екен?


Бекарыс:


-Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.


-Қыс мезгілі несімен қызықты?


Жарайсыңдар балалар. Ал қыс мезгілі жайлы не айтады екен.

.

-Күн,күн,сен неге күлімдейсің?

-Жаңбыр,жаңбыр сен неге сыртылдайсың?

Құстар,құстар сендер неге сайрайсыңдар?

Өте жақсы балалар.


Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?


Осы кезде Бәйшешек өсіп шығады. Балалар мынау қандай гүл?


Ал енді бір сәт тыныштық сәтін ұйымдастырайық.


Тыныштық сәті:


Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарыңа елестетіңдер. Гүлдің иісі қандай әдемі!


Балалар ендеше бәйшешектің иісін иіскеп,терең тыныс алайық.


Балалар көктемде көшет отырғызуымыз керек. Ал мен бүгін сендерге бөлме гүлін отырғызып көрсетемін. Мынау гүл отырғызатын ыдыс,ал мынау топырақ, ал мынау өсінді.


Алдымен топырақты саламыз, әбден қопсытып болған соң өсіндіні отырғызамыз. Балалар алдымен бірнеше күн бұрын өсіндіні суға салып тамырлатып қоямыз. Сонда ғана өсінді тез өседі. Міне бөлме өсімдігі дайын болды. Енді біз бұл гүлді күнделікті күтіп баптауымыз қажет.


Осы кезде жаз мезгілі қонаққа келеді.


Жаз мезгілі:


Өрік ,алма,


Шие,алша ,


Дүкендерге түседі,


Бөбектерім айтыңдаршы


Бұл қай кезде болады?


Дұрыс айтасыңдар. Мен жаз мезгілімін. Менің ерекшелігім жайлы бауырым айтып береді.


Психологиялық сәт:


Қане балалар бір сәт тыныштық сақтап,өзімізді табиғат аясында жүрміз деп елестетейік.Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып ыстықтағандарыңды басыңдар. Қандай рахат,көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды.


Енді осы елестеткен ,ойлаған ойларыңмен бөлісейік.

. Ал балалар жаз мезгілімен таныстық. Осы кезде күз мезгілі қонаққа келеді.


Күз мезгілі:


Астық пісіп,


Орақ түсіп.


Қырмандарға түседі,


Бөбектерім айтыңдаршы


Бұл қай кезде болады?


Дұрыс айтасыңдар. Мен күз мезгілімін. Менің ерекшеліктерім жайлы бауырларым айтып береді.

Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келеді.


-Қыркүйек айында үлкен балалар қайда барады?


-Үлкен кісілер не істейді?


-Мен күз айлары жайлы айтып беремін.


Күздің бірінші айы-қыркүйек. Ол ерте күз деп аталады.


Екінші айы - қазан. Ол -алтын күз деп аталады.


Үшінші айы-қараша. Ол суық болғандықтан,қара күз деп аталады.


Балалар мен сендерге өлең оқимын. Ал сендер сол өлеңде не жайлы айтылғаны жөнінде айтасыңдар.


Сұр бұлт,түсі суық қаптайды аспан,


Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.


Балалар бұл кімнің өлеңі?


Бұл өлеңде Абай аталарың күзді қалай бейнелеген?

Төрт жыл мезгілі бар.


Қыс,көктем,жаз,күз.


Қыс мезгілінде болады.


Иә.






Қар.




Шана.




Мұз.


Қыста қар жауады, қардан аққала жасап ойнаймыз.Шанамен ойнаймыз.


Балалар мұқият тыңдайды.




Көктем мезгілі.






-Көктем келді.


-Көктем келді.






-Көктем келді.



Күн жылынып,адамдар егін егеді. Жылы жақтан құстар келіп, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек шығады.




Бәйшешек.






















Мынау көтемнің алғашқы гүлі ғой. Қандай әдемі!




Балалар қайталайды.


Балалар мұқият тыңдайды.




Жаз мезгілінде болады.



Балалар психологиялық сәтті орындайды.








Балалар мұқият тыңдайды.


Күз мезгілінде болады.






Балабақшаға,мектепке барады.




Егіндерін орып, астықтарды жинайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Өте жақсы балалар. Біз бүгін жыл мезгілдері жайлы әңгімелестік. Ал енді оқу қызметін «Гүл теру» ойыны арқылы қорытындылаймыз.

Балалар мына жерде гүлдер тұр. Ал ендер гүлді ала отрып, сұрақтарға жауап бересіңдер.

Сұрақтар:

Жыл мезгілдерін ата?

Тыйым сөздер айт?

Бүгінгі ауа райы қандай?

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ата?

Бәйшешек туралы тақпақ айт?

Қорытынды.

Балаларды мадақтау.

Балалар мұқият тыңдайды.


Абайдың өлеңі.


Күннің суыта бастағанын, қазан айында сұр бұлт көбейіп,жаңбыр жауатынын,жерді тұман басып,ештеңе көрінбейтіні жөнінде айтқан.



Балалар ойын ойнау арқылы, сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже


Біледі: Жыл мезгілдерін


Түсінеді: Сұрақтарға жауап беріп үйренеді


Меңгереді : Тыйым сөздерді жаттап алады


07.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың өз Отандары туралы, мемлекеттік рәміздері, елбасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.

Қолданылатын көрнекіліктер: рәміздердің суреті, елбасының суреті, аудио және видео материалдар.

Үштілділік компоненті: Отан – Родина – motherland.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, Біздің Отанымыз – Қазақстан!

Балалар, сендер біздің елорламыз қай қала екенін білесіңдер ме?

Дұрыс айтасыңдар, ал біз қай қалада тұрамыз?

Сендер қай балабақшаға келесіңдер?

Ал, балалар сендер біздің мемлекетіміздің президенті кім екенін білесіңдер ме?

Бұл кісі балалар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Назарбаев Біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Қазақстан мемлекетінің құрылуына зор үлесін қосқан жандардың бірі.

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық, 
Керегені құрайық. 
Уықтарша иіліп, 
Қазақ үйді құрайық. 

Топқа батыр кіреді, балалармен амандасады:

Батыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе, төрлетіңіз!

Батыр: Рахмет, балалар, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?

Батыр: Дұрыс таптыңдар, балалар. Біз батырлар осынау ұлан байтақ жерді сендерге аманат етіп қалдырдық. Балалар, қане айтыңдаршы, сендер қай мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар?

Батыр:Тамаша, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер.

Батыр: Балалар, сендердің маған көмектерің керек. Мен мынандай бір зат тауып алдым оның ішінен дауыстар естіледі, ол не дауыстар екенін білгім келіп тұр.

Қане бұны біздің ноутбугымызға салып көрейікші?

(мемлекеттік рәміздер туралы видео).

(Мультфильмде ту туралы өлең оқылады)

Балалар, қане бізде өлеңді жаттап алайықшы.

Желбірейді жалындап,

Қазақстан байрағы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Батыр: Керемет, қандай қызықты мультфильм!

Балалар, мультфильм не туралы?

Қандай мемлекеттік рәміздер бар екен?

Тудың түсі қандай?

Батыр: Балалар, сендер қандай ақылды, зерексіңдер! Мүмкін сендер Отан туралы тақпақтарды да білетін шығарсыңдар?

Отан туралы тақпақтар.

Мақал – мәтел:

Отан- оттан да ыстық.

Отан- отбасынан басталады.

Батыр: Балалар, сендерге үлкен рахмет! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! Енді сендермен қоштасатын уақыт жетті. Сау болыңдар, балалар!

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.















Сәлеметсіз бе!



Ия, сіз батырсыз.











Біздің Отанымыз – Қазақстан!





















Видеоны мұқият тамашалайды.





Мемелекеттік рәміздер туралы.

Ту, елтаңба, Әнұран.

Тудың түсі көк.




Рефлексивті

коррекциялаушы

Ойын «Кім жылдам?» Ойын Шарты: Балаларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші жауап береді сол балаға смайл беріледі. Кім көп смайл жинаса сол бала жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

Біз қай мемелекетте өмір сүріп жатырмыз?

Елбасымыз кім?

Еліміздің астанасы қай қала?

Біз қай қалада тұрамыз?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

Тудың түсі қандай?

Онда нелер бейнеленген?


Қорытынды сұрақтар.

Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Бізге қонаққа кім келді?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады екен?

«Отаным» әні

Балаларды мадақтау.

Ойын шартын бұзбай орындайды.

















Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мемлекеттік рәміздер, елбасы, Қазақстан Республикасы туралы біледі;

Игереді: тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін;

Меңгереді: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуді.


08.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту. Ермексазбен жұмыс жасау ережелерін түсіндіру. Ұсақ қол маторикаларын дамыту


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле шашылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын көңіл-күйлерімізді көтерейік.

-Көңіл-күйлеріміз қандай?

- «Балбөбек» бақшамыз қандай?

- Тобымыздың балалары қандай?

-Қыс мезгілі қандай?

-Қар жауған қандай?

-Жақсы балалар, ендеше бүгінгі күніміз де тамаша өтсін.

Балалар жылулық шеңберіне тұрып, апайлармен амандасып, бір-бірлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.



-тамаша

-тамаша

-тамаша

-тамаша

-тамаша

-тамаша

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Бүгінгі оқу қызметіміз - мүсіндеу. Тақырыбы: «Аққала».

-Балалар, қазір қандай мезгіл?

-Қыста күн қандай болады?

-Ендеше боранды қимылмен көрсетейік.

-Жақсы балалар, бүгін мен сендерді екі топқа бөліп, білімдеріңді тексеремін. Әр дұрыс сұраққа бір жұлдызшадан беріп отырамын. Қай топ көп жинаса, сол жеңімпаз болады.

1.Жыл мезгілдерін атаңдар.

2.Қыс мезгілдерінің айларын атаңдар

3.Қазір қай айы?

Қыс ханшайымы: Менің аязды, суық күндерімді елең қылмай не өткізіп жатырсыңдар?- деп сиқырлы таяғымен тәрбиешіні қатырып тастайды.

Балаларды да қатырғысы келеді, бірақ қатпайды.

Қыс ханшайымы: қой, сендердің демдерің ыстық екен, мен еріп кетпей тұрғанда тез кетейін, мені ерітіп жіберер.

Тәрбиеші көмекшісі:

-балалар, апайларыңды жақсы көресіңдер ме? Ендеше жылы лебімізді жіберейік.

Тәрбиеші:

-Рахмет балалар, менің бойымды жылыттыңдар, қыс деген осындай қатал болады.

Аққала: Саламатсыңдар ма, балалар. Бүгін менің туған күнім.

Тәрбиеші: Ой балалар, аққаланың туған күніне не сыйлық жасап берсек екен?

Аққала: маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Егер сендер көмектессеңдер, сол маған үлкен сыйлық болады.

Менің досымды қыс ханшайымы сиқырлап тастады.өзіміз сиқырдан құтқарайық десек, ол тапсырмаларды орындай алмаймыз.

Тәрбиеші: балал

ар, тапсырманы орындаймыз ба?

Ең үлкен астыңғы дөңгелектің тапсырмасы:

-қыс мезгілі туралы мәтел.

2. Ортаңғы дөңгелектің тапсырмасы:

-қыс мезгіліне байланысты

жұмбақтар.

3.Басының тапсырмасы:

-Сандарды тура жіне кері санау.

4.Қалпағының тапсырмасы:

-үй жануарларын атаңдар.

5. Оң қолының тапсырмасы:

-қыстап қалатын құстар.

6.Сол қолының тапсырмасы:

-үй құстарын атаңдар.

Міне, аққаланы құрастырдық, енді біздер аққалаға сыйлыққа аққаланың суретін салып берейік.

Жеке жұмыс.

Сурет салу жолдарын түсіндіру.

-қыс

-салқын, боран, аяз.

Боранды қимылмен көрсетеді.





-күз, қыс көктем, жаз.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-ақпан.




Балалар барлығы бірігіп қыс ханшайымына қарсы жылы леп жібереді.




-иә.

Балалар апайына да жылы леп жіберіп жібітіп алады.




-Саламатсыз ба, Аққала!












-иә.

1.-Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.

.-Қыстың күні қырау.

.-Боранды күні ит пен бала құтырады.

.2.-Қыстай жегіп қос атты, көктем шыға босаттым.

-Терезені өрнектеп, Әдемі сурет саламын. Кім екенін табайық, көрінбей кетіп қалыпты.


1,2,3,4,5. 5,4,3,2,1.

-түйе, қой, ешкі, жылқы, сиыр.

-қарға, сауысқан, торғай.


-үйрек, қаз, тауық, балапан.




Рефлексивті

коррекциялаушы

-Енді жинаған жұлдызшаларымызды санайық.

Балалар, Аққаланың қарны ашып қалған шығар,оған не берсек болады екен, ыстық шәй берсек бола ма? Бәліш берсек ше?

-Міне таптым, аққалаға мұздан жасалған кәмпиттерді берейік.

Аққала: алақай, достарыма беретін болдым.

-Рахмет, сендерге, бірақ сендерге оларды жеуге болмайды, сендердің тамақтарың ауырып қалады.

Тәрбиеші:балалар, аққала, көздеріңді жұмыңдар. Мен сендерге бір сиқыр көрсетемін.

-Балалар, сендерге рахмет, аққала досым, мен сені аққалалар қалашығында күтемін.

-Алақай, рахмет сендерге балалар.

+Балалар, біз кішкене сергіп алайық. Музыка әуенімен саусақ қимылдарын жасап сергіп алайықшы.

-Жарайсыңдар, балалар.

-Ол еріп кетеді. Одан да еріп кетеді.
















Балалар музыка әуенімен саусақ қимылдарын жасайды.




Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: аққаланы салудымбіледі.

Қандай түсініктерді игереді: жеке жұмыс жасауды.

Меңгерген дағдылықтары мен іскерліктері: сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.





11.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Гүлдене бер ,Қазақстан

Мақсаты: кең байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Қылқалам, бояу, Қазақстанның әсем жерлері бейнеленген коллаж.

Сөздік жұмыс: Отан, туған ел.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Психологиялық сәт:

-Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, көз алдымызға туып-өскен жерімізді елестетейік.

(Педагог өздері тұрған аймақтың көрікті жерлері туралы қысқаша түсінік береді.) Ал енді көзімізді ашайық.

Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен көз алдарына туған жерлерінің (қалаларының) көрікті жерлерін елестетеді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, енді тақтаға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?

-Қазақстан туралы, Қазақстан қалалары туралы қандай тақпақтар білесіңдер.

Қазақстан туралы тағы не айта аласыңдар? Біз қай жерде тұрамыз? Біз тұратын жердің көрікті орындарын айтып беріңдерші.

Балалар, болашақта Қазақстанның қандай болғанын қалайсыңдар? Соны суретпен бейнелеп көрейік.

(Балалардың суретті салуына басшылық жасалады, жеке көмек көрсетіледі.Мазмұнды сурет салуда балаларға нақты неден бастауға болатыны айтылады, балалардың қандай сурет салғысы келетіні анықталып , бағыт беріледі).

-Кәнеки, еліміздің астанасы-әсем қаламызды бейнелеп, сурет салуды бастайық. Көзге бірден түсетін, аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз?Алдымен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке, төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап кетеді.Енді оның жоғарғы болігіне дөңгелек, яғни шар тәрізді, «жұмыртқа»саламыз, көрік беру үшін үлгідегідей етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар жүргіземіз. «Бәтеректің»түсін өздерің таңдауларыңа болады, өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді.

-«Бәйтерек», «Хан шатыры», «Медеу» мұз айдыны, «Көктөбе» спорт кешені.Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады.

Күннен-күнге көркейіп келе жатқандығы туралы т.б.

Балалар музыка ырғағмен тақтадағы суретті үлгі ретінде қарай отырып,өздері сурет салады.







Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық. Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.

.


Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі:туған жердің кең-байтақ екені, өз елінің әсем жерлері мен ерекшеліктері туралы білімі кеңейеді.

Игереді:Көз алдына елестету арқылы сурет салу дағдыларын игереді.

Меңгереді: өз ойларын суретте жеткізе білуі, жұмысты орындаудағы тиянақтылығы мен ептілігі қалыптасады.



















































12.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Мен тұратын ауыл


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы



Ұйымдастырушы

ізденуші



Рефлексивті

коррекциялаушы










































13.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Астана – бас қалам!


Білімділік: Балаларды елордамыз Астана қаласымен таныстыра отырып, қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балаларға Астана туралы тақпақтар мен Отан туралы мақалдар айтқызу арқылы ой – өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды өз туған еліне, жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Астана, бәйтерек,

Керекті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласының суреттері


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

– Балалар, айналамызға назар аударайықшы, бүгін біздің тобымыз күндегіден ерекше безендірілген, Ендеше шаттық шеңберін құрып, амандасайық.


-Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық.

Балалар топтың әсем безендірілгенін көріп, шаттық шеңберін құрады, келген қонақтармен амандасады.

Арайлап таң атты.

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз

Сәлеметсіз бе, апайлар!

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тәрбиеші:

–Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

–Қыс мезгілінде неше ай бар?

–Қыс мезгілінің ай аттарын кім атап береді?

–Қыс мезгілінде ауа–райы қандай болады?

–Өте жақсы, сендер қыс мезгілі туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап отырып, өлең жолдары не туралы екенін айтыңдар.

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам – бас қалам!

–Балалар өлең жолдарында қай қала туралы айтылған?

–Дұрыс Астана қаласы туралы айтылған екен, олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: «Астана – бас қала» деп аталады.

–Балалар біздің ұлтымыз қазақ, ал Отанымыз Қазақстан деп аталады.

–Қане балалар, «Қазақстан» деп айтайықшы.

–Біздің еліміз ешкімге тәуелсіз ел, еліміздіғ елтаңбасы, әнұраны және туы бар.

–Балалар қараңдаршы, міне мынау біздің еліміздің туы. Қане балалар «ту» деп айтайықшы.

–Тудың түсі көгілдір, ортасында күн мен қыранның бейнесі бейнеленген, бір шетінде халқымыздың ою – өрнегі бар екен.

–Балалар ал мынау біздің еліміздің елтаңбасы.

–Ал мынау балалар, біздің әнұранымыз. Әнұран орындалған кезде барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымызды кеудемізге қоюымыз керек.

–Балалар біздің елімізді басқарып отырған елбасымыз бар. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Міне балалар – біздің елбасымыздың суреті. Ол елімізді бірлікте, ауызбіршілікте басқарып отыр.

–Қане балалар, бұл кім екен?


–Балалар біздің еліміз тәуелсіз мемлекет болғандықтан біздің елордамыз, бас қаламыз бар. Ол Астана қаласы. Қане балалар, «Астана» деп айтайықшы. Астана қаласы өте әдемі, жас қала. Астана қаласында әсем ғимараттар бар. Солардың бірі «Астана – Бәйтерек» монументі. Міне мынау біздің бәйтерегіміз. Қане балалар, «бәйтерек» деп айтайықшы.

–Өте жақсы балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Балалар:

–Қыс мезгілі,

–Қыс мезгілінде 3 ай бар,

–Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары

Қыста күн суық, адамдар қалың киінеді


Балалар өлең жолдарын тыңдады:

–Астана қаласы, – туралы деп жауап береді.



Балалар жаңа тақырыппен танысты.



–Қазақстан, – деп айтады.


Балалар еліміздің елтаңбасын, туын, әнұранын көрді.

–Ту,– деп айтады.

Балалар туды көреді, ту туралы түсінік алады.



Балалар еліміздің елтаңбасы мен әнұранын көрді, түсінік алды.


–Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, – деп жауап береді.

–Астана қаласы, – деп айтады.

Балалар Астана қаласының әсем ғимараттарының суреттерін көреді,



–Бәйтерек,–деп айтады.


Балалар сергіту жаттығуын жасайды.


.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Тәрбиеші балаларға:

–Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?

–Балалар біздің еліміз қалай аталады?

–Балалар біздің елеміздің елордасы, бас қаласы қай қала?

–Бүгінгі оқу қызметісендерге ұнады ма?

–Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер. Елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Балалар сендер туған елімізді, жерімізді, Астана қаласын сүйе білетін, адамгершілігі мол азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер. Бүгінгі іс – әрекетімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыз. Осымен балалар бүгінгі іс – әрекетіміз аяқталды, орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасайық.


Балалар:

–Қазақстан Республикасы.


–Астана қаласы.


Күтілетін нәтиже: балалардың Қазақстан Республикасы мен елордамыз Астана қаласы туралы түсінік алуа,

Білуі керек: балалар елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтар айта білуі.






13.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Уақытты бағдарлау

Мақсаты: Жыл мезгілі, жыл аттары атауларымен таныстыру. Жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Қуыршақты жыл мезгіліне сәйкес киіндіруді ұсынады.

-Далада күн суық болғанда қалай киіну керек?

-Ал ыстық кезде ше?

-Қуыршаққа ат қойып, киім таңдауына көмектесейік.


Жағдайға байланысты қызығушылықтары пайда болады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Тақтаға баланың суреті ілінеді. Балаға жыл мезгіліне қарай киім таңдау керек.


Жыл мезгілінің 4 суреті көрсетіледі. Педагог жыл мезгілі туралы өлеңдер оқиды. Содан соң карточкалардың бірін (мыс. жаз) алады. Жыл мезгіліне сәйкес киімдер таңдалады. Балалар шығып, баланы киіндіру керек.

Содан соң педагог жыл мезгілдерін ретімен атауды сұрайды. Ары қарай әр мезгілде 3 ай бар екенін айтады. Ай атауларын хормен айтқызады.

Әр жыл мезгілінің айлары туралы өлеңдер оқып береді.


Сергіту сәті

Екі қолды созайық

Құс боп қанат қағайық

Жоғары төмен қарайық

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық


Жыл мезгілдеріне сәйкес адамдардың еңбегі туралы әңгіме жүргізіледі:

«Қыста қар тазалайды. Көктемде жер жыртып, егін егеді. Жазда егістікті күтеді, демалады. Күзде егінді жинайды».

1-тапсырма

Суреттегі жыл мезгілдерін ретімен белгілеу.


2-тапсырма

Қолшатырды қай кезде, қандай мезгілдерде ұстайтынын айту. Ең үлкен қолшатырды ең кіші қолшатырмен сызық арқылы қосу.


3-тапсырма

9-ға дейін санау дағдыларын және геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекітуге арналған.


Жыл мезгілдері туралы суреттерді қарастырады. Жыл мезгілдерінің белгілерін, айырмашылықтарын табады. Өлеңдер мен жұмбақтарды тыңдайды.

Қағаздан жасалған қуыршақ баланы жыл мезгіліне сәйкес кйіндіреді. Жыл айларының атауын айтып үйренеді.




Бойларын сергітеді






Зейін қоя тыңдайды.


№1 тапсырманы суреттердің осындай тәртібін неге таңдағандарын түсіндіре отырып орындайды.

Жыл мезгілдерінің және ай аттарын ретін қайталайды.

Дәптердегі №2, 3 тапсырмалармен жұмыс істейді.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Жыл мезгілдері мен ай аттарын көрнекі құралдарға сүйене отырып қайталату.

Балалардың жауаптарын атап өтіп, мадақтау.

Ай аттарын әлі білмейтін балаларға хормен қайталату.


Өз беттерінше жауап береді.

Хормен айтады.


Кұтілетін нәтиже


Нені білу керек:

жыл мезгілі мен ай аттарын, жыл мезгілінің белгілерін.

Нені игереді:

Әр жыл мезгіліндегі киім және адамдар еңбегі туралы түсінікті.

Нені біледі:

Жыл мезгілдері мен ай аттарының ретін қоя білу.













































14.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Менің туған өлкем


Мақсаты: Қазақстаның кең байтақ бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру. Балаларың қызығушылығын , ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу. Отан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: президенттің суреті, Астана қаласының суреттері, интеративтік тақта.

Сөздік жұмыс: Отан, Астана, Тәуелсіз.

Қостілдік компанент: Отан – Родина, астана – столица. Тәуелсіз-Независимость!


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері.


Арайлап таң атты


Алтын шуақ таратты


Қайырлы таң балалар


Қайырлы таң қонақтар.


Ән ұран


-Өте жақсы, балалар! Осы жақсы көңіл күйімізбен бүгінгі тәрбие сағатын бастайық.


Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Менің Тәуелсіз-Қазақстаным!».Тәуелсіз ел деп-өзінің президенті, туы, елтаңбасы, ән ұраны бар елді атайды.

Шаттық шеңберге тұрады,жылы тілектерді қайталап айтады.





.


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-дұрыс айтасыңдар. Енді мына суреттер не көріп тұрысындар?

-Тудың түсі қандай?

-Тудың ортасында күн бейнеленген астында қалықтаған қыран құстың суреті бейнеленген , ал сол жақ шетінде ұлттық ою өрнектелген.

-мынау Қазақстанымыздың мемелкеттік Елтаңбасы.

-Елтаңбаның негізі шаңырақ. Ол Елтаңбаның жүрегі.

Тақпақ

Отан тарих. Отан тіл

Отан өлең, отан жыр 

Көтерген көкке ел даңқын

-ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Тақпақ

Тәуелсіздік жолыңда,

Талай-талай тер тамған 

Билігім өз қолымда

Еркіндігім ел таңба

Сергіту сәті:

Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз

Тек алға-алға бастаймыз

Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)

Болашаққа самқаймыз .

2006 жылы 6 қаңтарда президенттің ұлықтау рәсімінде «Менің Қазақстаным» болып ән ұраны шырқалды.

-балалар сендер қай елде тұрасындар?

-Қазақстанның бас қаласы қай қала?


Алтын дәні даласы бар.

Ақ күмістей қаласы бар. 

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің туған өлкем

-біздің тұратын ауылымыз қалай аталады?

-Біздің еліміз қандай ел?

-Отанымызды жақсы көремізбе?

-біздің ұлттық тіліміз қазақ тілі

Қос тілдік компонент:

Отан – Родина, астана – столица. Тәуелсіз-Независимость!

Тақпақтар:

Отан жерім. Отан суым

Отан қуат нәр береді.

Отан ұран. Отан жыр

Отан мәңгі гүлденеді.


Туған күнің құтты болсын!

Құтты болсын отаным! Ясмин

Құт береке той мереке

Бола берсің әр дайым.


Көгінде күн нұр төккен

Жерінде гүл жұпар еккен Айдар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Ән: «Отан»

Би: тулармен



қыс

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Ту


Көгілдір





Елтаңба

























Қазақстанда

Астана бас қала






Тәуелсіз ел


иә


Рефлексивті

коррекциялаушы

Бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелестік?

-балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?


Қазақстан тәуелсіз ел туралы

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Бізідің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап береді

Түсінеді: Қазақстан Республикасы- тәуелсіз ел екенің түсінеді.

Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәлеметтерді оқу іс-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын

15.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Туған өлке

Тақырыбы: Астан – бас қала!

Мақсаты: Қазақстанның бас қаласы-Астана туралы түсінік беру. Елорданың керемет ғимараттарын таныстыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Балаларды Отансүйгіштікке, туған елді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Астана қаласындағы биік ғимараттарының суреттері, слайд, пішіндер, бәйтерек бейнесі қиылған қима қағаздар, жалауша, Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жапсыру, дидактикалық ойындар.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалармен амандасу.

Шаттық шеңберіне тұрғызамыз.

Қане, бәріміз бір-бірімізге жылу берейік, және оны бойымызға дарытамыз.

Армысың алтын күн,

Армысың Жер-Ана!

Армысың Көк аспан,

Армысың Жан досым!

Міне, менің қолым,

Жылуыма жылу қос!

Балалар тәрбиешілермен амандасады.


Шеңберге тұрып барлығы бірге:


Бір-біріне алақандарын тигізіп, жылуын сыйлайды.


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар Отан дегеніміз не?

-Балалар, біздің еліміз қалай аталады?

-Елімізді кім басқарады?

-Біздер еліміздің рәміздерін білеміз бе?

Әнұран орындалады.

Слайдтан мемлекеттік рәміздердің суреттері көрсетіледі.

-Балалар, бұл не?

-Тудың түсі қандай?

-Тудың пішіні қандай?

-Туымызда нелер бейнеленген?

-Елтаңбаның пішіні қандай?

-Елтаңбаның ең жоғарғы бөлігінде не бар?

/Пішіндерді алдарында тұрғанқима қағаздарда берілген пішіндер бойынша көтеріп көрсетіп айтады/

-Жарайсыңдар, балалар, ал біздің елімізде қандай қалалар бар?

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Дұрыс айтасыздар! Ендеше, біз бүгін бас қаламыз-Астана қаласы туралы, Астанадағы зәулім ғимараттар туралы мәліметтер алып, суреттерін тамашалаймыз.

-Барлығымыз назарымызды экранға салайық. /слайдтан Астана қаласының көшелерінің суреттерін көрсету арқылы Астана жайында жалпылама түсінік беру./ Еліміздің астанасы-Астана қаласы 1997 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы боп жарияланды. 1998 жылы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Еліміздің бас қаласының ортасында Есіл өзені ағып жатыр. Өзеннің екі жағы қала халқы демалатын жағажайға айналды.Зәулім ғимараттар бой көтерді. Еуропаның жүрегінде аққудай салынып, тотыдай таранып бой көтеріп келе жатқан жаңа қала. Ол болашақта ең әдемі, сұлу, әйгілі қала болмақ.


-Балалар сендер бас қаламыз жайында қандай тақпақтар білесіздер? /тақпақтар оқылады/


-Жарайсыңдар! Ал, бұл – қорапша. Қорапшада Астананың әдемі, зәулім ғимараттарының фотосуреттері мен ол туралы мағлұматтар бар екен. Бірақ қорапша ашылмайды. Ашу үшін біз бір «Кім қырағы?» атты тапсырманы орындауымыз керек. /Астана көшесі бейнеленген екі бірдей суреттен айырмашылық табу керек/.

-Керемет балалар, сендердің қырағылықтарыңды байқадық. Қорапшамызда ашылды. Ал енді қорапшадағы фотосуреттерді тамашалайық /фотосуреттегі ғимаратпен таныстыру/

1. Бұл-Астана әуежайы. Астана әуежайы – Қазақстандағы ірі әуежайларының бірі, барлық шет елдерге ұшақтар қатынайды. Әуе көлігінің барлық түрлерін ұшырып, қондырады.

2. «Ақ Орда»-Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясы. Бұл ғимаратта көп министр ағалар жұмыс жасайды.

3. «Астана – Бәйтерек» – Астанадағысәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м, негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м.

4. «Қазақ Елі» монументі- ұзындығы 91 метр. Бұл еліміздің тәуелсіздік алған жылын білдіреді. Оның ұшар басына Самұрық құсы қонып тұр. Бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуға, гүлденуге ұмтылған ынта-жігерін бейнелейді. Сондықтан алып сәулетті-мүсін кешенінің «Қазақ Елі» атануы да тегін емес. Бұл – тәуелсіздіктің символы.

5. «Нұр-Астана» мешіті – Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43метр, өзге кіші 25 күмбезі бар, биіктігі 63м төрт мұнарасы бар. Мұнда бір мезгілде 10мың адам намаз оқи алады.

6.Пирамида-Қазақстандағы ғұмыр кешіп жатқан 130 ұлттың және 40- тан астам конфессиялардың келісімдері мен татулықтарының да символы. Сондықтан ол «Бейбітшілік пен келісім» сарайы деп те орынды аталды.Атақты ағылшын архитекторы Нормен Фостердің жобасы әлемнің барлық құрлықтарынан байқауға келіп түскен 48 туындының арасынан жеңіп шыққан . Астана Пирамидасының биіктігі 75 метр де, аумағы 25,5 мың шаршы метр.Пирамида ішінде 1350 көрерменге арналған опера залы, сахнаның алдында 80 адамдық оркестр орыны бар.Ғимараттың ортағы бөлігінде Атриум залы, Бесік залы орналасқан.Астанадағы Пирамиданың сырт тұлғасы Египедтегі алып құрылыстарға ұқсағанымен,оның ішкі мазмұны мен салыну мақсаты тек қана адамзат бақытына арналған.

-Дараланып әлемнің картасында

Сары бел Сарыарқаның ортасында.

Астана ертегідей ғажаптанды,

Кемеңгер Нұр ағаның арқасында!

Ия, балалар, осындай кереметтей астанамыздың ғажайып ертегідей бой көтеруі ел басшысы, президентіміздің арқасында.

Сергіту сәті.
Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.

-Ал, енді балалар «Тез ойлан»атты ойын ойнайық. «Астана» деген сөздің әр әрібіне сөз ойлаймыз. Мысалы: «А»-алма, ата, ана т.б; «с»-сағат, сырға т.с.с.

-Жарайсыңдар!

-Сендердің алдарыңа ақ парақ пен желім берілген. Сонымен бірге Астана қаласындағы жоғарыда танысып өткен ерекше монумент «Астан қаласының» бөліктері берілген. Сол бөліктерді құрастырып, ақ параққа жапсырамыз.


Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.





Әнұран орындайды.


Балалар назары тәрбиешіде, сұрақтарына жауап береді. Алдарында тұрған пішіндерді көтеру арқылы ту мен елтаңба пішіндерін көрсетеді.


















Балалар экранға назар аударып, мәліметтерді мұқият тыңдайды.


Балалар Астана туралы тақпақтарын айтады.


Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да.


Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала.

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Қорапша ашылу үшін тапсырма орындайды. Екі бірдей суреттерден 3 айырмашылық табады.


Қорапша ашылып, балалар Астананың зәулім ғимараттарының фотосуреттерін тамашалап, тәрбиешіде олар туралы мағлұматтар алады.


































































Балалар сергіту сәтін орындайды.





Балалар тәрбиеші көмегімен «Тез ойлан» ойынын ойнайды.






Балалар тәрбиеші түсіндірмесі бойынша және көмегімен жапсыру жұмысын орындайды.



Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалардың жұмысын жинап алып, мақтау сөздер айтып, көрме ұйымдастыру.

Оқу қызметін суретті сөзжұмбақ арқылы қорытындылау. /Сандармен белгіленген шаршыларды таңдайды, әр шаршы артында жасырынған сурет бас қаладағы қай ғимарат екенін табады./


-Жарайсыңдар, балалар! Барлығыңыз бүгінгі оқу қызметіне белсене қатыстыңыз. Барлық балаларды жақсы қатысқандары үшін жұлдызшалармен марапаттаймын.


Балалар жұмыстарын тәрбиешіге тапсырады.


Суретті сөзжұмбақты шешеді.




Балалар жұлдызшалармен марапатталады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Еліміздің бас қаласы туралы мәліметтер білуі, әртүрлі зәулім ғимараттарын тануы;

Болуы керек:Оқу қызметіне деген қызығушылығы;

Қолынан келуі керек:Астана туралы тақпақтарды жатқа айтып білуі керек, тәрбиеші түсіндірмесін мұқият тыңдап ойындар мен тапсырмаларды, жапсырма жұмысын тиянақты дұрыс орындай білуі.



































18.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Кешкі қала

Мақсаты: ұжымжық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір-бірімен ақылдаса, келісе қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру. Дербестікке, белсенділікке бауылу. Еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту, көктемдік талғамын, ой-қиялын дамыту. Кешкі қала көрінісінің әсемділігін, сұлулығын сезіндіру.

Көрнекі құралдар: кешкі қала көрінісінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс:әңгімелесу, таныстыру, көрсету.



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларға саяхатта көрген-білгендерін әңгімелету. Қала жайындағы түсініктерін тереңдету мақсатында сурет көрсете отырып әңгімелесу.

Қаланың ауылдан ерекшелігіне тоқталу.

-Үйлерді кімдер салады? (құрылысшылыр)

Балалар қала жайлы түсініктерін айтады. Өздері тұратын мекен жайын айтып, қаладан ауылдың ерекшелігіне тоқталады. Балалар педагогтың қойған сұрақтарына жауап береді.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, ал сендер кешкі қала көрінісін тамашалап көрдіңдер ме?

-Кешке қала көрінісі несімен ерекшеленеді?

 

-Бүгін сол сендер тамашалап отырған кешкі қала көрінісін салайық.

Педагог кешкі қала суретін салған  кезде әртүрлі фигураларды молынан қолдануға болатыны, әр үйдің терезесінен түсетін жарық негеәр түсті болуы мүмкін екенін (терезеге тұтылған  перденің түсіне сай), түн мезгілі екенін фон арқылы көрсетуге болатынын, аспандағы жұлдыздарды қылқалам көмегімен салу жолдарын түсіндіреді.


-Иә, тамашаладық.

-Түнде де қала әдемі болады, шамдардың барылығы жап-жарық болып, қала одан сайын әдемілене түседі.

Балалар қажетті құралдарын алып, өз қалаулары бойынша

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар оқу қызметін талданып, қортындыланады. Жақын маңдағы қала көшелеріне мақсатты серуенге барып, қала өмірінің тыныс-тіршілігіне бақылау жасалады.


Жасаған жұмыстарына талдау жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуді, бір-бірімен ақылдаса білуді, кешкі қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуді үйренеді.

Игерді: сурет салудың іскерлік дағдыларын игереді.

Меңгереді: қағаз түстерін, үйлесімділігін бере білуді және қала көшелері туралы түсініктерді меңгереді.






19.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Қазақстан Республикам менің

Мақсаты:

а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелесу;

ә) Балалардың ой-өрісін дамыту

б) Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Билингвальный компонент: Гимн - Әнұран, Герб – Ту, Моя Родина – Менің жерім

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әнгімелеу.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды бір қатарға тұрғызып, қолдарын жүрек тұсына қойғызып, Қазақстан Республикасының Әнұранын Туға қарап тұрып орындату.

Балалар үлкен сезіммен орындайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар біз қайда тұрамыз?

-Біздің ту түсі қандай?

-рәміздерге не жатады?

-Бас қаламыз қай қала?

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы:

«Қазақстан - Республикам менің»


Қазақстанда тұрамыз.

Көк түсті.

Ту, Елтаңба, Гимн.

Астана.

Рефлексивті

коррекциялаушы

- Отан деген не?

Отан деген – біздің еліміз, жеріміз,

әке-шеше, бауырымыз, туған жеріміз.

-Балалар мен сендерге Бүркіт Ысқақовтың Отан туралы өлең оқып беремін.

Отан

Отан сенің - ата-анаң,

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың

. Қазақстанның кең-байтақ жерімен, слайд арқылы танысты. Балалар өте қатты қуанды.

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар,

Керегелері керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болып керілер.

Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша әңгіме құрау

«Күншуақ» ойыны арқылы қорыту.

Ойын шарты: Ортада шуақсыз

күн тұрады. Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.

Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.

Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп, мақтау, мадақтау.


Балалардың жауабы:






Өлең жолдарын қайталап айтты



Қимылдар жасап, бойларын сергітеді.





Дәптермен жұмыс жасалады.














Жауап бере отырып, күнді күлімдетеді.




Күтілетін нәтиже


Біледі: Балалардың ой-өрісін дамиды

Түсінеді: Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктері артады

Меңгереді: Өлең жолдарын жаттап алады














































19.12.2017ж

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Экология негіздері

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Астана – бас қала!


Мақсаты:

Білімділік: Балаларды елордамыз Астана қаласымен таныстыра отырып, қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балаларға Астана туралы тақпақтар мен Отан туралы мақалдар айтқызу арқылы ой – өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды өз туған еліне, жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс: Астана, бәйтерек,

Керекті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласының суреттері


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші балаларға өлең оқиуға ұсыну


Алтай-Жайық арасы,


Жарты әлемдей даласы.


Ол-біздің Қазақстан!


Анамыздай тілеуі-ақ


Отан бізде біреу-ақ


Ол біздің – Қазақстан!



Ойлауға ұсыну:


Қандай ел туралы өлең оқыдым?



Балалар өлеңді мұқият тындайды.






Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


Қазақстан Республикасы туралы.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Қазақстан жайлы әңгіме жүргізу, өлеңді талдау.

Сұрақтар:

Президентіміз кім?

Қазақстан Республикасының рәміздері атандар?

Туда не бейнеленген?

Елтаңбада не бейнеленген?

Сендер ,қалай ойлайсындар ел таңбаны қайдан көреміз?

Бас қаламыз қалай аталады?



Балалар қазір бәріміз астана жайында видеофильм қараймыз





Сергіту сәті:



Орнымыздан тұрайық.

Құс болып ұшайық.

Астананың төрінде.

Бәйтерекке ұқсайық.





Туған жер, Қазақстан, Отан жайында мақал-мәтел айтуға ұсыну.

туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас.





Отан үшін отқа түс күймейсің. Туған жер алтын бесік.



Тәрбиеші балаларға өз Отанын сүю керектігін айтады.

Балаларды туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.



Нұрсұлтан Назарбаев

деп жауап береді.

Әңұран,елтаңба,ту.

Балалар рәмізднр туралы өз ойларын айтады.

Маңызды құжаттарда,теңгемізде.

Астана



Балалар қызыға қарайды







Балалар қимылмен көрсетеді.









Тәрбиешімен бірге Мақал-мәтелдерді қайталап айтады.

Мағынасын түсінеді.











Балалар Туған жер,

өз Отандары жайлы өз ойларымен бөліседі


Рефлексивті

коррекциялаушы

Бүгін не туралы айттық?

Белсенді қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.

Ән ұран орындайды.


Балалар орындарынап тұрып қолдарын кеудесіне қойып әнұран орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Қазақстан, туған жер, Отан жайында мақал-мәтел білу,

Түсінеді: Өз Отанына деген сүйіспеншілік.

Қолданады: Рәміздерді білу. Қала, Астана сөздеріне дыбыстық талдау жасау

20.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Мақсаты: Отан, Атамекен, Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту, әңгіме мазмұнын түсініп айтуға өз пікірлерін айтып, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Патриоттық сезімге тәрбиелеу,балалар-дың ой-өрісін кеңейту жәнеОтанға деген махаббатты арттыру.Туған жерінің табиғатын,елін,жнрін,отбасын сүю.Еліміздің байлығын қорғауға,егемен елімізді өркендетуге.болашақ Қазақстанның білімді ұрпағы болуға тәрбиелеу.



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

.


Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады

Ұйымдастырушы

ізденуші

 Балалар, бүгін мен балабақшаға келе жатқанда, хат тасушыны көрдім, хат тасушы маған хат берді. Ол хатты бізге көрші мемлекет Ресейден жіберіпті, кәне қазір мен сендерге оқып берейін. Балалар Бұл хатты Ресейдің балалары орыс тілінде жазыпты, ал сендерге мен аударып беремін.

..........Балалар, мына хатта біздің  көрші мемлекеттік балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты, және біздің Қазақстан Республикасы жайында не білетініміз туралы айтып бергендерімізді сұрайды.

Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?

Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не?



Тақпақ айту.

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отанана, Отан- үлкен,

Қазақстан - туған ел.

- Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

- Балалар, енді барлықтарын назарларыңды мына Қазақстан Республикасының картасына аударыңдар.

 - Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Дұрыс.

Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім ?

Өте жақсы балалар.

Ал біздің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?


- Өте жақсы, дұрыс балалар.


Отан деген еліміз, жеріміз, отбасымыз,

Отан деген – Қазақстан Республикасы,

Отан дегеніміз-Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз.









Балалар сұрақтарға жауап береді.








Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар, айтыңдаршы сендер қандай  Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер?

- Өте жақсы. Ал ендеше ән ұранымызды айтайық.

- Балалар өз тілек айтылған жүрекшелерін картаға жапсырады.

Мысалы:

Еліміз аман болсын!

  Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

  Көк туымыз биік болсын!

   Аспанымыз ашық болсын!

Міне, балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған Қазақстан Республикасының картасын біз көрші  мемлекет Ресей балаларына сыйлыққа жібереміз. Осы картадан ақ түсінеді Қазақстан Республикасы қандай бай көрікті, тату мемлекет екенін. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.

Сабақты қорытындылау.


Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.


Балалар: Астана қаласы


Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 24 жыл болды.



Балалар: Ән ұран, ту, елтаңба.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Қазақстан Республика елін танып білуі;

Игеру: Қазақстан Республика туралы білімді игерілуі;

Меңгеру: Өз елі туралы шағын әңгіме айтып меңгерілуі;


















20.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Ұзын – қысқа

Мақсаты: «Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету, қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай болады?
- Қане, қыс айларын атап айтайықшы?

- Қыс  мезгілі.


- Үш ай болады.




-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Тосын сәт: Есік қағылып, Дымбілмес қуыршақ кіреді. Қолында қорапшасы бар. Дымбілмес балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Дымбілмес: -Балалар менің атым - Дымбілмес. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Тәрбиеші: -Қане, балалар Дымбілмес бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы қорапшаны ашып қарайық.
-Ал, балалар Дымбілместің алып келген жолақшаларының түсін айтайықшы?
Дымбілместің тапсырмаларын орындауға кіріседі.
I - тапсырма: Теледидар арқылы суреттерді көрсету. Сұрақ - жауап арқылы.
Ендеше, барлығымыз мына теледидарға қарайықшы? Мынау кімдердің суреті?
Мына баланың бойы ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім айтады?
Ал мына баланың бойы ше?

Ал балалар білейік,кімнің бойы ұзын екен, Диастікі ме, Ұлжандікі ме?

Мынау нелер?
Мынау қандай жол?
Ал, мына жол қандай? 

Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ал, келесі тапсырманы орындайық.
II - тапсырма: Көк жолақшаның үстіне қызыл жолақшаны қойғанда қай жолақша ұзын?

-Ал, көк жолақшаның қасына қызыл жолақшаны қойсақ, қай жолақша ұзын болады?

-Дұрыс айтасыңдар балалар!
III - тапсырма: Ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме?
Бұл тапсырманы орындау үшін, Дымбілмес бізге бір ойын алып келген екен, балалар.
Дидактикалық ойын: «Байқағыш».
Мақсаты: Заттың түрін, көлемін ажырата білу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.
1 слайд.-Балалар мынау нелер?

-Қане қарайықшы қайсысы ұзын?

2 слайд. -Ал мынау нелер?

-Қай қарандаш қысқа?

-Жай қарандаш,қызыл қарандаштан қысқа.

3 слайд. -Балалар мына суретке назар аударайықшы,мынау нелер?
-Қоянның неше құлағы бар?
-Ал кірпіде неше құлақ бар?

-Кірпінің құлағы ұзын ба,әлде қоянның құлағы ұзын ба?
-Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын екен.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Дымбілмеспен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып жүгірді.

-Енді балалар екі топқа бөлінейік.  1 топ жіпке ұзын моншақ тізеді.   2 топ қысқа моншақ тізеді.

Келесі тапсырма, құрғақ бассейн ішінде ойыншық бар,соны тауып алайықшы.  Қандай ойыншықтар тауып алдындар?

Ойыншықтарды салыстырайық.

-Көк,қызыл.


- Балалардың суреті.





-Ұзын бала.



- Қысқа.



Балалардың жауаптары.


- Жолдар.



- Ұзын жол. Ия, ұзын жол.





- Қысқа жол.




-Көк жолақша ұзын.



-Көк жолақша.

Жылан және жұлдызқұрт




-Жылан ұзын.



-Қарандаштар

-Қоян мен кірпі.


-Қоянның екі құлағы бар.



-Кірпіде екі құлақ бар.



- қоянның құлағы ұзын.


(Балалардың жауаптары)




(керік ұзын, ал аю қысқа)

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

 -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-қандай тапсырмалар ұнады?

Дымбілмес өз сыйлықтарын балаларға таратып, қоштасады.

Балаларды мадақтау.

Балалардың жауаптары


Күтілетін нәтиже:

Білу: заттарды салыстыра білу.

Меңгеру: саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын және ұжымдық жұмыс жасауды меңгеру.









21.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Драма

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Қазақстан Республикам менің!

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

- Сәлеметсің бе,Күн шуағы!

Сенің шуағың ертемен бізді оятты.

Күн шуағы бізге әрдайым нұрын ша-

шады.Рақмет саған!

Біз өстік,саған қарай қол созамыз,

Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.Күн шуағы,сен бүгін бізбен бол!

-Өте жақсы,балалар!Саяхатқа шық-қыларың келе ме?

-Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады,бір біріне игі тілектерін білдіреді


-Иә.

Кілемнің үстіне отыра-ды.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Сонымен,біз кілемшемен туған өлке-міздің үстінен ұшып бара жатырмыз.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Картадан еліміздің аумағын көрсетіп,

Отанымыз туралыәңгімелеу.

2.Билингвальды компонент:

Отан-Родина,астана-столица.

Отан(Родина)-туған ел,өскен жер.

-Картада біздің Отанымыздың аумағы әртүрлі түспен боялған.Сары,жасыл,

қоңыр,көк түс те бар.Бұл еліміздің та-биғатының алуан түрлі екенін көрсет-еді. Осы түстер нені білдіреді?

-Балалар,біз қазір елді мекендер үсті-нен ұшып барамыз:кішкентай үйлер,

киіз үйлер,жайлауда мал жайылып жүр,

ешқандай көлік түрлері,түтіндеп жатқан фабрткалар мен зауыттар көрінбейді.Табиғаты әсем,ауасы таза,

суы мөлдір.

Бұл не екен?(Ауыл).

-Бұл еліміздің ең басты қаласы-

Астана.

Астананың үстінен ұшып барамыз.

(Астана қаласындағы жаңа ғимарат-тардың суреттерін көрсету).

-Астана-столица.

3.Сергіту сәті.

«Жақсыма?».

-Күншыққаныжақсыма?

-Желсоққаныжақсыма?

-Достарыңменбіргежүргенжақсыма?

-Анаңдықұшақтағанжақсыма?

-Отаныңдаөмірсүргенжақсыма?

-Үйдеболғпнжақсыма?

-Би билегенжақсыма?

-Отанымныңазаматыболғанжақсыма?

-Қараңдар,біз қарлы шыңы бар таудың үстінен ұшып барамыз.Бұл таулар «Тянь-Шань»,-деп аталады.

Осы таудың солтүстік жағындағы тау сілемдері «Алатау»,-деп аталады.

Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байлан-ысты. Мұндай таулар биік болып келе-ді.Тау етектерінеде орман-тоғай бар.

Осы Іле Алатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан.

Біз осы қалаға ұшып барамыз.

Тянь-Шань жоталарының етегінде ор-наласқан әсем қаланы «Бақша-қала»,-деп бекер атамаған.Көктем маусы-мында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма,өрік,шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады.

Алматы қаласының атауы алма сөзі-нен шыққан. Дәл осы жерде аты әлем-ге танымал апорт алмасы өседі.

-Қазақстан.



Қайталайды.




Қайталайды.



-Көк,көгілдір түс суды білдіреді.

-Қоңыр түс тауды білдіреді.

-Жасыл түс орманды білдіреді.

-Сары түс шөл даланы білдіреді.


Картадан Астана қа-ласының орналасқан жерін көреді.



-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!

-Жақсы!



Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.










Алматы қаласының көрнекті жерлерінің суреттерін көріп







Алматы жайлы әңгіме-лейді,педагогтың айт-қанын таыдайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Бірнеше баладан «Апорт алмасы қандай?»,-деген сұраққа жауап алады.

-Міне,саяхат та аяқталды.

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Біз қай жерлерге бардық?

Әсерлерімен бөлісіп,

сабақты қорытынды-лайды.

Отанымыздың кең-байтақ екенін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: біздің Отанымыз туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп,

саяхат-оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін әңгімелеуге берілген тапсырма-ларды.

Түсінеді: Қазақстан Республикасының кең-байтақ және бай мемлекет екенін.

Қолданады: Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді оқу іс-әрекеттерінде қолдана білу дағдыларын.


















21.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері

Мақсаты:Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру.Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

Отан сүйгіштікке баулу, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Тіл байлықтарын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Әдіс – тәсілдер:   Сұрақ-жауап, түсіндіру, тақпақ айту, шығармашылық.

Көрнекілік:   Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Слайдтан көрсету.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

 1,2,3 Топтың іші тып-тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз. Сабақты біз бастаймыз.

-Балалар біз қай елде мекен етіп жатырмыз?

-Әр  Республиканың өзінің бөлек мемлекет екендігін көрсететін рәміздері болады екен. Есімізге түсірейікші  әр ертеңгіліктің ашылуында біз қандай әнмен бастаушы едік?

-Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасының  Елтаңбасы  мен  Туы бар.

-өлеңді бірге айтып,  мәтініне сәйкес іс-әрекет жасайды.

 

Әнұранның қайырмасын айтып береді.

Сұрақтарға жауап бере отырып Елтаңбаны сипаттайды.


Ұйымдастырушы

ізденуші

- Жарайсыңдар, балалар. Енді Республикамыздың туына жақсылап назар аударайықшы. Туымыздың түсі қандай екен? Ортасында  нелердің бейнесін көріп тұрмыз?

-Неліктен күн мен қыран құс бейнеленген деп ойлайсыңдар?

 -Тудың шетін қалай  әсемдепті? Сергіту сәті:

Жаса-жаса алтын күн,

жаса –жаса жарқын күн,

қағаздан ту жасайық,

Жалаудан  күн жасайық.

 

Туды көрсетіп сипаттау

Мемлекетіміздіің туының түсі көгілдір, ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Ортасындаға сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пенбайлықтың белгісі, астындаға қыран бүркіт қырағылықтың биітеуін білдіреді.

Елтаңбаны көрсетіп сипаттау

Республикамыздың Елтаңбасы көгілідір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды, шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді.



Әнұранды сипаттау

Әнұраным, жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім



Сергіту.

Тату тәтті достармыз,

Отырмаймыз босқа біз.

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз ән шырқап.

Қол шапалақтап оң жақтағы досыңа

Сол жақтағы досыңа қолыңды бер тосылма



Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдім!


Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталап айтады.

Өлең сөздеріне сәйкес қимыл-қозғалыстар келтіреді.

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 


Рефлексивті

коррекциялаушы

Ойын «Кім жылдам?» берілген сқраққа дұрыс жауап беруге, шапшаңдылыққа. Ойын жүйелі жеткізуге баулу.


Ойын шарты: балалар көк асықты көргенде еліміздің қалаларын атайды. Сары аықты көргенде елімізде тұратын ұлт өкілдерін атайды. Балалар осы сүйікті Отандарыңа арнап қандай тілек білдіреіңдер? Әр бала отанына арналған тілегін білдіріп, жүрекшелерді карта бетіне жапсырады.



Күтілетін нәтиже: 

Түсінеді: өз Отандары жайлы білімдерін бекіту.

Білу керек: отан туралы мәліметтерді кеңірек білуі қажет.


 













22.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Мүсіндеу

Апта тақырыбы: Астана – Отанымыздың жүрегі

Тақырыбы: Моншақтар

Мақсаты:Ермексаздан алақан арасында домалатып моншақ жасауды пысықтау. Қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішіндерді жасауды дамытып, жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Дидактикалық құралдар: ермексаз, моншақтар.

Билингвалдық компонент: моншақ – бусы.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Балалар,мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шакырамын.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да,қайда да!

Дос болып бәріміз

Сенімді боламыз.

Балалар шаттық шеңбер құрып,қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Бүгін бізде мүсіндеу оқу қызметінде моншақ жасаймыз.
-Енді ,балалар  наларыңа сыйлыққа моншақ жасайық?
-Балалар мүсіндеу оқу қызметінде заттарды мүсіндегенде,қандай әдістер қолданамыз.
- «Илейміз» екі алақанға салып.
-«Созу» тарту
-«Домалақтау» - екі алақанға салып,айналдыру.
-Бүгін  домалақтау  әдісімен  моншақ жасаймыз.
-Ескерту :  Балалар  ермексазды  ауызымызға  салуға болмайды. Онда зиянды заттар бар.
   -Енді,балалар,қандай моншақ жасадыңдар?
    -Арман анасына қызыл түстен үлкен моншақ жасапты.
    -Жансая  кішкене сары  моншақ жасапты.
     -Жарайсыңдар ,балалар !
     -Өте жақсы жасадыңдар


                   Сергіту  сәті
                Тербеледі  ағаштар,
                Алдымнан жел еседі.
                Кіп-кішкентай ағаштар,
                Үп-үлкен боп  өседі.
-Бүгін  мүсіндеу оқу қызметінде  не жасадық?
-Моншақты  мүсіндеп  үйрендік !


Балалар тәрбиешімен бірге

моншақ мүсіндейді

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру

Балалар қуанып қалады

Күтілетін нәтиже


Түсінеді: Ермексаздың зиянды екенін


Біледі: моншақ жасап үйренеді


Меңгереді: Ұжыммен жұмыс жасап







































25.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш президенті, мемлекеттік рәмәздері)

Тақырыбы: Бәйтерек

Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Жаңа сөздер: елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер.

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылған әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері.

Билингвальды компонент:


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін

Күн нұрындай жылуын төге берсін.

Күндей жарық көңілді күй кешейік

Бәріміз дос болып бөлісейік.

Балалар бірге айтады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым –астанам.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?

Астана туралы мәлімет беру.

Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

Сулы Жасыл бульвар-Астана орталығындағы жаңа көше.

Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Бәйтерек-Астананың басты белгісі.

Тәуелсіздік Сарайы-мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

Парламент үйі-Өкімет үйі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы-Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

Астана циркі-цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

Астанада ең әсем мұзқалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

Оқу орталықтарында жүрізілетін жұмыстар.
Балалар өз таңдаулары бойынша 2 орталыққа бөлінеді.

1. Ғылым орталығы:

Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Шарты: А,с, т,а,н,а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А-ана, алма...

С-су, сан,...

Т-таң, тамаша,..

А-асыл, ата,..

Н-нан,нар,..

А-апа,алқа,..

Балалар өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.

«Өнер», орталығы

Тәрбиешінің көмекшісінің басшылығымен өткізіледі.

Бәйтеректі жапсырады.

Қоңырау үнімен ортаға жиналады.
Балалардан орталықтарда не жасағандықтары туралы сүрайды.

Сергіту сәтін өткізу.

-Қазақстан Республикасы.

-Елордамыз-Астана қаласы.







Балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалар мұқиат тыңдайды.










Сөйлем құрайды.









Астана туралы өлеңдер оқиды.







Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету















Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

сұрақтарға жауап береді


Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Астана қаласы туралы білу

Болу керек: Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету

Үйрену керек: Астана қаласының көрікті жерлерін атайды.























26.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш президенті, мемлекеттік рәмәздері)

Тақырыбы: Қазақстан Республикам менің


Мақсаты: а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу;

ә) Балалардың ой-өрісін дамыту;

б) Еліне,жеріне, Отанына деген сүйәспеншіліктерін арттыру.

Алдын-ала жасалатын жұмыс: рәміздердің сүреттерін дайындап қою.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар : сүреттер,Қазақстан Республикасының картасы,рәміздердің сүреттері,хрестоматия,мазмұнды сүреттер.

Билингвальді компонент: Отан-Родина, рәміздер-символики.


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

-Балалар,біз қай республикада тұрамыз?

-Рәміздерге не жатады?

-Бас қаламыз қай қала?

Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы:

«Қазақстан-Республикам менің!»

Балалар үлкен сезіммен орындайды.




Қазақстан Республикасында


Ту,герб,гимн

Астана


Ұйымдастырушы

ізденуші

-Отан деген не?

Отан деген-біздің еліміз,жеріміз,әке-шеше,баурымыз,тұған жеріміз.Отан туралы жырламаған ақын,жазбаған жазушы жоқ.Қазір мен сендерге ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беремін.

Отан

Отан сенің- ата- анаң,

Отан -досың,бауырың,

Отан -өлкең,астанаң,

Отан -аудан,ауылың.

Отан -тарих,Отан -тіл

Жасаған елің,өз халқың.

Отан- өлкең,Отан -жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан -осы,достарым,

Көңілге оны түйе біл!

«Отан»деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.

Қазақстан Республикасының картасымен таныстырамын.

-Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы.Кең- байтақ,ұлан ғайыр жерді алып жатыр.Осы Қазақстанның картасында көрсетілген қалалардың байлығын атап,қандай шикізат алатындарын көрсетемін. Мысалы,біздің бас қаламыз

-Астана (картадан көрсетемін).

-Тағы да басқа қандай қалаларды білесіңдер? Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстырамын. Герб,Ту,гимн.Гербтің авторларына жалпы сипаттама беремін.Тудың авторларына жалпы сипаттама беремін.

Гимннің авторларымен таныстырамын. Рәміздерге толық жауап беруге үйретемін.Толық жауаптың берілуін талап етемін.

Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ

Уақтары шаншылар,

Керегелері керіліп,

Өрімдей боп өріліер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болып керілер.

Балалардың жауабы.





Өлең жолдарын қайталап айтады.


Астана

Қызылорда

Қарағанды

Шымкент

Алматы




Балалар еліміздің рәміздерін айтады.





Қимылдар жасап, бойларын сергітеді.


Рефлексивті

коррекциялаушы

 Оқу қызметін «Күншуақ» ойыны арқылы қорытамын. Ойын шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады.Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.Балалардың жауптарына ризашылық білдіріп,мақтаймын,мадақтаймын.


Жауап бере отырып,күнді күлімдетеді.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Игереді: өлең арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.

Меңгереді: ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында,берілген тапсырманы меңгереді.



























27.12.2017ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш президенті, мемлекеттік рәмәздері)

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру

Рәміздердің мән-мағынасын түсіндіре отырып, құрметтей білуге үйрету

Дамытушылық:Тақпақ-өлеңдер арқылы балалардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:Өз елінің патриоты болуға отансүйгіштікке, рәміздерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Өлең оқылды

Әдіс-тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері

Қостілділік компанент: Ту-Флаг, Елтаңба-Греб,Әнұран-Гимн


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін.

Бірге күлсін бүлдіршін

-Балалар,бүгінгі оқу қызметімізде Е.

Өтетілеуовтың «Отан» өлеңімен бастаймыз.

-Қане кім айтады,Отан дегеніміз не?

Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, халқы.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Сұрақ-жауап.


-Біз қай елде тұрамыз?


-Қазақстан Елордасы қай қала?


-Елбасымыз кім?


-Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?


-Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін алып,егемен ел болды.


Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу.


-Біздің еліміздің туының түсі қандай?


Дұрыс...

Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілікті, ал аспанда қалықтаған қыран құс өрлікті бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қазақ халқының ою-өрнектерімен көмкерілген.


-Балалар кім мемлекеттік туымыз туралы тақпақ біледі?


-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?


-Сендер қалай ойлайсыңдар, Елтаңбаны қайдан көруге болады?

-Балалар, кім мемлекеттік Елтаңбамыз туралы тақпақ біледі?


-Әр мемлекеттің өз әнұраны болады.Оны салтанатты жағдайларда орындайды.Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.

Жарайсыңдар, балалар!


Енді орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Елордамыз-Астана


-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


-Елтаңба,Ту,Әнұран







-Туымыз ашық көгілдір түсті.



Алина.


Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

-Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түстің Аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақта жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан.

-Қазақстан Республикасының Шекарасында, маңызды құжаттарда,теңгемізде бейнеленген.


Ернар.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Биігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.




Балалар сергіту жаттығуын бірге орындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

-Еліміздің рәміздерін қадірлеп, бағалап,биікке көтеріп жүруіміз керек.

Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасын таныта аламыз.

Қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтежесі:

Нені біледі:Қазақстан Республикасының рәміздері Ту,Елтаңба, Әнұран туралы.

Қандай түсініктерді игерді: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы екенін.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Тақпақтарды мәнерлеп айта алады.
























27.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш президенті, мемлекеттік рәмәздері)

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты:Геометриялық денелерді (шар мен куб) және геометриялық пішіндерді (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, сопақша) ажырата білуге үйрету. Д/о:«Мынау неге ұқсайды?» қоршаған ортада геометриялық дене мен пішіндерге ұқсас заттарды таба алу.

Үлгі және сан айту бойынша геометриялық денелер мен пішіндерді санап алуға жаттықтыру

Билингвалдық компоненті: Төртбұрыш-квадрат

Үшбұрыш-триуголник

Сопақша-овал

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

-Балалар, қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

-Ал қандай геометриялық денелерді білесіңдер?

-Осы геометриялық пішіндер мен геометриялық денелердің қандай айырмашылығы бар?

-Жарайсыңдар. Өте жақсы!

Балалар геометриялық пішіндерді атап береді.

Балалар геометриялық денелерді атап береді.

Айырмашылықтарын айтып береді.


Мәз болады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Билингвалдық компоненті: Төртбұрыш-квадрат Үшбұрыш-триугольник

Сопақша-овал

-Мен атаған геометриялық пішіндерді оң қолдарыңмен алып, солдан оңға қарай математикалық жолақшаға қойыңдар?

-Жарайсыңдар! Дұрыс орындадыңдар.

Геометриялық денелер шар мен текше жайында сұрау.

Сергіту сәті.

«Кім зейінді?» ойыны.

-Ал, енді осы геометриялық пішіндердің астына сандарды ретімен қойып шығыңдар.


Үлгі және сан айту бойынша г геометриялық денелер мен

пішіндерді санап алуға жаттықтыру

«Мынау неге ұқсайды?» ойыны.

Балаларға бағыт беріп отыру.

Қайталап айтады.

Аталған геометриялық пішіндерді қойып отырады.


Қуанады.

Шар мен текше жайында айтып береді.

Демалу мақсатында сергіту сәтін орындайды.

Геометрилық пішіндер мен денелерді ажыратады.


Геометриялық пішіндердің астына сандарды ретімен қойып шығады.


Тапсырманы орындайды және пішіндердің түстерін айтып береді.

Қызығушылықпен ойнайды

қоршаған ортада геометриялық дене мен пішіндерге ұқсас заттарды таба алу

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Балалар, біз бүгін не жайында айттық?


Балаларды мадақтап, рахмет айту.


Сұрақтарға толық жауап береді.


Риза болады.

Күтілген нәтиже:

Қабылдайды:Геометриялық пішіндер пен геометриялық денелерді ажырата білу.

Түсінеді: Пішіндер мен денелер туралы түсініктерінің болуы

Қолданады:Өз ойларын айтып, білімдерін өмірде қолдану.



28.12.2017ж

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш президенті, мемлекеттік рәмәздері)

Тақырыбы: Менің елім Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың өз Отандары туралы, мемлекеттік рәміздері, елбасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.

Қолданылатын көрнекіліктер: рәміздердің суреті, елбасының суреті, аудио және видео материалдар.

Үштілділік компоненті: Отан – Родина – motherland.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?


Дұрыс айтасыңдар, балалар, Біздің Отанымыз – Қазақстан!

Балалар, сендер біздің елорламыз қай қала екенін білесіңдер ме?

Ал, балалар сендер біздің мемлекетіміздің президенті кім екенін білесіңдер ме?

Бұл кісі балалар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Назарбаев Біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Қазақстан мемлекетінің құрылуына зор үлесін қосқан жандардың бірі.

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық, 
Керегені құрайық. 
Уықтарша иіліп, 
Қазақ үйді құрайық. 

Топқа батыр кіреді, балалармен амандасады:

Батыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіз бе, төрлетіңіз!

Батыр: Рахмет, балалар, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?

Батыр: Дұрыс таптыңдар, балалар. Біз батырлар осынау ұлан байтақ жерді сендерге аманат етіп қалдырдық. Балалар, қане айтыңдаршы, сендер қай мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар?

Батыр:Тамаша, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер.

Батыр: Балалар, сендердің маған көмектерің керек. Мен мынандай бір зат тауып алдым оның ішінен дауыстар естіледі, ол не дауыстар екенін білгім келіп тұр.

Қане бұны біздің ноутбугымызға салып көрейікші?

(мемлекеттік рәміздер туралы видео).

(Мультфильмде ту туралы өлең оқылады)

Балалар, қане бізде өлеңді жаттап алайықшы.

Желбірейді жалындап,

Қазақстан байрағы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Батыр: Керемет, қандай қызықты мультфильм!

Балалар, мультфильм не туралы?

Қандай мемлекеттік рәміздер бар екен?

Тудың түсі қандай?

Батыр: Балалар, сендер қандай ақылды, зерексіңдер! Мүмкін сендер Отан туралы тақпақтарды да білетін шығарсыңдар?

Отан туралы тақпақтар.

Мақал – мәтел:

Отан- оттан да ыстық.

Отан- отбасынан басталады.

Батыр: Балалар, сендерге үлкен рахмет! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! Енді сендермен қоштасатын уақыт жетті. Сау болыңдар, балалар!

- Біз Қазақстан мемлекетінде өмір сүреміз.

- Біздің ел ордамыз Астана қаласы.



Ия, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.













Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.










Сәлеметсіз бе!



Ия, сіз батырсыз.


Біздің Отанымыз – Қазақстан!





Видеоны мұқият тамашалайды.




Мемелекеттік рәміздер туралы.

Ту, елтаңба, Әнұран.

Тудың түсі көк.



Ия, білеміз.

Әлижан:

Туған елім, гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін,

Лүпілдеген жүрегім.


Сау болыңыз!


Рефлексивті

коррекциялаушы

Ойын «Кім жылдам?» Ойын Шарты: Балаларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші жауап береді сол балаға смайл беріледі. Кім көп смайл жинаса сол бала жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

Біз қай мемелекетте өмір сүріп жатырмыз?

Елбасымыз кім?

Еліміздің астанасы қай қала?

Біз қай қалада тұрамыз?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

Тудың түсі қандай?

Онда нелер бейнеленген?



Қорытынды сұрақтар.

Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Бізге қонаққа кім келді?

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады екен?

«Отаным» әні

Балаларды мадақтау.

Ойын шартын бұзбай орындайды.












Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мемлекеттік рәміздер, елбасы, Қазақстан Республикасы туралы біледі;

Игереді: тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін;

Меңгереді: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуді.






29.12.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш президенті, мемлекеттік рәмәздері)

Тақырыбы: Бәйтерек

Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Жаңа сөздер: елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер.

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылған әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері.

Билингвальды компонент:


Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін

Күн нұрындай жылуын төге берсін.

Күндей жарық көңілді күй кешейік

Бәріміз дос болып бөлісейік.

Балалар бірге айтады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым –астанам.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?

Астана туралы мәлімет беру.

Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

Сулы Жасыл бульвар-Астана орталығындағы жаңа көше.

Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Бәйтерек-Астананың басты белгісі.

Тәуелсіздік Сарайы-мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

Парламент үйі-Өкімет үйі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы-Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

Астана циркі-цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

Астанада ең әсем мұзқалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

Оқу орталықтарында жүрізілетін жұмыстар.
Балалар өз таңдаулары бойынша 2 орталыққа бөлінеді.

1. Ғылым орталығы:

Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Шарты: А,с, т,а,н,а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А-ана, алма...

С-су, сан,...

Т-таң, тамаша,..

А-асыл, ата,..

Н-нан,нар,..

А-апа,алқа,..

Балалар өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.

«Өнер», орталығы

Тәрбиешінің көмекшісінің басшылығымен өткізіледі.

Бәйтеректі жапсырады.

Қоңырау үнімен ортаға жиналады.
Балалардан орталықтарда не жасағандықтары туралы сүрайды.

Сергіту сәтін өткізу.

-Қазақстан Республикасы.

-Елордамыз-Астана қаласы.







Балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалар мұқиат тыңдайды.










Сөйлем құрайды.









Астана туралы өлеңдер оқиды.







Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету















Бәйтерек жапсырады.

Қимылмен көрсету


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Астана қаласы туралы білу

Болу керек: Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету

Үйрену керек: Астана қаласының көрікті жерлерін атайды.