Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ертегіні тауып айт
Мақсаты:
а) Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.
ә)Ертегіні қайта айта білу біліктілігін дамыту.
б) Бір – бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: әтеш, тотықұс.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әтештің дауысы жазылған үнтаспа, тіл дамыту дәптері.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысын тыңдату. Балалар естіген дауысын салу керек. - Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку. -Балалар бұл ненің дауысы? -Әтеш ұй құсыма? Әлде дала құсыма? | Балалар қызығушылық танытады. - Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку. - Бұл- әтештің дауысы. -Әтеш – үй құсы. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | «Ә» дыбысына жаттығу орындау. Ә-ә-ә-ә-ә- әтеш Ә-ә-ә-ә-ә-әтір Ә-ә-ә-ә-ә-әк Ә-ә-ә-ә-ә-әткеншек. «Ә» дыбысының дауысты дыбыс екендігін, ауыздан еркін шығатындығын түсіндіріп өту. Ертегі оқу: «Әтеш пен Тотықұс» Ерте, ерте ерте де ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде бір аңмен не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты. Тотф байғұстың үстінде жөні түзу киімі жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез әтешке келіп: - Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімімде жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мен сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы,- деп қиыла жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті, сөйтіп, тотықұс жасанып тұрып киініп алады да, қай мезгілде келетінін айтады. -Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды естиін,-дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш ол естісін деп үсті –үстіне шақырады. ешқандай хабар болмайды. содан күні бүгінге дейін Әтеш Тотықұспен әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен . Сұрақ -жауап арқылы ертегінің мазмұнын сұрайды. Сергіту жаттығуы: Қанатымды жазамын, Жоғары-төмен қағамын. Биік көкте айналып, Жұлдыздай жылдам ағамын. - Балалар, құстар өзі немен қоректенеді? -Ал қандай құстарды білесіңдер? (Қарлығаш, торғай, бұлбұл т.б). Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Қай сурет артық?» тапсырмасын орындату. Ойын: «Ұшты-ұшты не ұшты» Мақсаты: баланы тез ойлануға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету. Шарты: ұшатын заттарды тез анықтап, екі қолын тез көтеру керек. Мысалы: ұшты ұшты қарға ұшты! Ұшты, ұшты қалам ұшты! Ұшты ұшты кітап ұшты! Ұшты, ұшты сауысқан ұшты! Ұшты, ұшты торғай ұшты! | Педагог соңынан қайталау. Ертегіні мұқият тыңдауға тырысады. Түсінбегендерін сұрайды. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Балалар сергіту жаттығуын орындайды. -құрт құмырсқа, өсімдік жемістерді және дәндерімен қоректенеді. Сондықтан құстарды адамның досы деп атайды. 1-тапсырмада артық қойдың суреті, 2- тапсырмада әтештің суреті артық. Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алады, ұшатын заттарға қолдарын көтереді, ұшпайтын заттарға қолдарын көтермейді. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Ертегіні әңгімелеген уақытта, толық сөйлем құруға ұсыныс беру. | Балалар ұсынысты қабылдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құстар қалай пайда болатындығын білу;
Игереді:құс ұясын жасауды;
Меңгереді: құстар біздің досымыз екендігін біледі.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы:Шығармашылық. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен құрастыру.
Тақырыбы:Құс.
Мақсаты: балаларға қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуге, умаждалған қағазды белгіленген жерге дұрыс орналастыра алуға үйрету, ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:түрлі –түсті қағаздар, желім, бұтақтың суреті бар қағаздар және үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қағазды умаждау, үй құстары,түс құстары.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс- әрекеті | Балалардың іс – әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық | Педагог балалардан: «Қандай құстарды білесіңдер, аттарын атаңдаршы»,- депДидактикалық ойын: «Бұл қандай құс?» педагог суреттерді көрсетеді: балалар ұй құстарын атап айтады. Үлгі суретті де көрсетіп, қандай құс екенін сұрайды.- Осындай құсты жасағыларын келсе, жасап көрейік. | Балалар үй құстарымен түз құстарын атап айтады. Ойында белсенділік көрсетеді . Жасағылары келетінін айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Балаларға бұтақтың суреті салынған қағаздар таратылады, оған құсты қалай жасау керектігін педагог түсіндіреді: -Қоңыр түсті, немесе басқа баланың қалауы бойынша таңдап алған қағаздың үлкен бөлігін алып, оны алақан арасына салып умаждаймыз; -Қағазды қайта жазып екі рет умаждаймыз, бұл – дайын болған құстың дене бөлігі, Оны алдарыңдағы қағазға желімдейміз; -Енді екінші қағазды алып, оны да умаждаймыз, бұл құстың басы. Оның бір шетінен саусақпен созып тұмсығын шығарып аламызда, дене бөлігіне біріктіріп желімдейміз. -Артқа жақ бөлігінен созып құйрығын шығарамыз; -Көзі, тұмсығын және қанаттарын фломастермен немесе қарындашпен сызып бейнелейміз, сонда бұтаққа қонып отырған құс пайда болады. Педагог балалардың шығармашылықпен және өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасайды. | Құстың дене бөлігін бөлек жасап, басын бір бөлек қағазды умаждау арқылы жасап алып, оларды белгіленген орындарға желімдейді. |
Рефлексиялық түзетушілік | Ең жақын жасалған құстар таңдалып, көрме тақтасына қойылады, сапасына қарай, қағазды умаждауда сәтті шыққан жұмыстар мадақталады. | Қандай құс әдемі болғанын балалар өздері таңдайды. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: құсты жасаудың ерекшелігін;
Игереді: үй құстары мен дала құстарын ажыратуды;
Меңгереді: қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуді.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:қажетсіз заттармен құрастыру.
Тақырыбы: Сылдырмақ.
Мақсаты: дыбыс, музыка, дауыс туралы мағлұмат беру, музыкалық аспатар жайлы білімдерін бекіту. Музыкалық аспапты жасауда музыканың «сипатына» жуан-жіңішке дыбыстарды дұрыс ажырата алуға үйрету, қалдық материалдарымен ұқыпты жұмыс жасай алуға баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар: бос бөтелкелер, түймелер, дәндер,түрлі- түсті қағаздар, желім, қылқалам т.б
Сөздік жұмыс: «сылдырмақ», дыбыс, музыка аспаптары.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Балаларға сусын, шырындардың бөтелкесінен жасалған екі «музыкалық аспаптарды» көрсетіп, үлгіге талдау жасайды. Оны «Сылдырмақ» деп айтып, оның дыбысына назар аудартады. - Не себептен екі түрлі дыбыс шығады деп ойлайсыңдар? | Балалар аспаптарды қарап көреді, дыбыстарын ажыратады. |
Ұйымдастырушылық ізденістік | «Осындай аспаптардыжасау үшін бізге әрқайсымызға бөтелкелер қажет болады» ,- деп, әр балаға таратып береді - Аспап жасау үшін бізге екі түрлі заттар : біреуі ұсақ түймелер, екіншісі әртүрлі дәндер керек. - өздеріңнің қалауларың бойынша түймені немесе дәндерді алып , бөтелкенің ішіне салып , оның қақпағын жауып қойыңдар. - ал енді түрлі түсті қағаздардан әртүрлі пішіндер қиып алып , аспапты безендіреміз. - Дайын болған аспаппен музыка ойнап, дыбыс шығарып көреміз. Барлық бала аспаптарының дайын болуын және қандай дыбыс шығаратынын өздеріне таңдату қажет. | Балалар өздеріне берілген бөтелкелерге түймелерді немесе дәндерді салып, бөтелкенін қақпағын жауып, оның дыбысын шығарып ойнап көреді. Әркім өзінше безендіреді. |
Рефлексиялық түзетушілік | Педагог барлық аспатарды балалардың қолдарына беріп, өздері кезекпен немесе шағын топтармен бірлесіп ойнап, қарапайым «оркестр» құрастырады. | Кімнің аспабы жақсы дыбыс шығаратынына қарап, безендірулеріне мән беріп жақсы жұмыстар таңдалады. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: бос бөтелкелерден музыка аспабын жасауға болатынын;
Игереді: заттардың көлеміне, сапасына қарай әртүллі дыбыс шығаратынын ажыратуды;
Меңгереді: бос бөтелкелерден музыка аспабын жасауды.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдардан құрастыру
Тақырыбы: Пингвиндер.
Мақсаты: табиғи материалдарды пайдаланып, пингвиндерді жасауға үйрету, олардын мазмұн бере орналастыру, ой-қиялын дамыту, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі көлемдегі шырша бүрлері, ақ және қара түсті ермексаз,көк, қызыл түсті қағаздар, пенопласт.
Алдын – ала жұмыс: педагог балаларға пингвиндер туралм көрсетеді немесе ертегі, әңгімелер оқып береді.
Сөздік жұмыс: пингвин, суық жақтарда тіршілік ету, пенопласт.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Балалар пингвиндер туралы айтылған әңгімені немесе мультфильмді еске түсіреді. Пингвиндердің суық жақтарда тіршілік ететінін және олардың дене бөліктеріне назар аударып, оны табиғи материалдардан қалай жасау керектігін үлестірмелі материалдардан көрсете отырып түсіндіреді: | Балалар өздері көргендері, естігендері жайында айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | - Пингвиннің денесі шырша бүрлерінен жасалады : -Басын қара және ақ түсті ермексазды алақан арасына салып домалақтау арқылы жасаймыз. -Қанаттарын ұсақ жапырақтардан ермексазбен бекіту арқылы жасаймыз. -Аяқтарын емен жаңғақтарының»қалпақшаларынан» жасаймыз. -Қызыл түсті қағаздан тұмсығын қиып алып орналастырамыз. - Көк түсті қағаздың үстіне пенопластан немесе ақ қағаздан , дайын болған пингвиндерді оған әдемілеп мазмұн бере орналастырамыз. Балалардың табиғи материалдармен жұмыс жасау барысына басшылық жасалып, көмек көрсетіледі. | Балалар табиғи материалдарды пингвиннің дене мүшелеріне сәйкес таңдап алады, оны педагогтың көрсеткен үлгісіне сәйкес бір-біріне біріктіреді. Дайын болған пингвиндерін қағаздың немесе пенопластың үстіне орналастырып, ол туралы өздері білетіндерін әңгімелеп береді. |
Рефлексиялық түзетушілік | Дайын болған жұмыстарды ретімен орналастырып, жақсы жасалған пигвиндерді таңдап алып мадақтаулар жасайды, олардың дене бөліктерінің және жасалу жоларының сапасына педагог көңіл аударады. | Балалар өздерінің пингвиндерін салыстырып көреді, қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін айтады. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: пингвиндер туралы жаңа мәліметтерді:
Игереді: пингвиндер табиғи материалдардан жасауда оның дене бөліктерін дұрыс орналастыруды;
Меңгереді: табиғи материалдармен жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдерін.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру
Тақырыбы: Ұшақ.
Мақсаты: көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту; өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру. Ұшақты құрастыруда материалдарды оның бөліктеріне сәйкес таңдап, жасалу ретіне қарай дұрыс құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі пішіндегі құрастыруға арналған құрылыс материалдары.
Сөздік жұмыс: пластина, ұшбұрыш тақтайша.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | «Ұшады,жүреді» дидактикалық ойыны. Бір бала теріс қарап тұрады, ал қалған балаларға педагог көліктің бір түрін көрсетеді,балалар сол көлікті қимыл- қозғалыспен көрсетеді. Теріс қарап тұрған бала олардың жасырған қимылына қарап көліктің қай түрі екенін айтады. - ол ұша ма, жүре ме, жүзе ме. | -Машина жүреді. -Кеме жүзеді. -Ұшақ ұшады. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | -Үлгіні қарайық. Негізгі бөліктерін атаңдар. Мұқият қарап, ұшақтын әр бөлігіне қандай материалдарды қолданатынымызды айтайық. Орындалу барысын көрсету: - алдымен екі дөңгелек қойылады: - дөңгелектің үстіне пластина(жұқатақтайша) орналастырылады; -тігінен қойған тақтайшаның үстіне ұшақтың қанаты ретінде көлденең тағы тақтайша қойылады. -ұшақтың артқы бөлігі жіңішке қысқа тақтайдан және ұшбұрыш тақтайдан құрастырылады. Жіңішке тақтайдың үстіне ұшбұрыш тақтайшаны қоямыз. Өз бетінше жұмысты орындау барысында педагог құрастыру жұмысының дұрыс орындалуына бақылау жасайды, керек жерінде көмек береді. | Балалар ұшақ бөліктерін құрастырады. Балалар педагогтың айтуы бойынша құрылыс материалдарынтиімді пайдаланып,үлгі суреттерді қарай отырып құрастырады. |
Рефлексиялық түзетушілік | Балалар жұмысын қорытындылауда ұшақтардың құрылымы,кірпіштердің дұрыс қойылуы қарастырылады. | Ең жақсы жасалған ұшақтар мадақталады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұшақ туралы түсініктерді;
Игереді: ұшақ түрлерін бір бірінен ажыратуды;
Меңгереді: ұшақ бөліктерін өз беттерінше құрастыруды.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.
Тақырыбы: Қар және аққала.
Мақсаты: қағазды умаждау арқылы қар кесегін және аққаланы жасай білуге үйрету, қоршаған ортамен таныстыру, кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаздар, желім, қылқалам, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Балалар үлгі сурет бойынша әңгімелеу ұсынылады. Қардан не жасауға болатынын сұрайды. Үлгі бойынша талдау жасап, қар кесектері мен аққаланы қалай жасауға болатынын түсіндіреді. | Балалар қардан өздері жасаған бейнелерді атайды, аққала жасауға дайындалады. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | Педагог қала көрінісі салынған суреті бар қағаздарды таратады да, балаларға не істеу керектігін түсіндіреді: - Қағаздың астыңғы жақ бөлігіне қар кесектерін орналастырамыз: - Аққаланы жасау үшін ақ қағазды үш бөлікке: үлкен, кіші, одан кіші бөліктерге бөліп аламыз; -Оларды ретімен алып алақан арасына салып умаждаймыз; -Дайын болған бөліктерді(үш бөлікті) қала корінісінің төменгі жақ бөлігіне орналастырып желімдейміз; -Бас киімін, көздерін, қолын т.б бөлшектерін қарындашпен немесе фломастермен толықтырып әшекейлейміз; -Ұсақ қиындылардан ұсақ қар кесектерін жасап, оны да қар жауып тұрған тәрізді етіп орналастыруға болады. Педагог балалардың іс-әрекетінде шығармашылықпен өздігінен жұмыс жасауларына бағыт береді. | Балалар қар кесектерін және аққаланың дене бөліктерін қағазды умаждау тәсілі арқылы жасап, оны біріктіріп, белгілері бір мазмұн бере бейнелеуге талаптанады. |
Рефлексиялық түзетушілік | Педагог қар кесеганың қағаздан қалай жасалғанына және оны балалардың қалай орналастырғанына қарай отырып, іс- әрекетті қорытындылайды. | Балалар жасаған аққалаларын және қар кесектерін бір –біріне көрсетіп, еңбектерін өздері бағалайды. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: қағазды умаждау арқылы қар кесектерімен аққала жасауды;
Игереді: аққала мен қар кесектерін кеңістікте дұрыс орналастыруды;
Меңгереді: қағазбен ұқыпты жұмыс жасай білуді.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Таным, қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қалдық материалдармен жұмыс.
Тақырыбы: Аққала.
Мақсаты: жіппен жұмыс жасай білуге үйрету, қиылған жіптерден аққаланын бейнесін жасауда саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту,ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ және қызыл түсті жіптер, желім, қылқалам, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: жіппен жұмыс жасау, жіптің ұсақ қиындылары.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Балаларға қағазбен умаждап аққала жасағандарын еске түсіреді,қардан өздері аққалажасағандарын әңгімелеп береді. Үлгіні көрсетіп, бүгін біз қиылған жіптерден аққала жасаймыз деп оны жасаудың жолдарын түсіндіреді. | Балалар жіптермен жұмыс жасау жолдарымен танысады. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | (Аула, шарбақтардың суреті салынған қағаздар балаларға таратылады). - Аққаланың бірінші үлкен бөлігін жасау үшін ең ұзын жіпті таңдап аламыз,оны дөңгелектеп орналастырып желімдейміз; -Екінші бөлігіне жіпті таңдап алып,оны бірінші дөңгелектің үстіне орналастырамыз; - басына арналған жіпті алып , оны орналастырып, оның үстіне бас киімін қызылнемесе басқа түсті жіппен желімдейміз; -Қолдарына арналған жіптерді желімдейміз; -Орындалу реті аяқталған соң, оның мұрны,көзі, қолындағы сыпырғышы т.б толықтырылады; -Ұсақ қиылған жіптерді көбірек алып, ақ жіптердің «ұнтақтарынан» аққаланың ішіндегі дөңгелектерді толтыруымызға болады. Педагог балаларға көмектесіп, жіптерді қалай пайдалану керектігін, қалай қиюға болатынын айтып, үнемі бағыт беріп отырады. | Қағаз бетіндегі мазмұнға қарай отырып, оны қалай орналастыру қажеттілігін ойланады. Жіптерді ретімен таңдап алады, оны желімдейді, бір біріне үйлесімділігіне қарайды, ұсақ қиындылармен ортасын толтырады. Басқа дене бөліктерін өз ойларынан жасайды. |
Рефлексиялық түзетушілік | Педагог балалардың жіптерді қалай пайдаланатынын , қалай желімдегеніне назар аударады, суреттің мазмұнын дұрыс құрастырғанына және жұмыстың сапасына қарай отырып қорытындылайды. | Балалар бірінің жұмыстарына бірі баға береді, ұнағанын айтады. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: қиылған жіптерден аққаланың бейнесін жасауды;
Игереді: жіппен жұмыс жасауды және оны қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;
Меңгереді: қажетсіз заттар: жіп қиындыларымен жұмыс жасауды.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.
Тақырыбы: Инеліктер.
Мақсаты: инеліктің дене бөліктерін табиғи материалдардан дұрыс құрастыра білуге үйрету. Жан-жануарларәлеміне деген қызығушылыққа баулу, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: ағаш жапырақтары, ермексаз, үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: ойнамақ боп, тікұшақ, үйеңкі ағашының жапырағы.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Ойнамақ боп еркелеп, Әдейілеп, ерте кеп. Гүлге қонды қалықтап, Кіп-кішкентай тік ұшақ. -Олне екен? -Дұрыс айтасыңдар, ал инеліктің не екенін кім айтады? - Көктемде қаншама жәндіктер пайда болады(ойыншықтар немесе иллюстрациялар көрсетіледі). Бірақ жәндіктердің барлығы бірдей ояна қоймайды. Кейбірі әлі ұйқыда жатыр. Бүгін біз инелікті құрастырамыз. | Инелік – жәндіктерге жатады. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | Инелік сүретін қарау. Балалардың өзіндік жұмысы. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел үстінде орындайды. Балалардың алдына табиғи заттар қойылады. - Жәндіктер туралы не айтуға болады? Олар қандай? - Олар несімен ұқсас? -Олардың айырмашылықтарын атаңдар? -Инелік туралы не айтуға болады? -Инеліктің денесін жасау үшін қандай затты қолданамыз? Дұрыс, ал осы таяқшаға үйеңкі ағашының жапырақшасын ермексаз арқылы денесіне біріктіреміз; -Басы қандай болады, мұрты бола ма? | Балалар сұрақтарға жауап береді. Көлемі, өңі, қозғалысы жағынан әртүллі, кейбірі ұша алады. Денесі, басы, аяғы, мұрты , көздері бар. - ұша алатын жәндік, ол тікұшаққа ұқсайды; - Инеліктің денесі жіңішке, оған жіңішке таяқшаны аламыз; Инеліктің денесіне ермексазбен қанаттарын біріктіреді. - Инеліктің басы үлкен болады, сонымен қатар көздеріде үлкен болады,басын жасау үшін қоңыр ермексазды, ал көзін жасауға қара ермексазды қолданамыз. Инеліктің мұрты болмайды. |
Рефлексиялық түзетушілік | Көрме ұйымдастырылып жақсы жасалынған жұмыс мадақталынады | Балалар өздерінің инеліктері туралы айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жәндіктер туралы білімдері бекітіледі, инеліктің дене бөліктерін жасауды;
Игереді: инеліктің әр дене бөлігіне қай затты қолданатынын және заттың атауын айта отырып, өзара айырмашылығын байқайды, құрастырудың әдіс тәсілдерін;
Меңгереді: құрастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай білу іскерліктерін.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: а) Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
ә) Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін(үйрек- үйректер- уйректің балапаны; түйе- түйелер- бота- боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.
б) Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, ойынға көз байлағанға орамал, үй жануарларының суреттері.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер» Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады. | Балалар шеңберге тұрады. - мені анам ботақан дейді, - Мені анам қошақан дейді, - Мені анам құлыным дейді, - Мені анам балапаным дейді. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | Мақал- мәтелдің мағынасын түсіндіру. Қарға баласын «аппағым» дейді, Кірпі баласын «жұмсағым» дейді. -Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім» , «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады. Үй жануарлары жайлы түсіндіру. -Үй жануарлары – қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек , қаз, күркетауық. Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап!» Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Жекеше және көпше түрде айтуды үйрету. Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, 1 қой, 1 жылқының суреттері ілінеді. Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе,сиыр, қой,жылқының суреттері ілінеді Сергіту жаттығуы. Ал, балалар , келіңдер, Бой жазайық бәріміз- Мойнымызды бұрамыз, Қолымызды созамыз, Аяқтармен топ топ басып, Орнымызға барамыз. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық! 1. Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па? 2. Қай тай лақтай, Қай лақ бармақтай. Ойын: «Даусынан таны» Ойын шарты: балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір баланың көзін байлайды. Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың дауысы және оны салған кім екенін табады. | Мақал – мәтелдерді педагог соңынан қайталау. - Қарғаның түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен. - Ал кірпінің үсті тікенек болады. Бірақ кірпі баласын «жұмсағым» дейді екен. - Мұның бәрі теңдеу сөз. -Үй жануарларын адамдар күтіп- баптайды - Олардың қорегі: шөп, жем. Ойын шартын мұқият тыңдап алып, жануарлардың жанына өз төлдерін сәйкестендіріп сызады. -1түйе,1 сиыр т.б -Түйелер, сиырлар, қойлар, т.б Сергіту сәті өлен шумағының ырғағымен қимыл –қозғалыс арқылы орындау. Жаңылтпашты жылдам айтуға тырысады. Балалар ойын шартын мұқият тыңдап алып әр түллі жануарлар дыбысын салады. |
Рефлексиялық түзетушілік | Жаңылтпашты мұқият тыңдап, жаңылмай айтуға ұсыныс береді. | Балалар жаңылтпашты анық және тез жаңылмай айтуға тырысады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көбірек жаңылтпаш білу,
Игереді: жануарлардың дауысын салуды;
Меңгереді: жануарлардың төлдерін ажырата біледі.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені.
Мақсаты: а) Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Зат есімнің көпше түріне ілік септігінің жалғауларын жалғай (ойыншықтардың, шұлықтардың, қолғаптардың, боталардың, қонжықтардың) білуге үйрету.
ә) Балалардың сөздік қорларын байыту.
б) Балаларды бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ,шыныдан жасалған ыдыс- аяқ, тіл дамыту дәптері.
Сөздік жұмыс: ойыншықтар дүкені.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Балаларға үш түрлі материалдардан жасалған ойыншықтарды көрсетеді. Олар: ағаштан жасалған машина, пластмассадан жасалған қуыршақ, шыныдан жасалған ыдыс-аяқ. | Балалар ойыншықтардың аттарын атайды, олардың неден жасалғанын айтады. Шыныдан жасалған ойыншықтармен абайлап ойнатады. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, жаттату. Ойын баланың ойын ұшпайды. -Кез – келген бала ойыншықпен ойнау барысында ойланады, яғни ойы ұшталады,дамиды. Мысылы: бала ойыншығының түріне, түсіне , оның неден жасалғанына назарын аударады, оны ұстайды, көреді. Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату. Әдістің қолданылуы: бірінші жоғары дауыспен, екінші ортаңғы дауыспен, үшінші төмен дауыспен қайталанылады. Мазмұнды рөлді ойын: «Ойыншықтар дүкені» Мақсаты: балаларды мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету. Ойын шарты: балалар ішінен бірі сатушы , ал қалғандары сатып алушылар болады. Әңгіме құрау: « Менің ойыншығым» Жұмыс дәптеріндегі бейнеленген ойыншықтарды ататқызады, олардың неден жасалғанын сұрайды. Сонан соң балаларға өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға тапсырма береді. Сергіту жаттығуы. Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды котеріп, Саусақты ашып – жұмамыз. Онан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. | - Иә, ойыншықты қолыма алып, онымен қалай ойнауға болады деп ойланамын. Үш түрлі дауыспен мақал мәтелді қайталау арқылы жаттайды. «Дүкенге» кіріп, сатушы мен сатып алушы бір – бірімен міндетті түрде амандасады. Содан кейін сатып алушы өз ұсынысын айтады, ал сатушы ойыншықтың бағасын айтады. «Дүкенші» ойыншықтың сапасын, оның неден жасалғанын сатып алушыға түсіндіріп өтді. - Бірде менің әкем менің туылған күніме қуыршақ әкеліп берді. Мен сол күні қатты қуандым. Себебі: қуыршақ сондай сүйкімді, әдемі екен. Әкем сонда маған: «Ұқыпты ойна, әйтпесе қуыршақ саған ренжіп жылап қалады», - деді. Мен әкеме: «қуыршақты еш уақытта ренжітпеймін»,- деп уәде бердім. Бірде мен қуыршағымды аулаға алып шықтым. Достарыма әкемнің сыйлығым көрсеттім. Балалар сергіту жаттығуын қимыл қозғалыстар арқылы орындайды. |
Рефлексиялық түзетушілік | -Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек? - Иә,дұрыс айтасыңдар, ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек. Себебі: топтың ойыншығы бәрімізге ортақ екен. | - Ойыншықтарды сындыруға, жыртуға болмайды. Ұқыпты ұстау керек. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтардың жасалу жолдарын білу;
Игереді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды;
Меңгереді: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтарды біледі.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Шана
Мақсаты: үлгі бойынша заттық сурет салуда, шананың суретін салуда балалардың сызықтарды үйлестіре отырып бейнелеу дағдыларын қалыптастыру; түзу сызықтар сыза білуге, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу..
Қолданылатын көрнекі құралдар: шанашың суреті.
Қажетті құрал – жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ, теледидар.
Сөздік жұмыс: шана, аяз.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | - Балалар, бүгінгі күн бәрімізге сәтті күн болсын. Біз доспыз. Досымыздың тамыр соғысын тыңдап көрейікші. | Балалар бір-бірінің тамырын ұстап көреді. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | Топқа қонаққа қыстық киім киген қуыршақ келеді. Амандасады, жақсы көретін ойынын айтады, балалардан қандай ойынды ұнататындарын сұрайды. Педагог қуыршақтарды дос болуға шақырып, оқу іс-әрекетінен кейін далаға шығып ойнайтындарын айтады. Жұмбақ жасыру: Шанамен сырғанап келемін, Шаңғы, коньки тебемін, Аққала жасап ойнайтын. Қай мезгіл деп ойлайсың? Балаларға қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын айтқызады. Қыс мезгіліндегі ойын түрлерін еске түсіреді, қыс мезгілін ақ ұлпа қарсыз, аязсыз, аққаласыз, суықсыз елестету мүмкін еместігін айтады. - Балалар, мына жұмбақтарды шешіп көрейікші: Зулап түсіп төменге, Шыға алмас менсіз төбеге. Қыста адамдар биік төбелерден шанамен сырғанап, мұз айдынында коньки тебетінін айтады. Бой сергіту: Аппақ,аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан. Қалың орман, қар жамылған, Маужырайды түнгі аспан. - Енді біз әдемі шананың суретін салып көрейік. Жасалу жолдары: - алдымен қылқаламмен шананың екі жолағын сызып аламыз, бұл шананың сырғанайтын табаны болады; - жіңішке қылқаламмен отыратын бөлігіндегі таяқшаларын сызып саламыз. Педагог балалардың ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды. | Қуыршақпен амандасады. Педагогтың сұрақтарына толық жауап береді. - Қыс мезгілі. Қыс мезатта болатын өзгерістерді айтады. -Шана. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Педагогтың нұсқауы бойынша шананың суретін салуға кіріседі. |
Рефлексиялық түзетушілік | Педагог оқу іс- әрекетін сұрақ- жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. | Қуыршақ балалардың жұмысын мақтап, бәрі бірге ойнауды ұсынады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламды қағаз бетінен алмай түзу сызықтар сызуды.
Игереді: заттық сурет жасау үлгісін жасауды.
Меңгереді: қылқаламды тік бағытта ұстауды, ұқыптылықты.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әдемі табақ»
Мақсаты: ыдыс түрлерімен таныстыруды жалғастыру; тәрелкені мүсіндей алуға және безендіре білуге үйрету; ұжымдық қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар, әдемі әшекейленген ыдыстар суреті, үлестірмелі материалдар.
Қажетті құрал – жабдықтар: ермексаз , тақтайша, сулық.
Сөздік жұмыс: табақ
Билингвальді компонент: әдемі табақ – красивое блюдо.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн! Армысың, асыл жер! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым! | Балалар шеңбер жасайды. Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталайды. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | - Балалар үйге қонақтар келерде не істеу керек? «Ыдыс түрлерін ата « ойыны. Әртүрлі ыдыс суреттері көрсетіледі. -Бізде балабақшаға қонақ шақырайық . -Біз қазір палау пісіреміз. -Палау пісіру үшін ет, күріш, пияз, сәбіз, май керек. -Палауды қандай ыдысқа саламыз? -Онда палау салу үшін әдемі безендірілген табақ жасайық. Сөздік жұмыс: табақ Үлестірмелі материалдағы табаққа назар аударады. - Оның пішіні қандай? Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады. Ермексазды екі алақанның арасында айналдыра отырып домалақтаймыз. Оны екі алақанның арасына салып жалпақтаймыз. Табақ ернеуін шығарамыз. Ермексаздан жіңішке ширатпалар жасап аламыз. Олармен табақтың жиегін безендіреміз. -Бетіне өз қалауларың бойынша түрлі түсті өрнек салуға болады. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Билингвальды компонент: Әдемі табақ – красивое блюдо | -Үйді жинау керек. -Ыдыс аяқ таза болуы керек. -Тәтті тағамдар пісіріледі. Ойынға кіріседі, суреттегі ыдыс түрлерін атайды. Тағам атауларын қайталайды: ет, күріш, сәбіз, май. Балалардың жауабы. Қайталайды : табақ Үлестірмелі материал қарастырады, сұрақтарға жауап береді. - Дөңгелек. Қарайды мұқият тыңдайды. Балалар көрсетілген үлгі бойынша табақ жасайды. Балалар табақты өз қалауынша безендіреді. Қайталайды: Әдемі табақ – красивое блюдо |
Рефлексиялық түзетушілік | Педагог балаларды мадақтайды. Ата –аналар үшін көрініс ұйымдастырылады. | Қуаныштарын білдіреді. Бір-бірлеріне жұмыстарын көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: мүсіндеу тәсілдерін пайдалана отырып табақ жасайды және оны безендіреді.
Түсінеді: ыдыс түрлерін, олардың не үшін қолданылатынын.
Қолданады: оқу іс әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Тобы: _______________
Күні: ________________
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Түрлі түсті пирамида»
Мақсаты: пирамида туралы түсінік беру; түстерді дұрыс ажыратуға үйрету; шығармашылық дөңгелектер жасауды үйрету; ұқыпты және таза жұмыс істеуге дағдыландыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әртүллі пирамидалар,үлестірмелі материалдар.
Қажетті құрал – жабдықтар: ермексаз , тақтайша, сулық.
Алдын ала орындалатын жұмыс: пирамида туралы әңгіме жүргізу, суреттер қарау.
Сөздік жұмыс: пирамида
Билингвальді компонент: түрлі түсті пирамида – разноцветная пирамида, ойыншықтар- игрушки.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Педагогтың іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Өлең айтып , ән салып, Асыр салып, қуанып, Бақшада біз жүреміз, Досымызбен шаттанып! (г. Бектұрова) - Балалар, мен сендерге бір затты алып келдім. Жұмбақтың жауабын табыңдаршы. Түрлі түсті ойыншық, Көздің жауын алады. Ол не? | Балалар шеңбер жасап тұрады, өлеңді қайталайды. Ойланады, жауабын айтады. Жауабы: пирамида. |
Ұйымдастырушылық ізденістер | Педагог балаларға әртүллі пирамидалар көрсетеді. Сөздік жұмыс : пирамида. Пирамиданың төменде үлкеннен басталып, жоғарылаған сайын кішірейе беретініне назар аударады. Сүрет бойынша жұмыс: - Балалар, маған пирамидалардың төменнен жоғары, содан кейін жоғарыдан төмен қарай орналасқан түстерін айтып беріңдерші. - Аю пирамидасында неше түс? -Қоян пирамидасында неше түс? -Қайсысында түс көп? «Пирамида құрастырайық» ойыны. Екі пирамиданың ортасындағы білігін бір екі метр қашықтыққа қояды. -Балалар, енді осындай пирамидаларды өзіміз жасап көрейік. Педагог көрсете отырып, жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді. -Ермексаздың әр түсті, көлемі әртүллі(үлкеннен бастап біртіндеп кішірейе береді) бөлігін аламыз. Олардың көлемін анықтау үшін ең үлкен ермексаздан кішкенесіне дейін ретімен қойып шығамыз. Ермексаздың ең үлкен бөлігін алақан арасына салып домалақтаймыз. Енді осы домалақты алақанымызбен басып жалпақтаймыз. Ортаңғы сақиналарды кигізетін білікті есу арқылы жасаймыз. Білікті жалмақ дөңгелекке орналастырамыз. Әрі қарай үлкенінен кішісіне қарай әртүллі түстен бірнеше сақина жасап, оны кигіземіз. Ең басына қонжықтың немесе қоянның( балалар өз қалауынша жасауына да болады) басы орналастырамыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Билингвальді компонент: түрлі түсті пирамида- разноцветная пирамида, ойыншықтар – игрушки. | Қарайды. Қайталайды: пирамида. Балалар пирамида дөңгелектерінің түсін атайды, санайды. - Аю пирамидасы 5 түсті. -Қоян пирамидасы 4 түсті. -Аю пирамидасында түс көп. Балалар екі топқа бөлініп ойын ойнайды. Пирамида сақиналарын білікке лақтырып кигізеді. Пирамида жасауға ынта білдіреді. Жұмыстың орындалу барысын тыңдайды. Балалар жұмысты бастайды, ермексаздан жасалған сақиналарын үлкенінен кішкентайына дейін қойып шығады. Соңынан қонжықтың, қоянның т.б басын жасап, ең ұшына орналастырады. Қайталайды: түрлі түсті пирамида- разноцветная пирамида, ойыншықтар – игрушки. |
Рефлексиялық түзетушілік | Педагог балалар жұмыстарынан « Құлақтары бар пирамидалар» атты көрме ұйымдастырады. | Балалар өздері жасаған пирамидаларды қарайды, өз ойларымен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әртүллі көлемдегі сақиналарды мүсіндейді.
Түсінеді: ұқыпты, тиянақты жұмыс істеу керегін; пирамида туралы түсінік алады.
Қолданады: түстерді ажырата біледі; оқу іс – әрекеті барысында алынған дағдыларды.