СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі  тану пәнінен сабақ  жоспары 3-сынып 

"Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгереміз"

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары өзін- өзі тану пәнінен»

Өзiн - өзi тану пәнінің сабақ жоспары


Мектеп:

Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз

Құндылық: жалпыадамзаттық құндылықтар

Қасиеттері: адалдық, қарапайымдылық, шынайы қарым-қатынас

Сыныбы 3


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға үйлесімді өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы жалпыадамзаттық құндыылықтардың мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:


  • Білімділік: оқушыларды адалдықпен өмір сүруге үйрете отырып, қайырымдылық қасиеті туралы түсінік беру;

  • Дамытушылық: оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, адалдық қасиетіне баулу;

  • Тәрбиелік. Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:

Үшінші сынып өзін-өзі тану оқулығы, дәптер, 5 «Т» ережесі, тыныштық сәтіне арналған әуен, А4 ақ қағаздары

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Тыныштық сәтi.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

Дана сөздер

«Жалпыадамзаттық құндылықтар - өзін-өзі танудың негізі»


- Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

- «Жалпыадамзаттық құндылықтар» дегенімізді қалай түсінесіңдер?


С. Назарбаева


Әңгімелесейік

«Таза бұлақ»


  • Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті?

  • Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар?

  • Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

  • Ал екінші жолаушы қалай түсінді?


Ыбырай Алтынсарин

Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма: «Ақиқат» сөзінің әрбір әріпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазады.

2-тапсырма: мәтінді оқып, адамның әдепті істерін тізбелеп, дәптерге жазу тапсырылған. Оқушылар бұл тапсырманы орындау барысында әдептіліктің іс жүзіндегі көрінісін түсінеді.


Топпен ән айту.

«Айгөлек»

Өлеңін жазған: Н. Баймұхамедов

Әнін жазған: Б. Байқадамов

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы осы сабақтағы Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін оқып келу тапсырылады.


Сабақтың қорытынды сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»