СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Үшбұрыш пішіні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Үшбұрыш пішіні"»

Ортаңғы "Көбелек" тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні / Дата проведения:18.02.2020ж.

Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным

Пән / Предмет: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып /Сквозная тема:"Табиғат әлемі"

Тақырыбы / Тема: "Үшбұрыш пішіні»

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная :пішіндермен таныстырып, қарапайым математикалық ұғыммен таныстыру,достыққа,бірлесіп жұмыс атқаруға,ойнауға,мұқият тындауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая : Барлы

қ өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір-бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

3. Оқыту – обучающая: Заттарды саны бойынша салыстыра және ажырата білуге үйрету.Сөздік қорын толықтыру.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, демонстрациялық материал, түсіндіру. , сұрақ – жауап,

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, санамақтар

Билингвалдық компонент: Шеңбер-круг, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Қонаққа Бауырсақ келгенін,

балаларға геометриялық пішіндер әлеміне саяхатқа шығатындарын айтады.

Жартылай шеңбер жасап отырады.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Бауырсақпен амандасады.

Саяхатқа баратындарына ризашылықтарын білдіреді.

2.Негізгі бөлім.

Әңгімелесу

Бірінші дөңгелек қалашығына баратындарын, онда пойызбен ән айтып жететіндерін түсіндіреді.

Қалашықтың қақпасында құлып тұрады.

Тапсырмаларды орындаса ғана, Бауырсақ құлыпты ашатынын айтады.

Шеңбер қалашығының тапсырмасы:

Тақтада бірнеше заттардың суреттері бейнеленген, солардың ішінен шеңберге ұқсас заттардың суреттерін табу керек.

Тапсырманы толық орындаған соң кілтпен қақпаны ашып, басқа қалашыққа баруға болатынын айтады.

Қостілдік компонент: шеңбер-круг, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник.

Алдарында шаршы қалашығы.


Шаршы қалашығының тапсырмасы:

Қақпаны ашу үшін екінші тапсырма беріледі.

Тақтада үлкен және кіші шаршылар, санап жандарына тиісті сандарын қоюларын, түстерін айтуларын сұрайды.

Тапсырманы орындаған соң кілт беріліп,

қақпаның құлпын ашуға болатынын айтады.

Сергіту сәті:

Алақанды ұрамыз,

Шеңберді біз құрамыз.

Күн не деген керемет,

Биле бізбен дөңгелеп.

Ән айтып саяхатқа шығады.

Берілген тапсырманы орындайды.

Шеңбер туралы тақпақ айтады.

Нүктесі жоқ басталған,

Аяқталған жері жоқ.

Шеңбердің, сірә, теңі жоқ.

Сөздерді орыс, қазақ тілдерінде айтып бірнеше рет қайталайды.

Пойызбен ән айтып шаршы қалашығына келеді.

Үлкен және кіші шаршыларды санап, түстері қандай екендерін айтады.

Шаршы туралы тақпақ айтады.

Шаршы алаңдар тізіліп,

Бір қатарға тұрады.

Мұның бәрі түбінде,

Тік бұрыш боп шығады.

Ары қарай пойызбен ән айтып үшбұрыш қалашығына келеді.

Қимылдарын көрсете отырып, сергиді.

Үшбұрыш қалашығының тапсырмасы:

Үшбұрыштардан үй құрастырып берулерін сұрайды.

Сөздік жұмыс: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, смешарик.

Саяхаттан кейін орталыққа келгенде екінші үкі Смешарик күтіп отырғанын айтады.

Сұрақтар қояды:

  • Смешариктің басы қандай пішінге ұқсайды? Көздері ше?

  • Танау, аузы қандай пішіндер?

Үйдің қабырғасын ақ түстен, шатырын қызыл түстен және терезесін көк түстен құрағандарын айтады.

Үшбұрыш туралы тақпақ айтады.

Атына сай, бағы бар,

Үш бұрыш, үш жағы бар.

Сөздерді қайталап айтады.

Смешариктің басы, көздері шеңбер.

Танауы, аузы үшбұрыш.

Қорытынды

Сұрақтар қояды:

  • Бүгін қайда бардық?

  • Қандай қалашықтарға?

  • Қақпаны ашу үшін қандай тапсырмалар орындадық?

  • Сендерге ұнады ма?