Цитология-жасуша туралы ғылым. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп атайды (грек ше “цитос”-жасуша,”логос“-ғылым). Цитология ғылымы біржасушалы,көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Цитология бөлімі-цитохимия пәні жасушаның
химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін,жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оныңқызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыс-
тардың өзгеріп отыруын зерттейді.Цитхимияның негізгі жетістіктерінің бірі-нуклеин қышқылдары-ның ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерінжәне олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді. Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде қолданылады.Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының жасалуы алдында ағзаның жасушалы құрылысты екендігі туралы өте маңызды жаңалық ашылған болатын. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дәлелінің бірі болды.Осындай дәлелді өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарынан
Просмотр содержимого документа
«Цитологияның міндеттері»