№ 5 мектеп-лицей
«Салауатты өмір-денсаулық кепілі»
(«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» онкүндігінде өткізілген тәрбиелік шара)
Дайындаған : Нұрымбетова Н.О
1А сынып
2020-2021 оқу жылы
Тақырыбы: Салауатты өмір- денсаулық кепілі”.
Мақсаты:
Білімділік: денсаулықты сақтап, салауатты өмір салтын ұстану жайлы мағұлмат беру.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: жаман әдеттерден аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа және жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырыптың аты жазылған плакат, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, суреттер,
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы:
Ⅰ.Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: “Салауатты өмір- денсаулық кепілі”. Оқушыларға “Салауатты өмір салты”деген сөзге ассоциация құрғызамын.
Салауатты өмір салты
1.Ауыз қуысы- біздің денсаулығымызды сақтайтын жеріміздің бірі.Тісті біз таза ұстауымыз керек. Яғни, тісті күнде екі мезгіл тазалау қажет.
2.Тамақты өз уақытында, үш мезгіл ішуіміз керек. Сол кезде денсаулығымыз мықты болады. Тамақ ішер алдында қолымызды жууымыз керек.Тамақ адамға күш-қуат, ынта-жігер береді.
3.Суға апта сайын түсу бізге пайдалы. Бойымызды таза , ұқыпты ұстау дене мүшеміздің дамуына көп көмегін тигізеді.
4.Ұйқыны уақытында ұйықтап, таза желдетілген бөлмеде дем алуымыз қажет.
5.Партаға дұрыс отыру омыртқа – жотамыздың дұрыс дамуына көмектеседі.
Оқушыларға жаңа тақырыпты сурет бойынша түсіндіремін:
1.Денемізді шынықтыру.
2.Дұрыс тамақтану.
3.Таза ауада қыдыру.
4.Суға шомылу.
Психологиялық ахуал
Денсаулықты күтемін десеңдер- қолдарыңды жоғары көтеріңдер
Тазалықты сақтаймын десеңдер- бес саусақтарыңды алға созыңдар
Күн тәртібін орындаймын десеңдер- орындарыңнан секіріңдер
Салауатты өмір салтын сақтаймын десеңдер—үш рет қол соғыңдар
1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
4. Денсаулыққа не зиян? Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /
5.Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
6.Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Жұмбақ жасыру.
1.Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың
Сабын
2.Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолынды
Суртеді бетінді.
Орамал
3.Иілсең , иіліп,
Түйілсең, түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне
Айна
4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар
Тарақ
1.Денсаулық зор байлық.
2.Тазалық — саулық негізі.
3.Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
4.Аурудың алдын ал.
5.Демі бардың емі бар.
6.Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
8.Ауру аздырады,
Суық тондырады.
9.Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
10.Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Мақал мәтелдің жалғасын тап:
1.Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.
3.Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
5.Ауру желмен келіп, термен шығады.
6.Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
8.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
9.Демі бардың емі бар.
Сергіту сәті.
Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
3. Суретпен жұмыс жасау.
1.Қима қағаздарды жинау
2.Әңгіме құрастыру.
Тұмау келеді: -Ап-чи! Ап-чи!
- Сен өзің кімсің?
- Танымай тұрсың ба? Мен тұмаумын. Қазір сіздерге микробтарымды таратайын. Халатын сілки бастайды.
Мұғалім:Қане балалар, тұмаумен ауырып қалмастан бұрын есімізге түсірейік.Тұмаудан қалай қорғанамыз?
Оқушылар: Салқын су ішпейміз, жылы киінеміз, оксалин майын жағамыз. Дәрумендер жейміз.
Мұғалім: Көрдің ғой тұмау біздің балалар сенен сақтана алады. Олар шыныққан балалар.
Тұмау: Жарайды, онда мен сендерге тимеймін.
Эксперемент жасау:
Қорытынды : Кластер.
Денсаулық ол.-
-Денсаулық - дұрыс тамақтану.
-Денсаулық - тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
-Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.
-Денсаулық - тазалық сақтау.
-Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
-Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
-Денсаулық - тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
-Денсаулық -спортпен айналасу
-Денсаулық – күн тәртібін сақтау
-Денсаулық – қолыңды сабындап жу.
-Денсаулық – пандемия кезінде арақашықтық сақтау
-Денсаулық – маскалық режимді сақтау
-Денсаулық – адам көп шоғырланған жерге бармау
-Денсаулық – ауырмау
-Денсаулық –көтеріңкі көңіл-кұй