СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

рррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.»


Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 19.03.2018ж.

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстан

Өтпелі тақырып: «Салт- дәстүр»

Тақырыбы: «Көктемгі ағаштар»

Мақсаттары:

1. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

2. Бақылаудың қорытындысын, нәтижесін айта білу іскерліктерін дамыту.

3. Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, үлстірмелі материалдар,

Көптілдік: көрікті көктем- весна, ояту- пробуждение.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барасы:


Ұйымдастырушылық кезеңі

Суреттер бойынша жұмыс жасау.

Негізгі бөлім:

Көктем мезгілі , онадағы өзгерістер, басқа мезгілдерден айырмашылығы туралы сұрап әңгімелесу: көктем – жылдың ең тамаша мезгілі.

Жер жыртады,егін,бау – бақша салады.Гүлзарларды гүл егуге дайындайды. Ағаштардың түптерін қопсыту,құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі.Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы:ұзақ,шұбар, шымшық,таңшымшық, қараторғай сияқты құстар.Ал жәндіктермен қоректенетін құстар – қарлығаш,ұзынқанат қарлығаш,көкек,бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы,мамыр айларында ұшып келеді.

Балаларды екі топқа бөлу: бірінші топ балаларға дайын қиылған бейнелердің ішінен көктем мезгіліне байланысты суреттерді алып, жапсыруды тапсырады.

Екінші топқа балаларға жанды және жансыз табиғатқа қатысты жеке суреттер беру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды көтеріп,

Алақанды созайық.



Д/ о ««Бұл қай кезде болады?»

Қорытынды:

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата.

-Көктем айларын ата.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 26.03.2018ж.

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстан

Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»

Тақырыбы: «Көрікті көктем»

Мақсаттары:

1. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және оның нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиееу.

2. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, үлстірмелі материалдар,бейнетаспа

Көптілдік: көрікті көктем- весна, ояту- пробуждение.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барасы:


Ұйымдастырушылық кезеңі


Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.- орындарымызға отырайық.


Негізгі бөлім:


-Балалар күн жылынып, жер қарайды. Жақында ғана біз Наурыз мейрамын тойладық.

-Табиғатта қандай өзгерістер байқалды?

-Жарайсыңда, ал адамдар қандай іспен айналысып жүр?

-Біз қазір балалар «көрікті көктем» көктем, оның өзгерістері туралы бейнефильм көреміз.

Сұрақтар қою.


«Сыңарын тап» ойыны.

Сергіту сәті:

Қане балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Балықтарға ұқсап біз,

Жүзіп-жүзіп аламыз.


Дидактикалық оын: «Бұл қандай аң?»



Қорытынды:

  • Көктемнің сәні неде?

  • Қандай өзгерістер байқадыңдар?






Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 28.03.2018ж.

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Таным

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»

Тақырыбы: «Математикалық жұмбақтар. 1,2,3,4,5 цифрлары мен сандары. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Баланың зейінін дамыту».

Мақсаттары:

1. Жұмысты ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

2. ойлау қабілеттерін дамыту.

3. заттарды еніне қарайсалыстыруды үйрету, логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: цифрлар, карточкалар,

Көптілдік:


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барасы:


Ұйымдастырушылық кезеңі:

«Тыңда, сана, көрсет» ойын-жаттығуы.

-Балалар, үстелдерінде цифрлар жатыр. Мен қол шапалақтаймын, ал сендер мұқият тыңдап, соған сәйкес цифрды көрсетіңдер.


Негізгі бөлім:

1- тапсырма: «Математикалық жұмбақтар» ойыны:

-Үш мысықтың құйрығы нешеу?

- Қоянның неше құйрығы бар?

-Екі балада неше құлақ бар?

-Екі есектің мұрны нешеу?

- Бес сирыдың басы нешеу?

2- тапсырма: -Әр карточканы тиісті цифрмен қосу қажет:

-Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

-Суретте неше дөңгелек бар? Оны қандай цифрмен қостыңдар?

-Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?


Музыкалық сергіту сәті.

3- тапсырма:

-Неше айырмашылық таптыңдар және неше дөңгелек салдыңдар?


Қорытынды:

Тапсырмаларды орындауға белсенді үлес ұосұаны үшін балаларды мадақтау.










Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 30.03.2018ж.

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»

Тақырыбы: «Алма бағы» «ағаштар мен бұталар) мазмұнды сурет.

Мақсаттары:

1. Түстер мен ырғақты сезіне білуге тәрбиелеу.

2. Көріністі қабылдауын дамыту.

3. Алма ағашының құрылысына, ерекшелігіне сәйкес оның бөліктерін, бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: қылқалам, гуашь, алма суреттері

Көптілдік: алма бағы- яблочный сад.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барасы:


Ұйымдастырушылық кезеңі:

Алманы бір-бңрңне бере отырып тілек айтады.


Негізгі бөлім:

Көктем туралы әңгімелесу.

Дидактикалық ойын «Кім көп жеміс жинайды?»


Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4 – алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.


-Бүгін біз сендермен баұшадағы алма ағаштарын саламыз.

Орындау жолын түсіндіру: суретке алдымен ағаштың діңін қоңыр бояумен салып аламыз, қылқаламды қаттырақ басып діңін толық бояймыз, содан кейін бұтақтарын саламыз және жапырақтарын жасыл , сары түспен қылқаламның ұшмен сүйкей жаға отырып бояймыз, соңында қызыл, сары түсті алмаларды қылқалам ұшымен домалақтап салып бояумыз.Қосымша жанына гүлдер, шөптер салуымызға болады.

Сөздік жұмыс жүргізу.


Қорытынды:

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе, балалардың жұмысына таладу жасап, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, суреттерден көрме ұйымдастыру.





Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Өткізу күні: 28.03.2018ж.

Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Драма

Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»

Тақырыбы: «Қызыл Телпек» Ш. Перро.

Мақсаттары:

1. Қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

2. Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалауға, ертегі желісін ретімен орындай білуге үйрету. 

Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Көптілдік: қызыл телпек-красная шапочка


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барасы:


Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалр біз бүгін ертегілер еліне аттанамыз. Дайынсыңдар ма?


Негізгі бөлім:

-Енді балалар тағы бір ертегімен танысайық. Бүгінгі оқылатын ертегіміз «Қызыл телпек»ертегісі оқып,мазмұнын ашып әңгімелейміз.

Ертегімен таныстыру.

Сергіту сәті:

Ойнақтаған ор қоян, 
Түлкіні көріп орманнан.

Ойлы қырлы жерлерден 
Ытқып, ытқып секірді, 
Бұтаға барып тығылды.


Дидактикалық ойын «Кейіпкерлерді топтастыр».


Қорытынды:


-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Анасы қызыл телпекті қайда жұмсады?

-Қызыл телпекке кім кездесті?

-Қай жерде?

-Қызыл телпек не деп жауап береді?

-Әжесінің үйіне бара жатқанын айтты.

-Қасқырдың қарнын жарған кім?