Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Коммуникация.»
Пән: «Сауат ашу»
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы.»
Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.
Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Буындарды,қысқа сөздерді оқуға тілдерін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Тіл ұстарту жаттығуы арқылы тілдерін дамыту. Дидақтикалық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту: «Қ» дыбысы мен әрпін таныстыру ,сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу, АКТ.
Ресурстармен қамтамасыз ету: қолайна, жұмыс дәптері, әріп қималары.
Көптілділік: киіз үй-юрта, ою-өрнектер-национальный орнамент.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Педагог топтағы үстел үстіне ұлттық бұйымдарды әкеліп қояды.
2. Негізгі бөлім:
- Балалар, сендер не көріп отырсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Мұның бәрі – қазақтың ұлттық бұйымдары.
- Мына киіз үй неден жасалған?
- Ал мынау не?
- Сырмақ неден жасалған?
- Балалар, мына сырмақ қандай оо-өрнектермен әшекейленген?
- Сырмақты, киіз үйді қойдың жүнінен жасайды. Сырмақтың бетін неше түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.
- Балалар, біз қазақтың халқының ою-өрнектермен, сырмақпен таныстық.
Сырмақ – өрнектелген төсеніш.
- Сендер айтқан оюлардың бәріде «қ» дыбысынан басталды.
- Балалар, бүгін біз «қ» дыбысымен және әрпімен танысамыз. Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көреміз. Мысалы: қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ, дыбыстар естіледі. Ал әріптерді қолымызбен жазамыз және көзімізбен көреміз.
- Қане, бәріміз «қ» деп қолайнамызға қарап айтайық. «Қ» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Міне, осыдан «қ» дыбысы жасалады.
- «Қ» - дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
- Енді өздерің «қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтындар.
- Дұрыс айтасыңдар. Мен бір өлең шумағын оқимын, қай сөзде «қ» дыбысы бар екенін еске сақтап отырыңдар.
Құлыншағым – құндызым,
Құлдырайды, шабады,
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
(І. Жаңсүгіров)
Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады.
«Жасыл қияр» ойыныБалалар шеңбер бойымын жүреді. Ортада бір бала тышқан болып отырады. Балалар өлең жолдарын айтады:
Қияр, қияр, қиярлар,
Алысқа кетіп қалмаңдар.
Ұйықтап жатыр дәу тышқан,
Оятып енді алмаңдар!
Оянған тышқан балаларды қуып ұстайды, ұсталған бала «тышқан» болады.
- Балалар, міне - «қ» әрпінің баспа және жазба түрі. Осы әріпті ауада жазып көрейік.
- Осы «қ» әрпіне өзіміз өткен әріптерді қосып, қысқа сөздер жазайық.
Педагог әріп қималарымен тақтаға сөздер жазғызады. Сол сияқты басқа сөздерге де дыбыстық талдау жасауға педагог көмектеседі.
- «Қар» сөзі неше дыбыстан тұрады?
- Неше буын?
- Неше дауысты дыбыс бар?
Қызыл, көк түстерді қою арқылы талдау жасатады.
Педагог көмегімен буындарды оқу. Қысқа буындарды оқыту.
«Ойлан тап!» дидактикалық ойнын ойнатуға болады.
Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жұмбақтың жауабын тауып, сөйлем құрайды.
Дәптермен жұмыс: дәптердегі № 15 тапсырма орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3. Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- «Қ» дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздерде дыбыстық талдау жасадық?